• Ел мұраты
  • 03 Маусым, 2013

Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы

Мұхит Әуелбай,
саясаттанушы

Дамыған мемлекет белгісі, сыртқы экспортқа, заман талап­тарына сай, өңделген дайын өнім шығарса, артта қалған дамушы мемлекет, шикізат тасымалдайтыны белгілі. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» – қағидасына сай, Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан 2050 – Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» – атты халыққа жолдауында: «Мен ХХІ ғасыр, Қазақстанның алтын ғасыры болатынына сенемін» – деп атап өтіп, бірлік пен бейбітшілік, түсіністік негізінде, жердегі әрбір адамның жүрегінде иман ұялап, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған, адамзатының рухани алтын ғасырына аяқ басқан, қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасының мақсат-мүддесін айқындап берді.

Әрбір жүз жылда, қоғамның дамуына қарай, жаңа түсініктер өмірге келіп, ұғымдар өзгеріп тұратыны белгілі. Елбасымыздың көтеріп отырған, адамзатының рухани алтын ғасырына аяқ басу, алтын ғасыр ұғымдары Адам деген кім? Өмір мәні неде? Тәрбие деген не? Бақыт деген не? Адам потенциалын дамытып, постиндустриалды қоғамға көшу негізі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру дегеніміз не? – деген сұрақтарға философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыда, ғылыми негізделген түсініктеме беру арқылы ғана іске асатыны белгілі.

ХХІ ғасырға аяқ басқанда, ақпараттық Нано-Био-Атом- Ядролық қару технология­лары дамыған заманда, адамзаты, әсіресе, өскелең ұрпақтың өмірге біржақты, мате­риалдық көзқараспен қарауы, суицид, нашақорлық, жемқорлық, басқа да рухани аурулар туындатып, адами құндылықтар артта қалуы, жердің сақталу, сақталмауы, ақыр заман орнауы, орнамауының ғаламдық, саяси проблемасына айналып, әлем зиялы қауымы мен жұртшылығын қатты толғандыруда. «Адам болу үшін, надан болмау керек» – деген, Абай атамыздың өсиетіне сай, бірлік пен жасампаздық, адами құндылықтарға негізделген ұстанымға сай, 1991 жылы Семей ядролық полигоны, Елбасы жарлығымен жабылып, әлемдік діни соғыстың алдын алу мақсатымен, Астанада әлем діндері көшбасшыларының съездері бас қосып, Адам Ата, Хауа Ана ұрпақтары, адамзаты, ХХІ бейбітшіліктің алтын ғасырына аяқ басты. Ата-бабаларымыздың, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған, кең байтақ, бай жерімізді отарлау үшін, 300-жылдық бодандық кезінде, тоталитарлық жүйе, ұлт рухы тіл, дәстүр, ділімізді жою мүддесімен, орыстандыру саясатын жүргізді. Бала бақша, мектептен бастап, мәдениеті мен тарихы жоқ, тек мал баққан, мәңгүрт халық ретінде тәрбиелеп, өз ой-пікірі жоқ, бар болса да, ашық айта алмайтын, кез-келген бұйрықты ойланбай орындайтын, «Дайын бол! Әрқашан дайынмын!» – деген құлдық сана қалыптастыру саясатын іске асырды. Ел даналары мен ақыл парасат иелері репрессиялап, халық ашаршылықтан қырылып, ел ауып кетті. «Біреудің жерін басып алғың келсе, әуелі оның санасын жаулап, өз тіл, дәстүр, дініңе кіргізу керек» – деген неоколониализм қағидасына сай, ана тілі, дәстүр, тарихын білмейтіндіктен, дәстүрлі ұстанымы қалыптаспағандықтан, әркімге бір еліктеген, суық тілді шүлдірлеген, үлкен демей, кіші демей, беттен алатын, мәңгүрттенген ұрпақ пайда болды.
Даналықты меңгерген кешегі Қорқыт, Қаздауысты Қазыбек, әл-Фараби, Абай, Cүйінбай, Махамбет, үш жүздің басын біріктірген Абылай хан, Қарасай, Ағынтай, Сырым, Исатай, т.б. батыр бабаларымыз не бір қырғындарда қан төгіп, ұрпақтарына осы жерді аманат ретінде не үшін қалдырды? Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсыновтар репрессияға ұшырап, желтоқсанда Қайрат, Ләззаттарымыз не үшін жанын беріп, құрбан болды? Осындай жағдайда, ішкі, сыртқы жау, «Разделяй и властвуй!» саясатын жүргізіп, өсек-өтірікпен билікке ұмтылған, санасы ояна қоймаған, қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салып, іштен ірітуде. Мемлекет басына өз адамын қойып, сырттан басқарылатын марионеттік режим орнатуды көздеп, қой терісін жамылған түрлі ағым, секта, миссионерлер, отбасы, мектептен бастап, Концепция контролируемого хаоса, Мировое Правительство, Аллен Даллес доктриналарын іске асыру мақсатымен, өтірік көмектескен болып, мемлекеттік заңдарымыз бен оқу-тәрбие жүйемізге, ұрпақ санасын улайтын заңдарын тықпалап, мектептегі балалар мен студент жастар саясатына белсене араласып, әдіс-тәсілдерін күннен-күнге жетілдіріп, қаржысын аямауда. Аллен Даллес доктринасы: «Окончится вторая мировая война. Как то, всё устроится. И мы, бросим всё что имеем, всё золото, всю материальную мощь, на оболванивание русских (советских) людей. Посеяв там хаос, мы незаметно подменим их ценности на фальшивые и заставим их в эти ценности верить. Мы найдём среди них своих единомышленников, своих помошников и союзников. Эпизод за эпизодом, будет разыгрываться грандиозная трагедия гибели самого непокорного на земле народа, окончательного угасания его самосознания. Из литературы и искусства мы постепенно вытравим их социальную сущность, отучим художников, отобъём у них охоту заниматься изображением, исследованием тех процессов, которые происходят в глубинах народных масс. Литература, театр, кино, всё будет изображать и прославлять самые низменные человеческие чувства. Мы будем всячески поддерживать и поднимать так называемых художников, которые станут насаждать и вдалбливать в сознание культ секса, насилия, садизма, предательства, словом всякой безнравственности. В управлении государством мы создадим хаос, неразбериху. Мы будем незаметно, но активно и постоянно способствовать самоуродству чиновников, взяточников, беспринципности. Честность и порядочность, будут осмеиваться и никому не станут нужны, превратятся в пережиток прошлого. Хамство и наглость, ложь и обман, пьянство и наркоманию, животный страх и вражду народов, прежде всего вражду и ненависть к русскому (советскому) народу, всё это мы будем ловко и незаметно культивировать. И лишь немногие, очень немногие, будут догадываться или понимать, что происходит. Но таких людей мы поставим в беспомощное положение, превратим в посмешище, найдём способ их оболгать и объявить отбросами общества. Мы будем расшатывать таким образом поколение за поколением. Мы будем драться за людей с детских, юношеских лет, будем главную ставку делать прежде всего на молодёжъ, станем разлогать, растлевать её. Мы сделаем из них космополитов».
«Война вооружённая отходит в прош­лое, становиться неэффективной. Полем битвы становиться человеческое сознание. Информационные операции, есть составная часть военной стратегии США. Информационно-психологическая война, без атомной бомбы – это такая система воздействия на сознание и систему управления вероятного противника, которая позволяет внедрить в ряды противника и населения нужные агрессору ценности, (к примеру лидерства ) когда за счёт информационного воздействия на сознание, особенно госуправления, можно завоевать стратегически, подчиняя в своих интересах. Перепрограммирование сознания можно реализовать через навязывание ложных образов и свою версию ценностей, это законодательство, сериалы, интернет, образование, и т.д., расшатывая идеологически, когда поток негативной информации, через телевидение переноситься на семейные отношения и разрушение государственной идеологии в целом» десе, оған біз неге немқұрайлы қарауымыз керек. Сонымен қатар, қиындықты көп көріп, даналыққа жеткен халық болғандықтан, ақ пен қараны ажыратып, ақылды алға салып, басып озудың, дара да, дана саясатын қолға алып, дамыған елдердің жақсы жағынан үлгі алу уақыт талабы. Осыған сай Сингапурды алатын болсақ, бұл шағын мемлекет, рухани тазалық ұстанымдарын ұлттық идея деңгейінде көтеріп, ауыз суына дейін сырттан тасымалдауына қарамастан, инновациялық идеяға негізделген экономика құру негізінде, инеден ракетаға дейін шығарып, көп саласында әлемдегі бірінші орынды иеленуде. Жапония дәстүрлі синтоизмнің жан-жақты тазалық пен адалдыққа негізделген Cамурай дәстүріне сай ұстанымдарын, ұлттық идея деңгейінде дәріптеп, қолға алып, 1966 жылы, «Үлгілі адам келбетін қалыптастыру бағдарламасын», («Программа формирования желательного образа человека»- основана на духовно- нравственных принципах, к примеру таких как: « Ничто серъёзное построить нельзя, если делается без души. Шлифовка духа и чувств не достигается без усилий и жизненных испытаний. Образование в течении всей жизни»), іске асырып, 20 жылда Тойота, Сони сияқты компаниялары әлемдік нарықта 1-орынға шықты. Қытайды алатын болсақ, бұдан 5000 жыл бұрын негізі салынған, Конфуций философиясын, ұлттық идея деңгейіне көтеріп, «ХХІ ғасыр Қытай ғасыры» – деген атқа ие болуда. Осыған cәйкес, профессор Махмуд Хамди Зақзұқ «Ұмытылған құндылықтар» кітабында: «Тап қазіргі кезде, қоғамның тек материалдық тұр­ғы­дан ғана, біржақты дамуы, ғалам тепе-теңдігіне әсер етіп, жерде түрлі катоклизмдер тудыруда. Ал, рухани құндылық, өмірдің барлық саласын дамытуға қозғау салатын негізгі тірек болып табылады. Осы тіректен қалған дамушы күштер бастау алады, өйткені мұнсыз ешқандай нәрсе жасау мүмкін емес» – деп жазған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Мұханбетқазыұлы Тажин, рухани негізсіз, экономикалық модернизация мүмкін еместігіне қатысты: «Любая модернизация, вне национальных традиций, обречена на неудачу» – деп, Қазақ Елінің ХХІ ғасырдағы саяси-экономикалық даму бағытын нақтылады.
Қазіргі кезде адамның жаратылысына қатысты АҚШ, Жапония, Россияда атомаралық деңгейіндегі, торсиондық, био­энергоақпараттық зерттеулер нәтижелері бар екені белгілі. Осыған сәйкес, академик Г.И. Шипов, жердегі болып жатқан түрлі табиғи апат, емі жоқ аурулардың кө­беюі, ғаламдық жаратылыстың тепе-теңдігі бұзылып, адам­затының рухани азғындауының салдарынан деп айта келе: «субстрактом Вселенной является информационный вакуум (99,999999%) и лишь (00,00001%) составляет материя, исходя из которой ортодоксальный научный мир пытается познать остальные её (99,999999%). Весь плотный мир, вся плотная материя рождается из вакуума. Но выше вакуума стоит первичное информационное поле высшего духовного сознания. Абсолютное ничто, то есть вакуум, является источником всего материального. Материалистическое понимание мира, свело науку к познанию человека, только с позиции физического тела, забыв о том, что это духовное творение. Потребительское мировоззрение формируемое технологиями извне, с помощью СМИ, порадили среди молодёжи эгоизм и низменные чувства, смыслом жизни стали удовольствия и бесконечные наслаждения, порождая негативные явления в общественной среде» – деп жазды.
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» ХДП, кезектен тыс ХІІ-съезінде егеменді ел тарихында алғашқы рет идеологиялық бағытымызды нақтылап: «Дағдарыс ашып көрсеткен ішкі проблемалардың үлкен бір бөлігі, қоғамның рухани ахуалымен байланысты. «Нұр Отанның» идеологиялық жұмысы, қоғамда рухани-парасаттылық құндылықтардың жаңа жүйесін орнықтыруға бағытталуы тиіс» – деп, нақты белгілеп берді. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын қабылдап», «жеке тұлғаның рухани жағынан қалыптасуы, барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып тұр» – деп нақтылады. Астанада бас қосқан әлем діндері көшбасшыларының съезі, адамзаты үшінші мыңжылдықта тек рухани негізде ғана біріге алатындығының дәлелі ретінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысы негізінде, «Ел бірлігі доктринасы» қабылданып, үшінші тарауы, бірлік пен бейбітшілік, теңдік пен жасампаздыққа негізделген, «Ұлт рухын дамыту» қағидатымен бекітілді.
Айналамызды қоршап тұрған материал­дық дүние ой-сана эволюциясының жемісі болғандықтан, алғашқы тас құрал сайманнан бастап, жабайы атты қолға үйретіп, шалбар, дөңгелек, арба, т .б., материалдық құндылықтар ойлап тауып, адамзатының мәдени-экономикалық дамуына үлес қосқан, Бүгінгі қуатты қазақ еліміз. Ұлт рухын, көк туымыздағы қырандай биікке самғатқан, Есік қорғанынан табылған, Алтын Адам сияқты, мұраларымыз, (кешегі шумер (кеңгір), сақ (скиф), көк түрк (түрк қытай сөзі, тәңір – құты, қуатты мемлекет- деген мағынаны білдіреді), түрктің түп қазығы қазақ, (қалай оқысаң да «АҚ» – деген сөзден тұратын, «КЕҢ»- деген ұғым. « Кең болсаң кем болмайсың», – деген осыдан шыққан), халқымыздың болашаққа нық басқан, тереңде жатқан, тарихи және мәдени сабақтастығына дәлел. Адам Ата Хауа Ана мөлдір махаббатына себепші болған, алғашқы Алма жемісі (Алма – алуға болмайды – деген қазақ сөзі) мен сұлулықтың нышаны Қызғалдақ та қазақ жері, Алатау шыңы мен бөктерінде, Алмалы қазіргі Алматы маңында пайда болғанын ағылшын мен француз ғалымдары дәлелдеп берді. Тарих кеше, бүгін, ертеңнен тұратындықтан, егеменді ел болып, Елбасымыздың ұсынысымен, ұрпақтар болашағы, рухани алтын ғасырға бағытталып, қолға алынып жатқан, қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, әлем­ге қазақ халқын, ХХІ-ғасырда тіл, дәстүр, діл, тарихи шындық негізінде ұлт рухын көтеріп, болашаққа нық басқан ел ретінде, үш бөлімнен тұруы қажет. Қазақ Елі – кеше, (cаяси-мәдени, тіл, дәстүр, діл, тарих, ғылыми-әлеуметтік, саяси-экономикалық даму). Қуатты Қазақстан – бүгін, (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени тіл, дәстүр, діл, тарих, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму). Қуатты Қазақ Елі – ертең, (бірлік, теңдік, ұлт рухын дамыту негізіндегі, саяси-мәдени (тіл, дәстүр, діл, тарих), ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық даму).
Адамзатының рухани алтын ғасы­рына бағытталған қуатты Қазақстан ұлттық идея доктринасы, рухани және материалдық құндылықтарды өмірге келтіретін сана жемісі, идеялар туындататын, ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмдерін іске асыратын құжат ретінде жазылып, қабылдануы қажет. Сонда ғана ол адамзатына үлгі, өніп-өсіп, өркендеген, ел доктринасы ретінде, барша халқымыздың мүддесіне сай, ұрпақтардың жарқын болашағына кеңінен жол ашатын құжат ретінде жемісін береді.
Доктрина корпоративті мәдениетімізді ұлт рухын көтеру арқылы іске асыратын құжат ретінде жазылуы үшін, адамның жаны мен тәні сияқты, корпорация – формасы болса, қозғаушы күші, оның жаны тіл мен дәстүр, діл, тарихи шындықты бойына сіңіріп, дүниетанымы қалыптасқан. Даналықты меңгерген ақыл-парасат иесі, интеллектуалды ұлт негізі, рухы биік тұлға болуы керек. Осы екі мәселені ұштастыратын, қуатты Қазақстан – ұлттық идеясы болып тұр. Қазіргі ғылымда, өмірге біржақты, материалистік тұрғыдағы көзқараспен қарау негізінде, қалыптасқан түсініктер бойынша: Адам дегеніміз – « Homo sapiens» түріндегі, сүтқоректілер қатарына жататын саналы пікір иесі. Өмір мәні – әркім өзінше түсінетін ұғым.
Тәрбие дегеніміз – (ҚР Білім және ғылым министрлігі, тәрбие тұжырымдамасына сай), қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара тиімді іс-әрекеті – достық.
Әркімге бір еліктеп, жалтақтаудан туындап жатқан, осындай ұғымдар мен түсініктер, егеменді ел дүниетанымына әсер етіп, дамуымызға кедергі болуда. Сол себепті, доктринаның қабылдануы, алдымыздағы кем дегенде жүз жылдық межені қамтитындықтан, ел үшін ерекше стратегиялық құжат пен заңдар, өз рухани дүниетанымымызға сай, ана тілімізде жазылып, өзге ұлт дүниетанымынан туындаған заңдардан көшіруді азайтсақ қана, ұлтымыздың бай қазынасы – рухы, жарыққа шығып, санасы оянып, дамуға көшері анық. Әр жүзжылда ұғымдар өзгеріп тұратындықтан рухани алтын ғасырға бағытталған бағдарлама жасау мақсатымен, 2005 жылы Алматы мектептерінде эксперимент ретінде қолға алынып, 2009 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Орталық Аппаратының қолдауымен «Ақбастау – рухани тазалық ұстанымдарына негізделген, жүйелі ой-сана қалыптастыруға бағытталған, кешенді тәрбие бағдарламасы», өз жемісін беріп, Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі , әлем ғылымында, осы уақытқа дейін шешімі табылмай келген, қазақстандық брэнд, «Рухани заңдылықтарға негізделген, адам санасы жұмыс жүйесінің, пирамидалық құрылымының галограммасы» немесе тұмар жүйесі ғылыми жаңалық ретінде іске асырылып, авторлық құқыққа ие болды. Қуатты Қазақстан – ұлттық идеясын іске асыруға бағытталған, кейбір ұғымдарға түсініктер.

ҚУАТТЫ ҚАЗАҚСТАН - ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ ДЕГЕН НЕ ?

Ұлттық (діл) идея, адам өмірінің мәнінен туындайтын ұғым. Адам өмірінің мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, рухани жетілу болса, адамдар қауымдастығы, мемлекеттің ұлттық идеясы, рухы күшті, қуатты мемлекет қалыптастыру. Яғни, «Қазақстан 2050 – Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын іске асыруға бағытталған, алтын ғасыр доктринасы. Доктрина деген не? Доктрина – лат. «doctrina», ілім, ғылым, оқыту, білімділік. Әрбір ұлт, халықтың, тіл, дәстүр, діліне қарай, қалыптасқан дүниетанымына сай ұстанымдары негізіндегі, саяси, теориялық даму бағытына, заманауи көзқарас. Рух дегеніміз не? Рух дегеніміз – мәңгі, шексіз, ешнәрсеге мұқтаж емес, бірлікке негізделген, махаббат пен мейірімнен тұратын, таза сана негізіндегі, ақыл-парасат, ғаламдық қуатты өрістік негіздегі толық жетілген ақпараттық жүйе, барлық жаратылыс негізі. Адам дегеніміз кім? Адам дегеніміз – жан мен тәннен жаралған, 12 мүше, 62 тамыр, 72 буыны санаға қызмет жасайтын, толық жетілген рухтың, жетілмеген, жер жағдайында, өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы, білім мен тәжірибе негізінде, рухани заңдылықтарды меңгеру арқылы, жетілетін бөлігі. Өмір мәні неде? Өмір мәні – өмір сынақтары (қиындықтары) арқылы рухани жетілу. Тәрбие дегеніміз не? Тәрбие дегеніміз – адам бойындағы, ата-баба тегі­нен, әкесі мен анасы арқылы келе жатқан, шежірелік, генетикалық ақпараттарды баптау. Мінезіңнің жақсы жақтарын күшейтіп, жаман жақтарын басу арқылы, өзіңді-өзің жетілдіру.
Ұлттық тәрбие негізі, рухани тазалық ұстанымдарының көрсеткіштері: Ой-сана, ниет-пиғыл тазалығы; гигиеналық дене тазалығы; сөз тазалығы; іс-әрекет тазалығы; көркем мінезге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынас тазалығы; экологиялық сана негізіндегі, қоршаған орта мен табиғатқа деген тазалық. Бақыт деген не? Бақыт дегеніміз – рухани заңдылықтар негізінде, ақ пен қараны ажырата білу арқылы, күнделікті өмірде дұрыс шешім қабылдап, алдыңа қойған мақсаттарға жете білу. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру дегеніміз не? Интеллектуалды ұлт немесе даналықты меңгерген ақыл-парасат иесін қалыптастыру дегеніміз – дәстүрлі рухани заңдылықтар негізінде, жан-жақты тазалық ұстанымдарын меңгеру арқылы, ақ жолдың қарасы, қара жолдың ағы болатынын түсініп, бір сөзден-ақ, көп нәрсені аңғарып, сөз астарын түсініп, ақыл-оймен саралап, жақсылыққа даралап, күнделікті өмір сынақтарынан, жүйелі ой-сана негізінде, дұрыс шешім қабылдау арқылы, алға қойған мақсатыңа жетіп, адал да, таза өмір сүре білу. Енді, интеллектуалды ұлт қалыптастыру ме­ханизмі қалай іске асады. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі – тіл мен ділімізге, дәстүрлі рухани заңдылықтарға, заман талабына сай, ғылыми көзқараспен қарап, адам ой-санасының пирамидалық құрылымының галограммасын, күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу арқылы іске асады. Әлем тәжірибесі көрсетіп тұрғандай, алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер, ұлт рухын көтеру арқылы, нарықтық бәсекеде, алдыңғы орындарға ие болып, мәдени - экономикалық салаларда ірі жетістіктерге жетіп отыр. Ұлт рухын көтеру арқылы, бір атаның баласы, Қуатты Қазақ Елі, Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасын іске асырудың негізі, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі немесе тұмар жүйесі сан жағы­нан аз болса, да сапа жағынан мықты ұлт дайындауға ауқымды үлес қосары анық. Қуатты Қазақстан – ұлттық идея доктринасы деңгейінде іске асырылатын, интеллектуалды ұлт қалыптастыру механизмі, бақыт пен даму кілті, тұмар жүйесін меңгеру, қазақ тілі діл дәстүрін білу арқылы ғана, жоғары деңгейде іске асатындықтан, өзге ұлттар тарапынан мемлекеттік тіліміз, тарих, мәдениетімізге деген қызығушылық пен мұқтаждық, күннен-күнге арта түсері ақиқаттың шындығы, ұрпақтарымыздың жарқын болашағы.

747 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз