• Ел мұраты
  • 03 Сәуір, 2015

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Нұр Отан» партиясы XVI съезінің Н. Ә. Назарбаевты Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат етіп ұсыну жөніндегі шешімін қолдау туралы Үндеуі

Құрметті отандастар! Бүгін барша Қазақстан халқы біздің Отанымыздың өміріндегі тағдырлы және тарихи оқи­ғаның қатысушысы әрі куәгері болды. «Нұр Отан» партиясының XVI съезі бірауыздан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты кезекті мерзімге Қазақстан Респуб­ликасы президенттігіне кандидат етіп ұсынды. «Нұр Отан» партиясы съезінің шешімі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс президенттік сайлауды 2015 жылы өткізу туралы бүкілхалықтық қол­дауға ие болған бастамасының терең негізділігінің және заңдылығының ай­ға­ғы болып табылады. 28 ақпанда Қа­зақстан халқы Ассамблеясы Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан өзінің кандидатурасын кезектен тыс президенттік сайлауға ұсынуын сұраған болатын. Бұл қадамға біздің еліміз бен оның халқының болашағы алдындағы жоғары жауапкершілік, қоғамның тұрақ­ты­лығы мен бірлігін, ертеңгі күнге деген нық сенімді, жұмыс орындарын және әлеуметтік кепілдіктердің, жалақы мен шә­кірт­ақының сақталуын қамтамасыз етуге деген ниет түрткі болған еді.

Біздің осы бастамамызды қолдап мыңдаған аза­маттар, ірі өндіріс ұжымдары, ауыл ша­руа­шылығы саласының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестіктер үн қосты. Осы арқылы Қа­зақстан халқы жүргізіліп отырған сали­қалы ішкі және сыртқы саясатқа толық қолдауын білдірді, жоғары азаматтық жауапкершілік пен патриотизм үлгісін та­ныт­ты. Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кандидатурасының Қазақ­стан президенттігіне ұсынылуына ерекше ықыласпен қолдау білдіреді. Бұл қадам мемлекет пен қоғамның нақты іс-қимыл жос­пары – «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» Жаңа Экономикалық Саяса­ты­­ның жүзеге асуының, жауапты, тұрақ­ты және салмақты ішкі және сыртқы саясатымыздың әрі қарай іркіліссіз іске асуының бірегей шарты болып табылады. Нұрсұлтан Әбішұлының пре­зиденттік сайлауға қатысуы – бұл па­триоттық акт, елдің тұтастығын сақтау, мемлекетті әрі қарай дамыту мен азаматтардың әл-ауқатын артты­рудың басты міндеттерін шешу үшін экономиканы тұрақтандырудың, азамат­тық жарасым мен әлеуметтік тұ­рақ­­­тылықты нығайтудың қуатты бастауы болып табылатын аза­мат­тық парыз бен жауапкершіліктің ай­қын көрінісі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ел алдындағы абыройы, оның саяси даналығы мен терең тә­жі­рибесі, оның тұлғасына деген ел сені­мі сайлау науқанының лайықты дең­­гей­де өтіп, Қазақстан аза­мат­тары­ның ер­кін таңдау жасауына кепіл бола­­ты­­ны­на сенімдіміз. Біз қазіргі Пре­зиден­ті­міздің кандидатурасының ұсы­­­­­нылуы халықаралық қоғамдастық үшін Қазақ­станның сыртқы – бейбітшілік пен келісім саясатының, сенім мен тия­нақ­­тылыққа негізделген саясатының өзге­­ріссіз қала­тындығына салмақты дә­лел болады деп санаймыз. Қазақстан халқы Ассамблеясы келешек алдындағы жауапкершілігін сезіне отырып, халық пен елдің биік мүддесін ескере отырып, азаматтық және патриоттық парызын орындау мақсатында еліміздің барлық азаматтарын кезектен тыс президенттік сайлауға белсенді түрде қатысуға және дауыс беру арқылы еркін білдіруге шақырады. Біз барша Қазақстан азаматтарын болашақ ұрпақ үшін, елі­міздің өркендеп дамуы үшін өзінің конс­титуциялық құқығын пайдалануға, ерік­ті таңдау жасауға, сайлауда дауыс беруге, біздің еліміз бен қоғамымыздың тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға үлес қосуға шақырамыз. 
Астана қаласы, 
2015 жылғы 11 наурыз.

 

416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз