- Мақала
- 23 Қаңтар, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастардың дамуы (1992-2024 жж.)
Абылайхан Рысбай,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар факультеті, Аймақтану кафедрасының 2-ші курс магистранты.
Қазақстан Республикасы. Астана қаласы. Қ.Сәтбаев көшесі. 2. Индекс 010008.
E-mail: abl2k17@mail.ru
Қанат Еңсенов,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті, Аймақтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры., т.ғ.к.
Қазақстан Республикасы. Астана қаласы. Қ.Сәтбаев көшесі. 2. Индекс 010008. E-mail: kanat-02-79@mail.ru
Аңдатпа. Бұл ғылыми жұмыста 1992–2024 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы саяси-дипломатиялық қатынастардың дамуы жан-жақты талданады. Зерттеуде екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстардың қалыптасу кезеңдері, жоғары деңгейдегі саяси диалог, шекараны делимитациялау және демаркациялау үдерістері қарастырылады. Сонымен қатар сауда-экономикалық ынтымақтастық, инвестициялық байланыстар, су-энергетикалық мәселелер, көші-қон, экология, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары зерделенеді. Екі мемлекеттің аймақтық және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі серіктестігіне (ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы) ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижелері Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің аймақтық тұрақтылық пен өзара тиімді дамудағы маңызын айқындайды.
Кілт сөздер: Қазақстан, Қырғызстан, саяси-дипломатиялық қатынастар, екіжақты ынтымақтастық, шекара делимитациясы, сауда-экономикалық байланыстар, су-энергетикалық қауіпсіздік, аймақтық интеграция, ЕАЭО, ШЫҰ.
Рысбай Абылайхан Әлімханулы
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Факультет международных отношений, магистрантка 2-го курса кафедры регионоведения.
Республика Казахстан. город Астана. улица К.Сатпаева. 2. Индекс 010008.
E-mail: abl2k17@mail.ru
Енсенов Канат Алексеевич
Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
Ассоциированный профессор кафедры, к.и.н. Регионоведения факультета международных отношений.
Республика Казахстан. город Астана. Улица К.Сатпаева. 2. Индекс 010008.
E-mail: kanat-02-79@mail.ru
РАЗВИТИЕ ПОЛИТИКО-ДИПЛОМАТНЫХ ОТНОШЕНИЙ МЕЖДУ КАЗАХСТАНОМ И КЫРГЫЗСТАНОМ (1992–2024 гг.)
Аннотация. В данной научной статье всесторонне анализируется развитие политико-дипломатических отношений между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой в период 1992–2024 годов. В исследовании рассматриваются этапы формирования дипломатических связей между двумя государствами, политический диалог на высоком уровне, а также процессы делимитации и демаркации государственной границы. Кроме того, изучаются основные направления взаимодействия в торгово-экономической сфере, инвестиционном сотрудничестве, водно-энергетических вопросах, миграции, экологии, культурно-гуманитарной и образовательной сферах. Особое внимание уделяется сотрудничеству двух государств в рамках региональных и международных организаций (СНГ, ЕАЭС, ШОС, ОДКБ, Организация тюркских государств). Результаты исследования подчеркивают значение стратегического партнерства между Казахстаном и Кыргызстаном для обеспечения региональной стабильности и взаимовыгодного развития.
Ключевые слова: Казахстан, Кыргызстан, политические и дипломатические отношения, двустороннее сотрудничество, делимитация границ, торгово-экономические отношения, водная и энергетическая безопасность, региональная интеграция, ЕАЭС, ШОС.
Rysbay Abylaikhan Alimkhanuly
L.N. Gumilyov Eurasian National University
Faculty of International Relations, Second-year Master's student of the Department of Regional Studies.
Republic of Kazakhstan. Astana. K.Satpayev Street. 2. Index 010008.
E-mail: abl2k17@mail.ru
Yensenov Kanat Alekseevich
L.N. Gumilyov Eurasian National University
Associate Professor, Candidate of Historical Sciences
of the Department of Regional Studies, Faculty of International Relations.
Republic of Kazakhstan. Astana. K.Satpayev Street. 2. Index 010008.
E-mail: kanat-02-79@mail.ru
DEVELOPMENT OF POLITICAL-DIPLOMATIC RELATIONS BETWEEN KAZAKHSTAN AND KYRGYZSTAN (1992–2024)
Summary. This article provides a comprehensive analysis of the development of political and diplomatic relations between the Republic of Kazakhstan and the Kyrgyz Republic from 1992 to 2024. The study examines the stages of formation of diplomatic ties between the two countries, high-level political dialogue, as well as the processes of border delimitation and demarcation. In addition, it explores the main areas of interaction in trade and economic cooperation, investment relations, water and energy issues, migration, ecology, and cultural, humanitarian, and educational spheres. Special attention is paid to cooperation between the two states within the framework of regional and international organizations (the CIS, EAEU, SCO, CSTO, and the Organization of Turkic States). The findings of the study highlight the importance of strategic partnership between Kazakhstan and Kyrgyzstan for regional stability and mutually beneficial development.
Keywords: Kazakhstan, Kyrgyzstan, political and diplomatic relations, bilateral cooperation, border delimitation, trade and economic relations, water and energy security, regional integration, EAEU, SCO.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар Орталық Азиядағы ең жақын және тарихи байланысы терең елдер ынтымақтастығының үлгісі болып саналады. Екі мемлекет те этникалық, мәдени және тілдік жағынан жақын, ғасырлар бойы қалыптасқан өзара ықпалдастық дәстүрін жалғастырып келеді. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бұл қатынастар жаңа деңгейге көтеріліп, саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда жүйелі түрде дамыды. 1992–2024 жылдар аралығындағы кезең екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің қалыптасуы мен тереңдеуін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы – тарихы, тілі, діні, мәдениеті жағынан ұқсас, географиялық тұрғыдан шекаралас жатқан екі бауырлас ел. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, 1991 жылы тәуелсіздік алған бұл мемлекеттер өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық негізінде қайта қалыптастыра бастады. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қатынастар ресми түрде 1992 жылғы 18 тамызда орнатылды. Бұл кезең екі елдің халықаралық аренада жаңа субъект ретінде орнығуымен қатар, аймақтық интеграцияға ұмтылуымен ерекшеленді. Екі елдің 1992 жылғы 30 тамызда дипломатиялық қатынастар орнатуы тарихи маңызы бар қадам болды [1]. Сол уақыттан бастап саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, білім беру, шекара, су, энергетика және қауіпсіздік салаларында белсенді әріптестік орнады. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық байланыстар тек екіжақты ғана емес, аймақтық және жаһандық деңгейде де өзара ықпалдасуға мүмкіндік берді.
1992 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси-дипломатиялық, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру бағыттарындағы қатынастардың эволюциясы қарастырылады. Зерттеу барысында ресми құжаттар, сараптамалық есептер, халықаралық ұйымдардың деректері және қазіргі баспасөз материалдары қарастырылды.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың 30 тамызында орнады. Осыған дейін де екі халық арасында тарихи, этникалық, мәдени байланыстар қалыптасқан болатын. Кеңес дәуірі кезеңінде де ортақ саяси-экономикалық кеңістікте өмір сүрген қос мемлекет тәуелсіздік алған соң да ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті болды [2].
1993 жылы Астана мен Бішкекте елшіліктер ашылып, тұрақты саяси диалог қалыптаса бастады. 1997 жылы 8 сәуірде Қазақстан мен Қырғызстан арасында «Мәңгілік достық туралы шартқа» қол қойылып, екіжақты қарым-қатынастардың құқықтық базасы кеңейтілді [3].
Бұл құжатта тараптар бір-бірінің егемендігін, тәуелсіздігін, территориялық тұтастығын құрметтеуге және ішкі істеріне араласпауға міндеттеме алды. Сонымен қатар, экономика, ғылым, мәдениет, экология, энергетика, транспорт және т.б. түрлі салаларда тығыз әріптестік орнату көзделді.
1992 жылдан бері екі елдің президенттері арасында ондаған жоғары деңгейдегі кездесулер өтті. Бұл кездесулерде екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелері, өңірлік қауіпсіздік, интеграциялық ұйымдардағы ортақ ұстанымдар талқыланды.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара – Орталық Азиядағы ең тұрақты және келісімді шекаралардың бірі болып саналады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы әкімшілік шекаралар жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында нақты мемлекеттік шекара ретінде бекітілуі қажет болды. Осы тұрғыда шекараны делимитациялау және демаркациялау ісі екі елдің сыртқы саясатының маңызды бағытына айналды.
1993 жылы қол қойылған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт мемлекетаралық байланыстардың негізгі бағдарын анықтады. Шартта шекараның мызғымастығы, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету аспектілері нақты бекітілді.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау мәселесі 1993 жылғы 8 шілдеде екі ел басшылары бекіткен «Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартта» қарастырылған. Аталған шарттан кейінгі онжылдықта республикалар арасында бірнеше мәрте аумақтық, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша келісімдерге қол қойылып, өзара келіссөздер жүргізілді.
Шекара сызығын нақтылау барысындағы маңызды құжаттардың бірі – 1998 жылғы 17 шілдеде Шолпан-Ата қаласында екі ел басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы Меморандум болды. Бұл құжатта тараптар 1993 жылғы 8 маусымдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт негізінде мемлекеттік шекараны құрметтей отырып, екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдету жөнінде уағдаласты. Сонымен қатар, тараптар мемлекеттік шекара делимитацияланғаннан кейін де оның азаматтардың еркін жүріп-тұруына және мемлекеттердің еркін жүк тасымалдауына кедергі болмауы тиіс екендігін атап өтті.
Қабылданған құжатқа сәйкес, 1999 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында мемлекеттік шекараны халықаралық құқық нормаларына сай заң жүзінде рәсімдеу мақсатында делимитация жөніндегі келіссөздер басталды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін тиісті мемлекеттік органдардан делегациялар құрылды.
Екі ел арасындағы күрделі мәселелердің бірі – трансшекаралық өзендер арқылы Қазақстанның оңтүстік өңіріне су келуі мәселесі еді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында егістік науқаны кезінде су тапшылығы жиі байқалатыны белгілі. Осыған байланысты су мәселесі күн тәртібінен түспей, екі республика арасында ұзақ жылдар бойы талқыланып келе жатқан маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.
2000-жылдары Қазақстан мен Қырғызстанның интеграциялық үдерістерге қатысуы кеңейді. Екі ел Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың (ЕурАзЭҚ), кейінірек Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) шеңберіндегі әріптестікті тереңдетті.
2001 жылғы наурыз айында Тараз қаласында өткен үкіметаралық комиссиялардың келіссөздерінде Қырғыз Республикасындағы Тоқтағұл су қоймасынан берілетін судың мөлшері егістікті суару маусымында ұлғайтылып, оның орнына Қазақстан қыс мезгілінде Қырғызстанға электр энергиясын өндіруге қажетті мазут беріп отыру жөнінде келісімге келді.
2001 жылдың шілде айының соңында Бішкекте өткен екі ел басшыларының кездесулерінде бұл мәселені түбегейлі шешу мақсатында су-энергетикалық консорциум құру қажеттігі туралы мәселе көтерілді. Бұл күрделі мәселе болғанына қарамастан, екі ел үкіметтері оны шешу бағытында табанды түрде жұмыс істеп келеді.
Алайда, Қырғыз Парламенті өз аумағында жиналатын су ресурстарын көрші елдерге сату туралы заң қабылдады. Бұл шешімге қатысты Қазақстан Республикасының сол кездегі Президенті Н.Ә. Назарбаев мұндай әрекет халықаралық құқық нормаларына сай келмейтінін атап өтті.
Екі ел президенттері де мемлекетаралық шекараны құқықтық тұрғыда рәсімдеудің маңыздылығы туралы пікір білдірді. Осы уағдаластықты орындау мақсатында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекараны делимитациялау ісіне ресми түрде кірісті.
2001 жылы маусым айында Н.Ә. Назарбаевтың Бішкекке сапары кезінде екі ел басшылары бұл жұмысты тиісті шартқа қол қою арқылы жылдың соңына дейін аяқтау ниеттерін білдірді.
Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында, 2001 жылғы 15 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Президенті А.Акаевтың Қазақстанға ресми сапары өтті. Осы сапар барысында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті А.Акаев «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы шартқа» қол қойды [4].
Аталған шарт негізінде екі мемлекет бір-біріне қатысты аумақтық талаптарының жоқтығын ресми түрде мәлімдеді. Қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихатында Н.Назарбаев бұл құжаттарды «маңызды тарихи оқиға» деп атап, екі бауырлас және тағдырлас халықтар тарихында тұңғыш рет мемлекеттік шекараның нақты айқындалғанын ерекше атап өтті.
2015 жылы Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіруі Қазақстан-Қырғызстан қатынастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Мұнда кедендік шектеулерді алып тастау, тауарлардың еркін қозғалысы және ортақ нарық құру процестері негізгі рөл атқарды.
2021 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың алғашқы ресми кездесуі өтті. Бұл кездесу барысында су ресурстарын пайдалану, шекаралық ынтымақтастық, сауда көлемін ұлғайту, мәдени байланыстар мен көші-қон мәселелері қаралды [5].
2023 жылы Қырғызстанда өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті кезінде екі ел басшылары су және азық-түлік қауіпсіздігі, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту және энергетикалық жобалар жөнінде бірлескен мәлімдеме жасады [6].
Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінде тығыз серіктестік орнатқан. Екі ел де: 1) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), 2) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), 3) Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ), 4) Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), 4) Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ), 5) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және т.б. ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Осы құрылымдар шеңберінде Қазақстан мен Қырғызстан бейбітшілік, қауіпсіздік, экономикалық интеграция және мәдени байланысты тереңдетуге бағытталған бастамаларды қолдап келеді. Мысалы, ҰҚШҰ шеңберінде қос мемлекет бірлескен әскери жаттығулар өткізсе, ШЫҰ аясында лаңкестікке қарсы күрес және шекаралық қауіпсіздік мәселелері тұрақты түрде талқыланады [7].
Шекаралық аймақтардағы ынтымақтастық – екіжақты қатынастардың маңызды аспектілерінің бірі. Қазақстан мен Қырғызстан арасында 1 200 шақырымға жуық мемлекеттік шекара бар. 2001 жылы шекараны делимитациялау және демаркациялау жұмыстары басталып, 2008 жылы толық аяқталды [8].
Алайда шекарадан өту, сауда тасымалдары мен кедендік бақылау мәселелері кейде екі жақта да әлеуметтік және саяси шиеленіс тудырып отырды. Бұл мәселелер үкіметаралық комиссиялар мен дипломатиялық арналар арқылы реттеліп келеді. Мысалы, 2022 жылы «Қордай – Ақ-Жол» өткізу пунктінде инфрақұрылым жетілдіріліп, жүк көліктерінің өту жылдамдығы арттырылды [9].
Көші-қон мәселесінде де ынтымақтастық орнаған. Қазақстанда 100 мыңнан астам қырғызстандық азамат тіркелген, олардың бір бөлігі еңбек миграциясы аясында жұмыс істейді. Қырғыз тарапы бұл азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде Қазақстан тарапымен байланыс жасап отыр [10].
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары біртіндеп қалыптасты. Екі ел бір-бірінің маңызды сауда серіктестерінің қатарына жатады. 2000-жылдардың басында тауар айналымы жылына орта есеппен $300–400 млн болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш $1,6 млрд-тан асты [11].
Сауда құрылымы төмендегідей:
Қазақстаннан Қырғызстанға экспорт: ұн, мұнай өнімдері, металдар, құрылыс материалдары, электр энергиясы, азық-түлік. Қырғызстаннан Қазақстанға импорт: жеміс-көкөністер, тоқыма өнімдері, киім-кешек, ауыл шаруашылығы өнімдері. Қазақстан Қырғызстанға ауыл шаруашылығы техникасы мен көлік құралдарын экспорттай отырып, оның ауыл шаруашылық және инфрақұрылым секторларын қолдап келеді. Өз кезегінде Қырғызстан Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосып отыр [12].
2023 жылы Қырғызстанның Қазақстанға экспорты $460 млн құраса, Қазақстаннан Қырғызстанға импорт $1,1 млрд-ты құрады [13].
