Журналдың редакциялық саясаты

Журнал туралы 

«AQIQAT» журналының миссиясы – Қазақстан және Орталық Азия мәдениеті, тарихы, философиясы, экономикасы, саясаты, әлеуметтануы, тілі мен әдебиетіндегі өзекті мәселелер бойынша отандық және шетелдік ғылыми зерттеу мақалаларын жариялау арқылы осы салалардағы ғылыми зерттеудің деңгейін көтеру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

Журналдың редакциялық саясаты оның миссиясына сәйкес келеді. Қазақстан және Орталық Азия мәдениеті, тарихы, философиясы, экономикасы, саясаты, әлеуметтануы, тілі мен әдебиетіндегі өзекті мәселелер бойынша отандық және шетелдік ғылыми зерттеу мақалаларын жариялау арқылы осы салалардағы ғылыми зерттеудің деңгейін көтеру, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту.  

Редакция Scopus және Web of Science халықаралық базасында индекстелген журналдарға мақаласы шыққан, Хирш индексі жоғары отандық және шетелдік зерттеушілердің мақалаларын, рецензияларын, шолуларын қабылдайды. Сонымен қатар, ғылыми зерттеулер негізінде жазылған мақалалар төңірегінде академиялық пікірталастың өрбуіне жол ашады. 

Мақала мен рецензияны жариялау туралы шешімді редакциялық коллегия мен тақырып бойыЙнша сарапшы ғалымдар қабылдайды. Оған мақала мен рецензияның түпнұсқалығы, өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы мен зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы негіз болуы тиіс.   

Журналдың мақсаты – заманауи методология мен әдістерге, жаңа концептуалды тәсілдерге, әртүрлі дереккөздерге (архивтік құжаттар, далалық материалдар және музей коллекциялары) сүйене отырып, зерттеу нәтижесін баяндап, түпнұсқа мақалалар мен рецензиялар жариялау,   мәдениет, тарих, философия, экономика, саясат, әлеуметтану, тілі мен әдебиет саласында  ғылыми тақырыптарды көтеруге ықпал ету. Бұл мақсатты жүзеге асыру отандық және шетелдік ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеруге, журналдың миссиясы аясында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді. 

Журналдың міндеттері:
  • Қазақстан мен Орталық Азия мәдениеті, тарихы, философиясы, экономикасы, саясаты, әлеуметтануы, тілі мен әдебиетінің өзекті бағыттары бойынша материалдарды жариялауды қолдау, ғылыми қызметкерлерді, оқытушылар мен докторанттарды ғылыми зерттеу жобаларына ынталандыру;
  • ұлттық және жаһандық ғылыми кеңістікте инновациялық идеялар мен зерттеу нәтижелерін кеңінен тарату, берілген мақалаларды, рецензияларды жариялау арқылы және авторлардың Scopus және Web of Science халықаралық базаларында индекстелген журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларға сілтемелерін қамтамасыз ету;
  • Қазақстан мен Орталық Азия  мәдениеті, тарихы, философиясы, экономикасы, саясаты, әлеуметтануы, тілі мен әдебиеті бойынша жаңа зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға практика жүзінде енгізу;
  • Қазақстандағы жоғары және магистратурадан кейінгі білім беру деңгейінде дамуға үлес қосу, жоғары сапалы мамандарды дайындауға көмектесу;
  • отандық және шетелдік авторларға жоғары сапалы және кәсіби редакциялық қызметтер ұсыну. 
Журналдың тақырыптық бағыттары 

Журналдың айдарларында мәдениет, тарих, философия, экономика, саясат, әлеуметтану, тіл мен әдебиеттің мына бағыттары бойынша мақалалар, рецензиялар жарияланады:

— Қазақстан және Орталық Азия мәдениеті, тарихы, философиясы, экономикасы, саясаты, әлеуметтануы, тіл мен әдебиеті;

— әлем тарихы орталық азиялық зерттеулер контекстінде;

— ғылыми зерттеулердің методологиясы мен әдістері;

— монографияларға, құжаттар жинағына, энциклопедияларға рецензиялар.

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми топтармен, ғылым және білім беру мекемелерімен ынтымақтастыққа бейім. 

Архив және ғылыми мақалалардың қолжетімдігі:  жарияланған мақалалар журналдың сайтына «Ғылыми ізденіс» айдарында орналастырылған. «AQIQAT» журналының мазмұны ашық қолжетімді, пайдаланушылар мен олардың ұйымдары үшін жазылым негізінде, PDF нұсқада, веб-сайт нұсқасында ұсынылады. Пайдаланушылар толық мәтінді алдын ала рұқсат алмай-ақ оқып, жүктеп, көшіріп, басып шығарып ала алады. Тек гипер сілтеме жасалуы тиіс. 

Журналға сілтеме жасау міндетті!