• Ұлттану
  • 30 Қараша, 2011

Өзіндік бай тарихы бар басылым

Құрметті қаламгерлер, «Ақиқат» журналының оқырмандары сіздерді қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналының жарық көргеніне 90 жыл толуы­мен шын жүректен құттықтаймын. Ұлттық баспасөз тарихын­да әр жылдары түрлі атаулармен жарыққа шыққан «Ақиқат» журналы тәуелсіздік алған жылдардан бері елімізде қоғамдық-саяси ойдың қалыптасуына Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын насихаттауға зор үлес қосып келеді. Басылым беттеріндегі ұлттық сипаттағы танымдық мақалалар мен тарихи толғаныстар халқымыздың рухани дүниесін қай­та түлетіп саналы ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосуда. Ме­­рейтой тұсында журнал ре­дак­циясы ұжымына, оқырман көп­шілікке зор денсаулық, шалқар шабыт, мол табыс тілеймін.

Құрметпен, Б. МАЙЛЫБАЕВ,

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі

басшысының орынбасары

***

Құрметті «Ақиқат» журналының ұжымы!

Сіздерді «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының 90 жылдығымен шын жүректен кұттықтаймын! Бастауында Алаш арыстары тұрған «Ақиқат» журналы ұлт­тық баспасөз тарихында айрықша орын алады. Әр жылдары түрлі атаулармен жарық көрсе де, журнал ұлт­тық мүддеге қызмет етіп келеді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері басылым ақпарат кеңістігінде салиқалы сараптамалары мен пайымды мақалалары арқылы халқымыздың рухани, мәдени және әдеби әлемінің қанат жаюына үлес қосуда. Өзіндік бай тарихы бар басылымның мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұжымның жұмысына шығармашылық табыстар тілеймін.

Құрметпен, Д. Абаев,

                                            Қазақстан Республикасы

                             Президентінің Баспасөз хатшысы

***

***

Менің журналға мақала жазып, автор бола бастағаныма 58 жыл толыпты. 1953 жылы наурыз айында Мәскеу­де аспирантура бітіріп, кандидаттық диссертация қор­ғап келген кезімнен бастап, сол кездегі журнал басшылары болған ағалар (Ахмет Елшібеков т.б.) мені жас демей, жазғандарымды керек жерін жөндеп, қолымнан қақпай, қолдап отырды. Ол кезде журнал «Қазақстан коммунисі» деп аталатын. Егемен­дігімізді қолға алғанда, оның «Ақиқат» болып аталуына тілек қосқан кезімде болды. Журнал аты өзіне сай болды, соған ризамын. Бүгін журнал бірден-бір тарихи, саяси, теориялық материалдар жариялап, архив шаңында жатып қалған құнды мәдени мұраларымызды көтеріп, халқымыздың санасын қозғап, кеңейтіп, ұлттық патриотизм қалыптастырып, қоғамға үлкен үлес қосып келеді, деңгейі жоғары. Сөз соңында айтарым: рухани өмір кеңістігінде журнал аспандап, шарықтап, жарқырап жасай берсін деген тілек!

Досмұхамед Кішібеков,

 ҚР ҰҒА академигі.

505 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз