- Мақала
- 23 Қаңтар, 2026
Майқы – адамзаттың тарихи санасын сақтаушы
Төреғали Қазиев, жазушы-зерттеуші
Аңдатпа. Мақалада адамзаттың тарихи санасын сақтау проблемасы талқыланады. Адамгершілік ілімдерінен бас тарту планета мен адамзатты өзін-өзі жоюға әкеп соғуы ықтимал. Ататілге жүгіну осы жағдайдың алдын алады.
Кілт сөздер: Майқы, адам, адамзат, тарих, сана, тіл.
Аннотация. В статье обсуждается проблема сохранения исторического сознания человечества. По мнению автора, отказ от этики приводит планету к пропастисамоуничтожения. Чтобы это понять, необходимо обращаться к праязыку
Ключевые слова: Майкы, человек, человечество, история, разум, язык.
Abstract. The article discusses the problem of preserving thehistorical consciousness of humanity. According to theauthor, the rejection of ethics is leading the planet to the brink ofself-destruction. To understand this, we must turn to the proto-language.
Key words: Mikey, man, humanity, history, mind, language.
Ілкілердің білімінен құр қалма
(Т.Қазиев)
Кіріспе. Тұраннан ататіл жер жүзіне екі рет: 50 мың жыл және 17 мың жыл бұрын жайылыпты. Кеше ғана өмірден өткен жазушы Таласбек Әсемқұлов (1955-2014 жж.) адамзаттың тарихи санасын сақтау жолындағы екі құралына тоқталған еді: жазу мен ауызша мәдениет (1). Бүгінгі талқы (толкование, talk) адамзаттың ататілі – қазақ тіліне апарады. Тілдің сөздік қорына Майқы бастаған абыздар қауымы өз замандарына дейінгі адамзаттың рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық, т.б. мұрасын сыйғызған. Абыздық жүйеміздің соңғы өкілдерінің бірі Мәшһүр-Жүсіп Көпеев ел аузынан жинаған әдебиет үлгілерінің арасында «Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған»: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген әңгімелер бар. «Тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған кісі деседі... Қырық ханның бірі болған қызыл Арыстан (Алаша ханның әкесі. – Т.Қ.) Бұхарада тұрып хандық қылған екен» (2). Тұран қағаны Майқы, деректерге қарағанда, он жеті-он бес мың жыл арасында өмір сүрген адам.
«Джагфар тарихы», бұлғар жылнамасын жоғалудан құтқарған Ф.Г.-Н. Фахрутдинов Дуло (Дулат) абыз династиясынан шыққан Джам (Жем, Майқы, Арғы Мақ) б.д.д. 14953 жылы Идель (Тұран) тағына отырған дейді (3). Ностратика тілдері теориясы авторларының бірі саналатын В.Иллыч-Свитыч (1934-1966 жж.): «Эти языки имеют общее начало – от основного корня – праностратического «языка ангелов» – примерно 14-18 тысяч лет назад» (4). Бұл маман ностратиканың ішіндегі тілдер туралы: «Алтайская общность значительно древнее уральской, дравидийской, индоевропейской, картвельской и семито-хамитской группы языков и наиболее близкая к общеностратической семье» (5). Иә, бұл лингвист «періштелер тілінің» реконструкциясын бастаған, бірақ өмірден ерте кетіпті. Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі С.Старостинің (1953-2005 жж.) пікірінше, адамзаттың ататілі 50 мың жыл бұрын бір жерден шықса, ностратика тілдері бүгіннен 15 мың жыл бұрын шыққан (6). Алтай тілдерінің орны туралы бұл кісі: «Специфика алтайских языков заключается в том, что алтайская семья несколько древнее большинства других языковых семей Евразии (в частности, древнее индоевропейской и финно-угорской)» деп жазады (7). Алтай тобына түркі тілдері кіреді және моңғол, тұнғыс, мәнжүр, корей, жапон-рүкүс тілдері. Профессор Сергей Старостиннің де арманы ататілді реконструкциялау еді, бірақ үлгермеді. Ностратика тілдерінің атақонысын палеолит үзбестігі теориясының авторы, академик Марио Алинеи Орал таулары мен көрші аудандар (8) десе, Ресей палеолингвисі С.Яхонтов: «Наиболее вероятной прародиной ностратических языков является Южный Урал и соседние районы» (9). Лондондық профессор Мэри Бойстың «Зороастризм. Верования и обычаи» кітабын оқысаң, адамзатқа Алтын ғасыр берген Йима патша басқарған малшылар мемлекеті Тұранның орталығы Еділ (Волга) өзенінен шығыстау далаларда болған (10). Үнділердің мұрасында Йама (Майқы) мұздық дәуірінде өмір сүрген депті.
Негізгі бөлім
Майқы заманындағы территориялық өзгерістер
Батыста Донай өзенінен бастап, шығыста Шығыс Сібірді қосып, солтүстіктегі Таймырдан бастап, оңтүстіктегі Тибет тауларына жақындап қалған ұлы территорияны ғалымдар Ішкі Еуразия дейді. Донай өзенінен Қытай теңізіне дейін 8000 километрге созылған даланы Дала Белбеуі (Степной Пояс) деп атайды (11). 2,5 миллион жыл бұрын ерте тас ғасыры (ранний палеолит) басталды (12), Ішкі Еуразияға салқындық келіп, адамзаттың ата-бабалары тірі қалу үшін киінуді, баспана салуды үйренді, аң аулап тастан, ағаштан, сүйектен керек құралдарды істеді. Ойлау жүйесі қалыптасып, өзара қатынас та дамыды дейді ғалымдар.
600 мың жылдай бұрын орта тас ғасыры (средний палеолит) басталған, ру-тайпалар қалыңдықтар алмасатын дәстүр орнатып, Ішкі Еуразияда, ең биік деңгейде Далалы Белбеу жерлерінде, когнитивтік-коммуникациялық (танымдық-қатынастық) серпіліске жол ашылған. Түрколог Едіге Тұрсынов (1942-2016 жж.) данамыз айтқандай, құдалардың екі жақты айтыстарынан ақындық туды, жыраулық, абыздық жүйесі, сөз шеберлігі (13) – адам мыйының бүгінгіге жақындауы басталды. Түркологтың сөздерін Орынбордағы Дала институтының директоры, академик А.А.Чибилев растайды: «В степных областях Евразии люди жили в далёкие доисторические времена – намного раньше, чем в лесной зоне. В Нижнем Поволжье в слоях среднего (770–126 тысяч лет назад) и верхнего плейстоцена нашли останки слона-трогонтерия – предшественника мамонта, останки лошади, близкой к современной, осла, бизона, быка, верблюда, волка, лисицы, сайгака. Свидетельствует о преимущественно степном характере фауны, относящейся к днепро-валдайскому межледниковью. В это время степная фауна господствовала на юге Восточной Европы и в части Западной Сибири, где преобладают ландшафты с богатой травянистой растительностью. Совместное существование в этой зоне доисторического человека и степных животных породило скотоводство» (А.Чибилев. Степная Евразия: региональный обзор природного разнообразия. М.-О. 2016. С. 29).
115 мың жыл бұрын Валдай мұздығы басып, үлкен сынақ келді (14). Мұз басқан жақтан адамдар да, жануарлар да Тұранның ортасына құйылған, сыртқы жолдар жабылып, Тұранның негізгі территориясы барынша мұздықпен қоршалған жағдайға жетіпті – ғылымда «палеолиттік қазанға» айналу дейді. Бір жағынан суық қысып, көптеген адам аяз, жел, бораннан тығылатын жер таба алмай, қаза тапты. Екінші сынақ – миллиондаған жыртқыштарға төтеп бере алмағандардың көбісі солардың қорегіне айналды. Дегенмен, деректерді салыстырғанда, мынадай түйін ойға келеді: Тұранның ұйымшыл қоғамы мұздық әкелген қиындықтарды алғашқы жылдарда жеңіп, қоршауда қалған тұрғындар демографиялық дүмпу жасады, ол мың жылдарға созылды. Осылайша когнитивті-коммуникациялық және ғылыми-технологиялық революциялар өтіп, мұнда адамзаттың ататілі қалыптасады. 50 мың жыл бұрын жылылық келгенде жолдар ашылып, Тұраннан жер жүзіне халық бірінші рет кеңінен таралады, ғалымдар бұл уақытты тас индустриясының палеолиттік революциясы заманы дейді және адамзат ататілінің бірінші рет планетаның кең жарығына шыққан жылдары болды деп есептейді (15).
Поствалдайлық мұздық максимум (ең жоғары деңгейі) бүгіннен 20 мың жыл бұрын басталып, 17 мың жыл бұрын біткен дейді біраз зерттеушілер (16). Осы екінші максимумдық блокадада жатқан Тұранның картасына қарайық. М.Магомедов, С.Каспаров, Н.Тупиктің «Каспийская Атлантида» атты мақаласында: мұзбен, сумен қоршалған жердің ауданы 3,5 миллион км2 делінген. Батыста Киевтен әрірек мұз, содан соң шығыс шекарасы Төменгі Еділ – Сырт – Оңтүстік Орал – Торғай ойпаты – Алтай. Оңтүстікте Алтай, Тяньшань, Копетдаг, Эльбрус, Кавказда мұз. Батыста Каспий суы Қаракөл суымен байланысқан – мұхитпен байланыс болмаған (15).
