Редакция
Дина Имамбаева
«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы Бас редактордың орынбасары
1973 жылдың 6 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. 1997 жылы Қазақтың қыздар педагогтік институтын бітірген.
2015 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистратурасын бітірді. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.
Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласындағы №30 балабақшада бастады. А.Чехов атындағы Алматы қалалық ОКЖ-да жұмыс істеді. «Тil-audit.kz» сайтының редакторы болды. 2017 жылы «Ана тілі» ұлт газетіне бөлім редакторы болып қабылданды. 2018 жылдың мамыр айынан бері «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында бөлім редакторы, 2020 жылдан бастап бас редактордың орынбасары болып қызмет етіп келеді.

Дүтбаева Назым Саймасайқызы“Ақиқат” журналының тілшісі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінде 1996–2000 жылдары бакалаврда білім алған. Осы мамандықтың магистратурасында 2000–2002 жылдары оқыды.
2002–2005 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші;
2005–2006 жылдары Қазақстан арнасында редактор;
2008–2018 жылдары Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, бөлім редакторы;
2018–2021 Жетісу университеті Журналистика және Филология кафедрасында оқытушы;
2019–2022 жылдары «Жетісу университеті» газетінде тілші, бас редактор.
2022–2023 жылдары Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, Бас редактордың орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың тамыз айынан Республикалық қоғамдық-саяси «Ақиқат» журналында тілші
ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