Инвестициялық салада Қазақстан Қырғызстанға инвестиция құятын басты бес елдің қатарына кіреді. 2005–2023 жылдар аралығында Қазақстан Қырғыз экономикасына шамамен $400 млн-нан астам тікелей инвестиция салған [14].
Негізгі салалар: банк секторы, телекоммуникация, құрылыс, энергетика, азық-түлік өндірісі. Мысалы, «Казкоммерцбанк», «Халық банк» секілді ірі қаржы мекемелері Бішкекте өз филиалдарын ашты. Сонымен қатар, Қазақстан инвесторлары Қырғызстандағы ГЭС құрылысы мен жаңартылуына қатысуда.
Қырғызстандық кәсіпкерлер де Қазақстан нарығына қызығушылық танытып келеді. Сауда орталықтарында қырғыз өнімдерінің (киім-кешек, былғары, қолөнер бұйымдары) үлесі жыл сайын артуда.
Қырғызстанның 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше болуы екі ел арасындағы экономикалық байланысты жаңа деңгейге көтерді. ЕАЭО шеңберінде кедендік шекара алынып тасталып, тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етілді [15].
Қазақстан мен Қырғызстан ЕАЭО аясында: ортақ техникалық регламенттерді енгізу, бірлескен өндірістер ашу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, цифрлық логистика платформаларын пайдалану бағытында жұмыс істеп келеді.
2022 жылы ЕАЭО елдері арасында қабылданған «Индустриалды кооперацияны дамыту туралы» келісім Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өнеркәсіптік байланыстарды жандандыруға бағытталған [16].
Екі ел арасында тасымал мен жүк айналымы жыл сайын артып келеді. Алматы – Бішкек – Ташкент бағытына жүк және жолаушы тасымалы жоғары сұранысқа ие. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысы шеңберінде екі ел логистикалық инфрақұрылымын жаңғыртуды қолға алды [17].
Қазақстандық «KTZ Express» және қырғыз «Кыргыз темир жолу» компаниялары теміржол тасымалы бағытында ынтымақтасып келеді. 2023 жылы Алматы – Бішкек арасына жолаушыларға арналған жаңа заманауи автобустар желісі іске қосылды.
2024 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасында «Цифрлық шекара» жобасы басталып, тауарлар қозғалысын онлайн бақылауға мүмкіндік беретін жаңа жүйе енгізілді [18].
Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарында бірнеше өзен жүйелері (Чу, Талас) ағып жатыр, олар екі елдің су қауіпсіздігі үшін маңызды. Су ресурстарын тиімді пайдалану және бөлу – жиі келіспеушілік тудыратын күрделі мәселе. 1998 жылы екі ел арасында «Чу-Талас бассейнінің су ресурстарын пайдалану және қорғау туралы» келісім жасалды. Бұл құжат су ағындарын әділ бөлу, су шаруашылығын модернизациялау, су ластануын бақылау бағыттарын қамтыды [19].
Бірақ, климаттың өзгеруі, су тапшылығы және ауыл шаруашылығында суға сұраныстың артуы жағдайында 2010 жылдан бастап су мәселесі қайта шиеленісіп отыр. 2019 жылы Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері су және энергетика министрліктерінің аралық диалогын қайта бастады, арнайы бірлескен жұмыс тобы құрылды [20].
Қырғызстан гидроэнергетикаға ерекше көңіл бөледі, ал Қазақстан энергетикалық ресурстар бойынша алдыңғы қатарда. Осы екі елдің энергетикалық әлеуеттерін біріктіру – өзара тиімділік пен аймақтық тұрақтылықтың кепілі. Қазақстанның энергия компаниялары Қырғызстандағы бірнеше гидроэлектростанцияларға инвестиция салып, олардың жаңғыртылуына атсалысуда. Мысалы, 2022 жылы Қырғызстандағы Токтогул су қоймасы мен ГЭС-ін жаңарту жобалары іске қосылды [21]. Сонымен қатар, екі ел арасында электр энергиясын экспорттау және транзиттік мәселелер келісім шеңберінде шешіледі. Қазақстан Қырғызстанға қажетті уақытта электр қуатын жеткізуге әзір екенін бірнеше рет мәлімдеді [22]. Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарында экологияның жағдайы да ортақ назарда. Өзендер мен көлдердегі ластану, орман алқаптарының азаюы, биоәртүрліліктің төмендеуі екі тараптың да экологиялық қауіпсіздігіне әсер етеді. 2020 жылы екі мемлекеттің экология министрліктері бірлескен мониторинг бағдарламасын қабылдады, ол су сапасын бақылау, ауа ластануын азайту және қалдықтарды басқаруды жетілдіруді қамтиды [23].
Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Чу-Талас» бассейнін кешенді басқару бағдарламасы 2023 жылы өз жұмысын кеңейтті. Бұл жоба экологиялық дағдарыстарды азайтуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған [24].
Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының мәдениеті ұқсас және тарихи тамырлары терең. Бұл фактор екі елдің халықтары арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтады. 1990-жылдардың басынан бері екі ел арасында түрлі мәдени шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мысалы, Алматы мен Бішкекте жыл сайын «Достық күндері», «Түркі мәдениетінің апталығы» және ұлттық өнер фестивальдары ұйымдастырылады [25].
Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан Қырғыз мәдени орталығы 2005 жылдан бері қырғыз халық дәстүрлерін, тілін және өнерін насихаттап келеді. Сол сияқты, Бішкекте қазақ мәдени орталығы белсенді жұмыс істейді. Қырғызстан мен Қазақстан арасында гуманитарлық көмектер де көрсетіліп тұрады. Мысалы, 2020 жылы Қазақстан Қырғызстанға төтенше жағдайлар кезінде қаржылай және медициналық көмек ұсынды [26].
Тәжірибелі дәрігерлер мен мамандар алмасу бағдарламалары жүзеге асырылып, медициналық салада ынтымақтастық күшейді. Сонымен қатар, спорт, мәдениет және жастар саласында бірлескен жобалар ұйымдастырылуда. Білім беру – екіжақты қатынастардағы маңызды бағыттардың бірі. Қазақстан мен Қырғызстан білім беру саласында келісімдерге қол қойып, студенттерге білім алу мүмкіндіктерін ұсынуда.
Қазақстанда қырғыз студенттері жыл сайын 1000-нан астам гранттық орындар алады. Қырғызстанда да қазақ студенттерінің саны ұлғайып келеді. Осы бағдарламалар аясында екі елдің жоғары оқу орындары арасында академиялық алмасу мен ғылыми жобалар жүргізіледі [27].
Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ мемлекеттік медицина университеті және Қырғыз мемлекеттік университеті арасында ынтымақтастық меморандумдары бар.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси-дипломатиялық, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру саласындағы қатынастар 1992 жылдан бастап тұрақты дамып келеді. Бұл екіжақты қарым-қатынастар елдердің ұлттық мүдделерін сақтай отырып, аймақтық тұрақтылық пен даму үшін маңызды негіз болды.
Саяси деңгейде екі ел басшыларының тұрақты кездесулері және халықаралық ұйымдардағы ынтымақтастық сенімді серіктестіктің кепілі. Экономикалық салада тауар айналымы мен инвестициялар көлемінің артуы екі жақтың да пайдасына. Мәдени-гуманитарлық және білім беру байланыстары халықтар арасындағы достықты нығайтып, бірлескен жобалар арқылы ынтымақтастықты кеңейтуде [28]. Дегенмен, кейбір мәселелер толық шешілмеген күйінде қалып отыр. Шекарадағы кейбір өткізу пункттеріндегі бюрократиялық кедергілер, су ресурстарын әділ бөлу мәселелері, көші-қон және кедендік рәсімдерді жеңілдету қажеттілігі күн тәртібінен түскен жоқ.
Осы проблемаларды шешу үшін екі ел үкіметтері арнайы комиссияларды белсенді түрде жұмыс істетуі керек. Сондай-ақ, жаңа технологияларды енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, ортақ экологиялық және энергетикалық жобаларды іске асыру маңызды.
Қазақстан мен Қырғызстанның ара-қатынасы болашақта интеграциялық үдерістердің дамуына ықпал етеді деп күтілуде. ЕАЭО, ШЫҰ және Түркі мемлекеттері ұйымы аясында ынтымақтастық кеңейіп, экономикалық және мәдени байланыстың жаңа форматтары пайда болады.
Су ресурстарын тиімді басқару және энергетикалық ынтымақтастық мәселелері тұрақтылық пен дамудың маңызды факторы ретінде қала береді. Бұл бағытта бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен инвестициялық бағдарламалар қолға алынуы қажет. Сонымен қатар, білім беру және мәдени-гуманитарлық салада цифрландыруды кеңейтіп, жастардың мобильділігін арттыру арқылы халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға болады.
Қорытындылай айтқанда, 1992–2024 жылдар аралығында Қазақстан мен Қырғызстан қатынастары өзара түсіністікке, ортақ тарихи-мәдени негізге және аймақтық қауіпсіздік мүддесіне сүйене отырып тұрақты дамыды. Екі ел арасындағы байланыстар саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да стратегиялық маңызға ие. 2024 жылы екі ел арасындағы ынтымақтастық бұрынғыдан да ауқымды болып, болашақта экономикалық кооперацияны тереңдетуге және халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған жаңа жобалар жүзеге асырылуда.
Пайдаланған әдебиеттер
1.ҚР Сыртқы істер министрлігі. Қазақстан – Қырғызстан дипломатиялық қатынастары. https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa
2.Бейсенова А. Қазақстан мен Қырғызстан: аймақтық қауіпсіздік пен интеграциялық үдерістер. // ҚазҰУ Хабаршысы, 2005. №2. https://bulletin.kaznu.kz
3.Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт. ҚР
Заңнама дереккөзі: https://adilet.zan.kz
4.Сейдін Н. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы. – Алматы: 2006. https://sejdin-n-b-қazaқstan-respublikasynyң-memlekettik-shekarasy-қalyptasuy
5.Қазақстан Президенті ресми сайты – Тоқаев пен Жапаровтың кездесуі. https://www.akorda.kz
6.ШЫҰ саммиті қорытындылары. ШЫҰ ресми сайты. https://eng.sectsco.org
7.ҰҚШҰ ресми сайты. Бірлескен әскери жаттығулар туралы ақпарат. https://odkb-csto.org
8.ҚР Ұлттық архиві. Шекара мәселесіне қатысты құжаттар. https://archive.gov.kz
9.DKNews.kz – Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту туралы жаңалық. https://dknews.kz/kz
10.Қырғыз Республикасы Еңбек министрлігі. Миграция статистикасы. https://mlsp.gov.kg
11.Inform.kz. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2024 жылғы сауда айналымы. https://www.inform.kz/kz
12.ҚР Сауда және интеграция министрлігі. https://www.gov.kz/memleket/entities/mtti
13.Қазақстан Ұлттық статистика бюросы. Сауда балансы туралы. https://stat.gov.kz
14.ҚР СІМ. Инвестициялық ынтымақтастық мәліметтері. https://invest.gov.kz
15.Еуразиялық экономикалық комиссия. ЕАЭО ресми сайты. https://eec.eaeunion.org
16.ЕАЭО Индустриялық кооперация туралы келісім. https://docs.eaeunion.org
17.Қазақстан темір жолы – KTZ ресми сайты. https://ktzh-gp.kz
18.Қазақстан мен Қырғызстанның «Цифрлық шекара» жобасы туралы. https://digitalkz.kz
19.Чу-Талас су ресурстары туралы келісім. UNECE құжаты. https://unece.org/environment-policy/water
20.ҚР Су ресурстары комитеті. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo
21.Қырғызстан Энергетика министрлігі. https://energo.gov.kg
22.ҚР Энергетика министрлігі. https://www.gov.kz/memleket/entities/energo
23.ҚР Экология министрлігі. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecology
24.UNECE. Chu-Talas Strategic Action Programme. https://unece.org
25.Қырғыз мәдени орталығы – Алматы. Мәдениет туралы мәлімет. https://assembly.kz
26.Informburo.kz. Қазақстанның Қырғызстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі. https://informburo.kz
27.ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. https://www.gov.kz/memleket/entities/science
28.«ҚР және Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынасқа шолу». Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ). https://kisi.kz
489 рет
көрсетілді0
пікір