17 мың жыл бұрын құрғай бастаған жерлерде тұрғындар көбейеді – Тұраннан жер жүзіне халықтың екінші таралуы басталды, сонымен бірге Майқы редакциялаған ататіл жайылды (ностратикалық тіл). Бұл қазақ қай уақытта үш жүз атанған» (2) атты өсиетке қарасақ, қырық хандығы бар Тұран конфедерациясының қағаны Майқы Алашаны ұлы Даланың ашылып жатқан шығысын игеруге жібереді, қазақ халқы даламыздың үш жүзін (ауданын) бірге қосып үш регионды ұлтқа айналады. Тарихи санасын жоғалтуға жақындап қалған бүгінгі халқымызға ес жию құралдарының бірі болатын «Қазақтың ауызша тарихы» кітабында тағы бір данышпанымыз Ақселеу Сейдімбек жазғандай, бір отбасының үлкен ұлы қазіргі Алматы жағына барса, ортаншысы Сарыарқаға, кішісі қара шаңырақтың қорғаушысы болып батысымызда қалады (18). Сол жылу заманында палеолиттік қазанның бір жерінен құрғақ аудандарға болған халық көшінен тағы бір мысал: Батыстағы Киев жерінен алысқа барған ағайын великоросс (ұлы орыс) атанған, берірек барған ағайын беларус (ақ орыс), үйде қалғаны малоросс (кіші орыс).
Майқының тегі, есімдері, туған жерінің геосаяси сыры
«Елек – қазақтың ілкі өзені!» – деп жазды кеше ғана қазақ мифологиясы ғылымының негізін қалаған кемеңгеріміз, отыз алты-ақ жас өмір сүрген Серікбол Қондыбай (1968–2004 жж). «Тұран – тау үстіндегі шұңқыр» (страна-кратер) деген екен ата-бабаларымыз жүз мың жылдан бұрынғы замандарда. Бұл формула КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының корреспондент-мүшесі Сәрсен Аманжоловтың «Вопросы истории и диалектологии казахского языка» атты 1958 жылы қаңтардың 28-інде жазып бітірген кітабында бар (19). Формуланы Маңғыстауда халық аузынан жазып алған. Ғалым қазақ халқының тілі мен тарихын большевиктердің XV ғасыр дегеніне бағынбай, алғашқы замандардан зерттеуді бастаған еді. Шығыс халықтары архитектурасы Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі, Ақтөбеде өткен Арал-Каспийге арналған үш ғылыми конференцияның ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы Серік Әжіғалиев «Древности страны-кратера» деген еңбегінде: «Александр Гумбольдт, посетивший Северный Прикаспий в 1829 году, отмечал наиважнейшие особенности пониженных пространств от Черного моря до Восточного Приаралья включительно – как величайшей в мире котловины или «страны-кратера». Арало-Каспийский историко-культурный регион, географически включающий в себя территории равнинной страны Турана, Прикаспийской низменности и южной оконечности Уральских гор, давно признается специалистами как важнейший очаг этногенетических и этнокультурных процессов в Старом Свете» деп жазады (20). Бұны қазекең орта палеолитте де біліпті және ерте замандарда «ел-кратер» стилі жер жүзіне таралды: мәдениетте, құрылыста, дінде, т.б. салаларда. (Бұл бөлек әңгіме, басы «Мысль» журналында шыққан «Истина о Туране сквозь призму науки и народного наследия» атты мақаламызда бар).
Туғанда ата тілдің редакторына берілген аты – Мақ (Бөрі) еді. Кіші жүздің жетіру/қартқазақ шежіресінде – Арғы Мақ. Даналығын сезген саналы орта Махмет депті. «Мет», «бет», «мед» сөздерін тереңде жатқан ақиқатты жарыққа шығарып жүрген адамның есіміне қосады жетелікті білетіндер, ертеден Аспанбет, Архимед, Бетақыр (Пифагор), Мұхаммед, Махамбет деген. Май тілімен билегесін («күн бәріне жарқырайды» принципімен) – «аталған Махмұт дана болып Майқы» (2). Билеудің екінші тілі – заң, юриспруденция, үшіншісі – қан тілі. Келесі есімдері – Қазық пен Азық (Жем). Өсиетте он екі жасар Алаша, Майқы қағанмен «хандардың қазығы, бұқараның азығы» деп амандасады – хандарға жол көрсететін адам екенін сезіп, нені істеуге болады, нені болмайды дегенді білдіреді. Халықтың рухани Азығы, Жемі саналы, табандылыққа жол көрсетіпті. Өсиеттері: «Хан әділ болса басынан бағы таймайды, халық табанды болса қара жерден кеме жүргізеді». Майқының туған жері Елек – Ұлы Қобда өзендері арасы, сонда қазір де Майқыбұлақ, Майқысай, Мақ-Балсай, Шолақсай делінеді. Бал болса – Майқының тұқымы, Тұран қағандарының тізімінде де, халықтың мұрасында да бар:
«Балдың көп дүр ұрпағы,
Үйсінді жоқ ұрмағы,
Ондай ел өскін келеді,
Оның жоқ дүр құрмағы,
Қон, Рат, Қып, Шақ, Болданды
Жоқ демеңіз болғанды» (21).
Ақтөбе облысында Жем/Ембі өзені бар және Жем/Ембі (Йембі) қаласы – атаудың біріншісі мыңдаған жылдық қыпшақ акцентінде, екіншісі оғыз диалектін сақтаған-ау дейміз. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Ортақ пен Ақсай ауылдарының арасында Майқы салған Тұран астанасы Орнық қаласының тастары жатыр, әттең, XX ғасырда Орынбор–Ташкент темір жолына, коммунизм мен жабайы капитализм құрылыстарына тасылып бітті.
«Майқы атам Орнық деген қала салған,
Қазақ та сол бір кезде білім алған.
Бұл орын көпке дейін мекен болған.
Бірақ... Күлін көкке ұшырып жоқ қылыпты,
Кейінге жоқ сияқты бірі қалған.
Арабтан сол бір кезде үлгі алыпты,
Бар болса қай орында ескі мұра,
Барлығын жоқ қылуды ұйғарыпты.
Қазақтың бар мұрасын күл ғып өртеп,
Тарихтан кейінгілер құр қалыпты...» (2).
«Авестада» Тұранның орталық облысын «Хванирата» деген – «Қобан жұрты» (Қозы Көрпеш – кендігер қобан жұрттан). Тарихшы И.Пьянков: «Хванирата расположена между Волгой и Амударьей» (22). Халық мұрасында бар – Алшын мен Кеншын біртуған ағайындар, Кеншын өлгенде жеті баласын (солардан жетіру-қартқазақ өрбиді) Алшын өсіреді. А.Марғұланның еңбектерінде де кендігер қобан жұрты бар. Шумерліктер өздерін кенгер деп атаған. Археологияда б.д.д. 3300–1900 жылдары Далалық малшы-металлургтер мемлекетінің территориясы (Циркумпонийская металлургическая провинция) Сібірден Парсы шығанағына дейін созылған дейді – соның ішіне Шумер де кірген. Тұран деуге бүгінгі ғалымдардың күші жоқ, ең қуатты металлургия орталығы Орынбордың қасындағы Қарғалыда (Каргалинский металлургический центр) болса да.
Қобан (Қыпшақ) жұртының, бүкіл Тұранның астанасы
Елек-Қобда болуының сыры неде?
Тарихты қазсаң, тек тас ғасырында емес, қола ғасырында да солай. Елек бойынан жетпіс шақырымдағы Орнық қаласынан, бүкіл еуразиялық 8000 километрге созылған Дала Белінің мәдениетіне ықпал етіп тұрған жерді «Тамыр Өткел» деген қазақ ауылының атымен атапты ғалымдар – «тамаруткульская традиция», «тамаруткульский тип памятников». 1887 жылы осы ауылдың қасындағы алтынға бай қорғандарды қазғандар жүз жыл толмай Електің сол жағындағы мыңдаған қорғанды жермен жексен еткен... Келесі 1888 жылы: «...на 67 версте из Соль-Илецка на Актобе находился некрополь, содержавший более 500 курганов... страшная буря в июле 1988 года разметала и уничтожила большинство могильных сооружений, сохранив только 100 наиболее прочных курганов» (Вопросы археологии Западного Казахстана». 1996. С.7) (17).
Тамыр Өткел қорғанын қазған археолог Ф.Д.Нефедовтың 1888 жылы қазанның 19-ында Орынборда жасаған баяндамасында былай делінген: «Бесчисленное множество курганов, городищ и городков, которыми на тысячи верст усеяны степи, сырты, берега рек и озёр – вот те живые летописи, содержащие в себе повествования... о народах, давно исчезнувших с лица земли» (РОНА ИИМК РАН. Ф.1 – 1888. л.2 – 3//Евгеньев А. История Оренбургской археологии. Т. I. О. 2018) (23).
«Жоқ, біз жойылып кеткен жоқпыз, құрметті Филип Диодимович, сол халықтың бір өкілі осы жолдарды жазып отыр» дегім келеді. Мен «Тамар-Уткульде» интернатта оқыдым, ал 2004 жылы бес жүздей некропольдан қалған жалғыз қорғанның қазба жұмысына қатыстым. Ол қалың бұта басқандықтан ғана аман қалған. Биіктігі 8 метр, диаметрі 50 метрдей бүкіл қорған мөлшері 2-3 миллиметр калибрлі қиыршық тастан тұрады, ешқандай желімдеуші зат жоқ. Археологиялық экспедицияның жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, ОГПУ профессоры Н.Л.Моргунова қайран қалып: «Жүз шақты қорған қаздым, бірақ мұндайды көрген емеспін, тіпті қорғанның жиегі де үгітілмеген!» деген еді. Ертедегілер болашақта не болатынын білген ғой. Археолог Ф.Нефедов та білген шығар, XVIII–XIX ғасырларда Ресейде Сібір қорғандары жермен жексен етілді, мың жарымдай монастырдің қағаздары отқа жағылды, орыс халқының тарихын Еуропадан келген неміс профессорлары жазды, бұған қарсылық көрсеткен академик Михаил Ломоносовты дарға асу үкімі шықты, ғалым бір жылға жақын түрмеде отырды. Бірақ Еуропада араласқан соң ғалымға кешірім берілді, көп уақыт өтпей үйінде қайтыс болды. Қағаздары, С.Аманжоловтікіндей, жоғалды, еңбектері де ресми биліктің қалауымен өңделді, жарыққа шыққан болды. Осындай оқиғалар бұрын Таяу Шығыста да, Египет, Батыс, Оңтүстік – бәрінде өтті. А. Евгеньевтің кітабындағы П.И.Рычковтың (1712-1777 жж.) «Топография Оренбургская. 1887. С.186» еңбегінен үзінді берсек: «…у устья Карасу, впадающей в Большую Кобду, каменные строения, наподобие пирамид, называемые Астану» делінген. Ұлы Қобда солтүстікте болса, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де XX ғасырдың басында пирамидалардың біразы сақталған еді. Олар қайда?..
Тас ғасырдың Қобан жұрты қола дәуірінде де Тұранның өзекті территориясы болып қалғанына пікір айтып, тарихи ақиқатқа сапалы үлес қосқан археолог Сергей Богданов былай деп көрсетеді: «Основной ареал памятников тамаруткульского типа совпадает со степными территориями Приуралья от долины Бузулука на западе до верховьев Тобола и Мугоджар на востоке, от башкирской лесостепи в районе Стерлитамака на севере до полупустынь Прикаспиской низменности на юге» (24). Бұл аз болса, ерте темір ғасырында әйгілі Скифия, Германиядағы Висла өзенінен Қытайға дейін дүрілдеген мыңжылдық Сарматия да Елек бойынан басталыпты. Дүрілдегенін атақты Польша археологы Тадеуш Сулимирскийдің «Сарматы» кітабынан, ал қалай басталғанын – Мәскеу Археология институтындағы скиф-сарматология бөлімінің меңгерушісі, археолог Константин Смирновтың «Сарматы на Илеке» еңбегінен оқуға болады. Көрдіңіз бе, мыңжылдық құрғақшылықтан Тұран мемлекеті б.д.д. 1900 жылдар шамасында құлады – соған қарамастан Елек–Қобда арасы өзінің геосаяси рөл-міндетін орта ғасырларға дейін атқара берді.
Бұл аз болса, Тұран – адамзаттың ертедегі жүрегі осы геосаяси рөл-міндетін орындауды, адамзат алдында, түркі халықтарының алдында, қазақ ұлты алдында – кемінде 2,5 миллион жыл бұрын бастаған деуге болады. КСРО Ғылым академиясының Археология институты ғалымдарының 1989 жылы шыққан «Степи европейской части СССР в скифо-сарматское время» (25) еңбегінде: «Река Урал (Жайық) в широтном течении служила разделительной линией между летними и зимними пастбищами» деп жазылады. Жайықтан солтүстікке қарай жазда шөп пен су мол, бірақ қыста қар қалың, мал шөпке жете алмайды – күзде қары жұқа оңтүстікке бұрады. Жайыққа оңтүстіктен құятын Елек өзені бойында қыста қар жұқа – мал тебіндеумен қорегін табады. Елек-Қобда арасы «халықтардың қақпасы» аталады – Каспий теңізі мен Орал тауларының ортасы. Оңтүстік Орал мен Мұғалжар тас-руда кендері мен кенттері қасында, Орталық Қазақстанның кендеріне апаратын тура жол. Иә, маусым сайын жайылған жануарлардың соңынан жүрген мобильді аңшылар, сосын малшылар екі рет өтеді: наурыз айында Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстанның қиылысындағы Жиделі Байсыннан бастап, Сыр бойынан, Маңғыстаудан, солтүстіктегі жайлауларға – Қазан, Владимир, Сібір жаққа. Күзгі қыркүйек айында оңтүстікке тағы осы жолмен қайту, өнімдерімен сауда жасау, қалыңдық алмасу – құдалар жағынан ақындар шығып айтысу, жаз бойы той... Майқы заманындарында Арқайымдағыдай университеттер, Орталық болғасын академиялар, ғылымдар бүгінгі әлемдегіден асқан білім болған. Жаз бойы оқыған шәкірттердің көбісі күзде қыстауларына кетсе, біразы қалады. Ең таланттылары абыздық жүйеге қосылады. Вертикаль өсу де, горизонталь өсу де дамыған – солай болмаса динамикалық даму Тұранда болмас еді. Адамзаттың сөздік қоры – қазақ абыздарының еңбегі... Тұран абыздары өздерін, елін, қолындағы тарақ (трезубец) түріндегі асатаяғын «қазақ» деп атапты. Алғашында бұл сөздің мағынасы «күннің нұры, Күннің өзі, Тәңір» болған (Джагфар тарихы).
Қысқа берілген бұл ақпарат адамзаттың тарихында ешқандай кездейсоқтық жоқ екенін көрсетеді. Әншейіннен биік тумайды. Тарихтың тереңдігін «Қобыланды батыр» жырының қобдалық Айса Байтабынов жырлаған нұсқасында жер астында отырған батыр бейнесінен көруге болады:
«Қобыланды өзі тым шебер еді,
...серкенің мүйізінен
Тарақ істеп береді.
Ай қараңғы, бұлт күні тарақтың сәулесі
Сәскелік жерге түседі»...
Бұл үзінді қағандардың тарақ таңбасы қазақ жер астында отырған кезде, Валдай мұздығы басталған 115-113 мың жылдары болғанын көрсетеді. Сондай-ақ Майқы қаған алғашқы қарақыпшақ Қобыландының мұрагері екенін білдіреді. Бұндай мұрагерліктің мысалдары бар. 1975 жылы Мәскеуде шыққан «Кобланды батыр» кітабында жырдың қазақ тілі мен орыс тілінде мәтіндері берілген және 28 нұсқасының сюжеті бар және бір бетінде жазылған: «от Қобланды происходят табынцы и таманцы» (26). Осы сөздер 1901 жылы 31 наурызда «Тургайская газетада» басылған екен – XV ғасырдағы батырдың тұқымы, Ұлы Қобданың сол бойындағы Жирен Қопа («Рыжая Пещера») ауылының тұрғыны Ормамбетқол айтыпты деп. Орта ғасырлық батыр Бірінші Қобыланды жатқан маңайда жатса, Ормамбетқолдың айтқаны рас болып шығады. Дуло (Дулат) династиясынан шыққан Майқының (Арғы Мақ) дөңгелек таңбасы және қаған таңбасы тарақ. Табынның таңбалары да дөңгелек, тарақ, көсеу, шөміш, ал шежіреде бүкіл жетіру-қартқазақтың арғыатасы – Арғы Мақ. Түйін: қазақ үш жүз атанғанға дейін бір ру, тайпа, жетіру-қартқазақ болып орта палеолиттен келе жатқан қыпшақ (қобан) бірлестігінің мүшесі болған. Екінші бірлестігіміз – оғыз тайпалары. Баян, Құртқа – оғыз қыздары. Дуалды қоғам. Академик Мирфатых Закиев «Татар халқының тарихында» жазады, ертеде Еділдің сол жағында көбінесе қыпшақ тайпалары қоныстанды, оң жағында көбісі оғыз тайпалары. Археологтар қола ғасырында картада Ұлы Қобда өзенінен батысқа қарай оғыздар болды деп сызады, шығысында қыпшақ тайпалары. Тарихшы Е.Н.Черных Дала Белдеуін зерттеулерінің басында территорияны екі мәдениетке бөледі де, бірақ қорытындысында «это же одна культура, только с некоторыми особенностями на местах» дейді (11).
Майқы қазақ халқының ру-тайпа шежірелерінде бар, біраз кітап жазуға болады. Башқорт, татар, чуваш, мадьяр, ноғай, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, тағы біраз халықтардың мұрасында да кездеседі. Бір-екі мысал келтірейік, З.Аминев: «Изучение мест расселения башкирских племен по рекам Яик, Нугуш, Идель и Сакмара показывает, что в этих местах расселены т.н. башкиры-семиродцы (жетіру), от которых, по поверьям, образовался башкирский народ» (27). Башқорт табындары халқының төрттен бірін құрайды, екінші аты үйсін, шежіресінде Майқы. М.Ахметзянов: «…из татарских шеджре следует, что Майкы был родоначальником племени уйшин. Этноним ишун (Шун, Сун, Сон) сохранился в активном лексиконе в Поволжье и Приуралье в виде гидронимов (названий рек и озер). Татарские деревни Шунбаши и Верхний Шун. Эти имена сохранились нам в наследство от древних татарских племен» (28).
Бүгінгі заманда да ескерткіштер үшін күрестер тоқтаған жоқ: «...при прокладке трубопровода Карачыганак–Атырау в зоне строительства оказалось более 100 археологических объектов, в том числе комплекс царских курганов «Кырык оба»... казахстанским ученым во главе с профессором истории Муратом Сдыковым с трудом удалось отстоять курганы от техногенного разрушения. Сегодня ученые говорят об этих курганах как еще об одном чуде света... перспективный участок для заповедника – «Степная Пирамида» (Караван. Г.Кенжегалиева. 6.02.2009 г.). Тамыр Өткелден Батыс Қазақстан облысында жатқан Қырық Обаға жүз елу шақырым, жер жүзіндегі ең биік қорғандар биіктігі 8 метрден 20 метрге дейін және диаметрі 80 метрден 150 метрге дейін – әлі тегістелмеген. Сырлары көп – «ел-кратер» стилінде құрылған (Т.Казиев. Истина о Туране под призмой науки и народного наследия/ Мысль. – Сентябрь. 2025).
Адамзаттың тарихи санасын сақтау проблемасы
Сөйтіп ата-бабаларымыздың даналығы бос жерден шықпағанын мысалдардан көрдік. Адамзатқа ататіл беру оңай емес (С.Старостин; С.Яхонтов; М.Алинеи; В.Иллыч-Свитыч). Өркениетті (Г.Матюшин; Г.Киссинджер; А.Нарымбаева; Ж.Байжумин), Алтын ғасырды (М.Бойс; әлем халықтарының ата мұрасы), Металлды (А.Маргулан) берді. Майқы (Йима) әлем пайғамбарларының Ұстазы атанды (Э.Шюре).
Б.д.д. 1900 жылдары Тұран – адамзаттың мәдениеттік негізі – (культурная матрица) ыдырады. Мың жылдық құрғақшылықтан. Б.д.д. III–II мың жылдары Арал-Каспий және Оңтүстік Орал территориясында жартылай шөлді ландшафт пайда болады. Археолог С.В.Богданов: «Тамар-Уткульская традиция пресеклась около середины III тысячелетия до н.э. Количество информационных памятников сократилось в десять раз, (что говорит) о массовом оттоке населения с территории Степного Приуралья» (24). Металл тарихшысы Е.Н.Черных: «…мобильные скотоводы Степного Пояса теряют своё могущество на планете на рубеже III–II тысячелетия до н.э. и начинают уступать в развитии оседлым территориям» (11). Археолог Н.С.Моргунова: «…в течение XX–XVIII веков до н.э. в Поволжье и Приуралье происходят бурные события, связанные с переселением… этот период археологи называют смутным временем» (29). Тұранның тарихи-мәдени матрица рөлі туралы бөлек материал болады.
Еуразияның Дала Белі сынды. Қазақтың Ілкісінен оннан тоғыз тұрғыны жер бетіне тарыдай шашылды. Абыздық жүйесіз қалған Даламыз рухани жетімсіреу халіне көшті – стратегиялық ойсыз қалды. Адамзатқа жол көрсету рөлін Жерорта теңізінің жағалауы қолға алды. Бүкіл Ішкі Еуразия енді импульстік деңгейге түсті. Жерортатеңіздік стратегтер ішкі еуразиялықтардың да, басқа халықтардың да әлсіз жерлерін тауып, бір-біріне қарсы айдауға үйренді. «Үлкен балық кішкентай балықты жейді» деген ұран еді бұл.
Пайғамбарлар Ұстазы Майқының ұстанымы дүние жүзіндегі бар адамның біртектілігі болды ғой. Жетелі бол, Құдыретті-Ғаламды сүй, Табиғатты сүй, Адамзатты сүй, әр адамды сүй, әділ, табанды бол деген далалықтардың көзқарасы енді эгоистерге кедергі болғасын, Алтын ғасырлық тарихи сананы өшіруге кірісті. Бір-екі мысал берейік. Жерортатеңіздіктер өздерінің әлемдік рөлінің көтерілуін құлдық орнатудан бастады: «Характерной чертой поздней древности (рубеж II–I тысячелетий до н.э.) было появление рабства (начали финикийцы, продолжили греки)» (Н.Иванов. Всеобщая история. М. РАН. 2005)(30). Гректерден Рим үлгі алды. Грек-Рим өркениеті Еуропаның мәдени матрицасы саналды, құлдықты біраз дін қолдады.
VIII ғасырда арабтардың шабуылы туралы былай дейді: «И уничтожил Кутейба людей, которые хорошо знали хорезмийскую письменность, ведали их преданиями и обучали наукам, и подверг их всяческим терзаниям, убил их священнослужителей и сжег их свитки. Хорезмийцы остались неграмотными и полагались в том, что им нужно, на память «Беруни. Избранные произведения. – Ташкент. – 1957» (31).
XIV ғасырда Әмір Темір Хорезм астанасын жермен-жексен етіп, арпа еккен. Тарихшы Марлен Зиманов: «Тимур совершил на кочевников могульских джете и их дулатских эмиров по 8-10 походов. В 1391 году вместо прямой дороги на Итиль и Самарскую Кондурчу очутился в Западной Сибири, где разгромил шейбанидские улусы Сибири. Он всё сжег до нынешнего Тобольска (а тогда Кашлыка и Искера). Далее он пошел через нынешние Павлодар и Костанай, и всё стёр в такую «пыль истории», что память про те города осталась только в книге В.Егорова «Города Золотой Орды». Легкая кавалерия дошла до Алтая. Там он провел зачистку ордынских племен точно также, как в Моголистане. И вот отсюда он развернулся на Жайык» (32). Бұл үзіндіге қарағанда, шабуылшылардың мақсаты жергілікті халықты түп-тамырымен қыру, қалаларын жою болды. Жайық жақта да, жетіру-қартқазақтың жерінде сондай оқиға қайталанды (алғашқы «Қобан жұрты», «тамаруткульская традиция»), оның XIV ғасырдағы аты – «Табын Елі». Башқорт тарихшысы Әлім Зарипов: «…весной 1391 года Тимур разгромил Табын Иле, некоторые роды были вырезаны полностью. На 17 частей разделилась Табын Иле. 18 июня 1391 года состоялась битва на Кондурче, где войска Тимура одолели войска хана Золотой Орды Тохтамыша» (33).
Қорытынды
Тарихтың ауыр беттері көп, бірақ оны да білуіміз керек. Үш-төрт ғасырда бір-біріне қарсы соғысып әлсіреген, орта қуатын жоғалтқан ағайындар басқа мемлекеттердің отарына айналды. Қателіктерді ешқашан қайталамау үшін тарихтан сабақ алу керек.
Бір-біріне жат болған жер жүзінің адамдары, 2,5 миллион жыл өрлеу мен дамудың нәтижесін көрген адамзат үш мың жылда өзін де, планетаны да бүгін күрделі жағдайға жеткізіп отыр. Осындайдың болатынын ата-бабаларымыз білген екен. Тығырықтан қалай шығу тәсілін де мұраға қалдырған. Орта қуаттың демі ақпараттық түрде сақталды. Соның негізі Майқы редакциялаған ататілдің сөздік қорында. Күшіміз жетсе соған үңіліп, мағынасын ашайық. Ең бастысы: дем беретін ауа – алғашқыда қалыптасқан және өрлеу замандарында қосылған ақпараттық алаң, қор (информационное поле). Қордың қысқаруы мен қоқыстануы «қызыл сызыққа» жетсе, екіаяқтылардың соңғы күні келді дейді өсиет-мұрада. Соңғы сызыққа жетпеудің жолы – абыздық жүйені өмірге қайтару.
P.S. Ататіл туралы жазбаларыма орай, «Майқы Шыңғысханның көмекшісі болған жоқ па?» деген сұрақ қойылып жүр. Жауап: түпкі Майқыны ортағасырлық інге тығатын уақыт бітті. Адамзаттың ілкісін табу үшін қанша ғұлама өмірін қиды. Бірақ әлі тірі. Қазақ тілі тірі. Адамзаттың орта қуаты. Екіден бірің ата-бабаларыңдай ойшыл болмасаң ол да бітеді. Адам баласы XXI ғасырдың талабын түсінуі керек.
Ол – Ілкіден келе жатқан буындар арасындағы ақпараттық байланысты қалпына келтіру.
(Жалғасы бар)
Астана
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әсемқұлов Т. Аңыз жайындағы аңыз немесе ауызекі мәдениеттің пайда болуы турасында бір-екі толғам. – «Өтукен». 2013.
2. Майқы би. – Алматы, 2014.
3. Джагфар тарихы. – О. 1993; 1994; 1997.
4. Цепилов А. Переводчик с языка ангелов / Аргументы и факты. Оренбург, 2024.
5. Иллыч-Свитыч В. / Байжумин Ж. Тюрки. Т.1. – С.191.
146 рет
көрсетілді0
пікір