• Ел мұраты
  • 04 Қыркүйек, 2015

Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекетімізді ғұмырлы ету – біздің ортақ мүддеміз

Айбол Ибрагимов, 
Астана қалалық сотының 
Кеңсе басшысының орынбасары

Ел Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың ұсынған ұлт жоспары бес институциалдық реформасы қазіргі заманғы мемлекет құрудың, жаһандық және ішкі сын-қатерлерге қарсы күре­судің, экономикалық дамудың, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамы­ған мемлекеттердің отыздығына енуіне жол бастаудың нақты жоспары болып та­былады.Бізге мыңжылдықтар тоғыс­қан алмағайып кезеңде мемлекет құру, ел болу міндеті жүктелді. Мемлекет басшысы қадап айтқандай, «Біздің алдымызда тәуелсіздікті қорғау, тату­лықты сақтау, тұрақтылықты ор­нықтыру сияқты аса күрделі тарихи істер тұр.Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мем­лекетімізді ғұмырлы ету – біздің ор­тақ мүддеміз». Осы идея біз­дің жүзеге асы­руға тиіс 100 қадам реформасында көзделген. 


Мемлекет басшысының атап өткен тапсырмаларының біріншісі мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру мәселесі көңіл қуантады. Ұлттық заңнаманы қуаттандыру мемлекеттiк басқару жүйесiн оңтайландыруға, мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі меритократия қағидатын қалыптастырудың құқықтық тетіктерін реттеуге мүмкіншілік туғызады.
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушылар үшін үш сатылы іріктеу жүйесі, 3 айдан және 6 айдан кейін сынақ мерзімдерін белгілеу көзделеді. Мемлекеттік қызметте іскерлік қа­білетін, біліктілігін, жауапкершілігін көрсете алған маман ғана лауазыммен жоғарылайды. Мемлекеттік қызметкер айналасындағыларға үлгі болатындай, білімі де, іскерлігі де, халыққа деген құрметі, адамгершілігі де жоғары тұлға болуға тиіс, сонда ғана билікке деген ел сенімі артады.
Тапсырманың 17-қадамында: «судья лауа­зымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Судьялыққа үміткерлер соттарда судья жалақысының 70 пайызы мөл­шерінде жалақысы төленетін бір жыл­дық тағылымдамадан өту. Бір жылдық тағылдамадан кейін судьяға бір жылдық сынақ мерзімін белгілеу» нормалары құқықтық реттелуде.
Астана қалалық сотының төрағасы Т.Бәр­пебаевтың өкімімен біліктілік комис­сиясы құрылып, судья көмекшісі туралы алғашқы ереже бекітілді. Судья көмекшісі туралы ережеде судья көмекшісі қызметінің құқықтық міндеттері, судья көмекшісінің жауапкершілігі, тәртібі айқындалды.Судья көмекшісінің өкілеттілігі бұл республика бойынша алғашқы жоба. Комиссиялық кон­курсқа Астана қалалық соттарының Кеңсе мамандарының ішінде біліктілігі жоғары алпыс маман қатысты. Олардың ішінде судьялыққа тест тапсырғандар, академияны бітіргендер де бар. Судья көмекшісі туралы Ереже бойынша мамандардың еңбек өтілі үш жыл, соның ішінде бір жылы сот хат­шысы болуы шарт. Біліктілік комиссиясы конкурсқа қатысқан мамандарды біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби біліктілігіне және жеке басының адамгершілік қасиеттеріне қарай таңдады. 
Қатысқан 60 маманның 5-уі  бүгінгі таңда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының құрамында бол­ған әділ сот институты, қазіргі Жоғарғы Сот жанынан қайта құрылған Академияға оқуға жолданып, 24 қызметкерге жаңадан тағайындалған судьялардың көмекшісі лауазымын атқаруға ұсыныс берілді. Судья көмекшісі қызметінің басым бағыты судья қызметін құқықтық-ұйымдастыру, ақпараттық, құжаттамалық және іс жүргізу қызметін қамтамасыз ету, сот процесін ұйымдастыру, сот актілерін дайындау болмақ. Жоғарғы Соттың жанынан қайта құры­латын Академияда магистрлер даярлау, судьялардың біліктілігін арттыру курстары және ғылыми зерттеу институты құрылып, жұмыс істейтін болады. Іріктеу кезінде кеңсе мамандарының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік сот процестерінің хатшылығында болып, осы бағыттарда ма­ман­дандырылғаны ескерілді. Мәселен, қылмыстық істері бойынша сот хатшысы болған маманға қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясына судья көмекшісі ретінде бекітіледі және тәлімгерлерімен бірге алғашқы тәжірибесін бастайтын болады. 
Судья көмекшісінің жұмысы ай сайын тыңдалып, оның сот процесін ұйым­дас­тыруы, сот құжаттарын дайындауы туралы  алты  айда атқарған жұмысы бойынша есеп беріліп отырады. Біліктілік комиссиясы судья көмекшісінің жұмыс нәтижесін қарап, жылдың қорытындысымен судья көмекшісі қызметіне лайық па, лайық емес пе екеніне баға беріліп, Астана қалалық сотының төраға­сының атына судьялық лауазымға лайық, Академияға оқуға түсуге немесе ішкі кадрлық резервке алынуға ұсыныс беріледі. Бұл жүйе судья лауазымына кез келген адам өтіп кетпей, сот ісін жүргізуден нақты тәжірибесі бар, сот жүйесінде қызмет атқарған, сот процестеріне үнемі қатысып қалыптасқан хатшылардың, ең маңыздысы судьялық корпусқа білікті мамандардың келуіне септігін тигізеді. Осы талаптар су­дья­лық корпустың қуатты қалыптасуына жол ашады. Судьялықтан үміткер судьяның көмекшісі қызметінде сотта істің қалай қаралатынын, сот процесінің қалай ұйым­дастырылатынын, дәлелдемелерді заң нормаларына сәйкес зерделеу, сот акті­­лерін сауатты жазуға машықтану сынды даярлықтан өтіп, білікті судьялар кор­пусының қалыптасуына ықпал ететін болады.  
Реформаның келесі бастамасы инвес­­тицияны соттық-құқықтық қор­ғау тетіктерін реттеуге негізделген. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев сот жүйесінің мемлекеттік бас­қаруды жетілдірудегі, елдің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі, ша­ғын және орта бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қор­ғаудағы және олардың қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасаудағы соттардың айрықша орын алатындығын айтып, бұл ретте шетелдік және отандық инвесторлардың дауларын әділетті шешудегі елдегі соттардың жұмысының сапасын арт­тыру керектігін тапсырған болатын. Осы орайда Қазақстан Ресупубликасының Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми кәсіпкерлікті қорғау үшін айрықша назар аудару керектігін, бұл ретте айқындаушы рөлді сот жүйесі атқаратынын, сондықтан да, соттардың негізгі міндеті – өңірлерде аталған санаттағы істерді сапалы әрі уақытылы қарауды тапсырып, Жоғарғы Сотта инвестициялық дауларды қарайтын алқа және Астана қаласының сотында мамандандырылған судьялар құрамын құру жоспарланып отырғанын айтқан болатын. 
«Нұр Отан» партиясының XVI съезінде Мемлекет басшысы: «Шетелдік және отандық инвесторлар қазақстандық әділ соттың адалдығына сенімді болуы тиіс. Оған деген сенімді арттыру үшін инвестициялық дауларды қарауға шетелдік судьяларды тартып, мұндай дауларды шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойын­ша қарау қажет» деген болатын. Әрине, сот жүйесінің мемлекеттік басқаруды жетілдірудегі, елдің әлеуметтік-экономи­калық міндеттерді шешудегі, шағын және орта бизнес субъектілері мен инвес­торлардың құқықтарын қорғаудағы, және олардың қызметі үшін оңтайлы жағдайлар жасаудағы соттардың айрықша орын алатындығына қанықпыз. 
Бұл бағытта Астана қалалық соты қа­зіргі жаһандық қатерлерге негізделген экономикалық саясаттағы ерекшеліктерді ескеріп, кәсіпкерлік пен инвестицияны соттық-құқықтық қорғау, отандық және ше­телдік инвесторлардың құқықтарын қор­ғаудың маңызын арттыру бағытында құ­қықтық шаралар атқаруда. 

 

690 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

01 Тамыз, 2025

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы