• Заманхат
  • 20 Желтоқсан, 2017

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПӘНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Б. УРМАШЕВ, Т. ХАКИМОВА, әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті

Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қата­рына кіру стратегиясы атты Жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құ­рал­­дарының бірі [1]», – деп атап көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, тех­нологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі күні ақпараттық тех­нологияларды меңгеру – басты заман талабы. Бұлай дейтін себебіміз – ХХІ ғасырдың «ақпараттық тех­нология ғасыры» деп аталуында. Ақ­параттық технология ғасыры өз алдына «ақпараттық қоғамды» қалыптастырды. Дамыған елдердегі білім беру жүйе­сінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқы­туды ақпараттандыру, яғни, оқу үрдісінде ақ­па­раттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­шақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», – делінген. Қазіргі кезде біздің қоғам дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни, компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, оның табиғи ортасына айналып отыр. Ақпараттық-коммуникативтік тех­нологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын бірден-бір мүмкіндік. Білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім­нің сапасын арттыру, білім беру үрдісін мо­дер­низациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде. Ақпараттық-ком­муни­кативтік технологияны бәсекеге қа­бі­летті ұлттық білім беру жүйесін дамы­туға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қол­­дану негізгі мәнге ие болып отыр. Ақ­­параттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін студент жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағын­дыру болып табылады. Ақпараттық кеңістікті кеңейту жә­не әлем­дік қоғамдастыққа кіру жағ­дайында адам­зат ресурстарының қалып­тасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеу­мет­тік-эко­номикалық даму деңгейінің өл­шем­дері ретінде мектептің білім беру жүйе­сін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды. Бүгінгі күні білім беру саласы «Қа­зақстан – 2050» ұзақ мерзімді Страте­гиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәң­гілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін жоғары оқу орындарында мақсатты түрде тәр­бие жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар, барлық оқу пән­дерінің тәр­биелік мәнін күшейту қажет. Оқытылатын пән­дер рухани-адамгершілік қасиет­тері мен білім алушылардың па­триот­тық сезімдерін қалыптастыруға, қа­зақ­­­стандық отаншылдық пен азаматтық жауапкершілік, ұлттық сана-сезім мен толе­ранттылық, Қазақстанның эт­ни­ка­ара­лық жағдайда қарым-қатынас жасай білуіне бағытталуы тиіс [2]. Ақпараттық-коммуникативтік техно­ло­гия­­лар пәнінің маңызы, әлемнің ғы­лыми көрі­нісін қалыптастырудағы, адам­заттың жаһандық проблемаларды ше­шудегі, та­биғат заңдарын танып білу­дегі рөлімен анықталады. Оқыту міндеттері: әлемнің Ақпарат­тық-коммуникативтік технологиялар жа­­ра­­тылыстану-ғылыми көрінісі туралы білім­­­ді меңгерту және олардың функ­цияла­рын (та­нымдық, кіріктірілген, түсін­дірмелі, болжау) қолдану. Ақпарат­тық-ком­муни­кативтік технологиялар білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді орын­­дауды оқу процесін тех­нологиялан­дыру және жобалау арқылы жү­зеге асыруға болады. Оқу жоспарының жыл­жымалы бөлігі есебінен элективтік қол­данбалы курстар, факультативтік сабақ­тар өткізу ұсынылады. Сабақтан тыс жұмыстар: зерттеу жобаларын дайындау және қорғау; олимпиадалар, конкурстер, тақырыптық кештер; таңдау бойынша элективтік курстер; онлайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім бай­қаулары; Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар олар: киберқауіпсіздік, бұлтты және мо­бильді технологиялар, Smart технологиялар, E-тех­нологиялар. Ақпараттық қауіпсіздіктің қауіптері мен олардың жіктелуі. Киберқауіпсіздік индустриясы. Киберқауіпсіздік және Интернетті басқару. Зиянды бағдарламалар. Ақпаратты қорғанудың шаралары мен құралдары. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен спецификациялар. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы.Электрондық цифрлық қолтаңба. Шифрлау. Бұлтты және мобильді технологиялар. Қазіргі инфрақұрылым ше­шімдерінің даму үрдістері. Бұлтты есептеулер қағидалары. Виртуалдау технологиясы. Бұлтты Web-қызметі. Мобильді технологиялардың негізгі терминдер мен тұжырымдамалары. Мобильді сервистер. Мобильді технологиялар стандарттары. Smart технологиялар.Үлкен деректер. Блок чейн технологиясы. Жасанды интеллект. Smart-сервистерді пайдалану. АКТ-дағы жасыл технология. Телеконференциялар. Телемедицина. E-технологиялар. Электронды бизнес. Электронды оқыту. Электронды үкімет. Электрондық бизнес: Электрондық бизнестің негізгі модельдері. Электрондық бизнестің ақпараттық ин­фрақұрылымы. Электрондық бизнестегі құқықтық реттеу. Электрондық оқыту: архитектурасы, құрамы және платформалары. Электрондық оқулықтар. Электрондық үкімет: тұжырымдамасы, архитектурасы, қызметтері. Дамыған елдерде электрондық үкіметті іске асырудың форматтары. Кәсіби саласындағы ақпараттық тех­нологиялар. Индустриалы АКТ. Ма­мандандырылған кәсіби саланың мін­деттерін шешудегі бағдарламалық жасақ­тама. Медицина, энергетика және т. б. кәсіби салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану.Индустриялық Ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қауіпсіздігі. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стан­дартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ, педагогтың компьютерлік сауаттылығы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. Жедел дамып отырған ғылыми-тех­никалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану ай­тарлықтай нәтижелер беруде.Жаңа ақ­параттық технологияларын пайдалану соңғы уақытта білім беру жүйесінде маңызды ба­ғыт­тардың бірі болып табылады, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ ма­ман­ның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығар­машылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нары­ғындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анық­тайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – бола­шақ­қа бастар жол» Жолдауы, 11. Қараша 2014ж.; 2. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжы­рым­дамасы. Қазақстан мектебі, №1, 2004.

4584 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз