Басшылық
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ
«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы
Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ – 1982 жылы 31 шілдеде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжі (қазіргі Аққу) ауылында дүниеге келген. 1999 жылы Павлодар қаласындағы Абай атындағы №10 қазақ лицей-мектебін тәмамдаған. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқыған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының аспирантурасын бітірген. Педагогика ғылымының магистрі. Республикалық «Ана тілі» газетінде 2011-2020 жылдар аралығында жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болып еңбек етті. 2012 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. 2014 жылы Ақпарат министрлігінің «Құрмет» грамотасымен, 2017 жылы «Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. «Қазақ газеттері» ЖШС-нің «Алтын қалам» жүлдесінің иегері. «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жүлдегері. 2020 жылдың ақпан айынан республикалық "Ақиқат" журналының бас редакторы болып тағайындалды.