Жарияланымдар этикасы

 
Журналдың редакциялық этикасы халықаралық ғылыми мерзімді басылымдар қауымдастығы қолдайтын этикалық принциптерге, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасының талаптарына және Баспа этикасы жөніндегі комитеттің Committee on Publication Ethics (COPE) әзірлеген ұсынымдарына негізделген.
Жарияланым процесіне қатысушылар, атап айтқанда, әрбір автор, ғылыми редактор, рецензент, жауапты хатшы, «AQIQAT» ғылыми-көпшілік журналының редакциялық кеңес мүшелері жариялау этикасының принциптерін, нормалары мен стандарттарын сақтауға және ұстануға міндетті.
  1. Редакцияның міндеттері
  • Редакция ісіндегі негізгі принциптер:
 
  • Жарияланатын мақалаларды іріктеу кезіндегі байтараптық пен обьективтілік;
  • Ғылыми зерттеулердің сапасына жоғары талап қою;
  • Мақаланы жариялау туралы шешімді бүкіл ұжым болып қабылдау;
  • Авторлармен жылдам әрі ашық қарым-қатынас орнату;
  • Аторлық және сабақтас құқықтарды қатаң сақтау;
  • Журналдың шығу кестесін қатаң сақтау.
1.2. Редакция әртүрлі құқық бұзушылықтарды (плагиат, манипуляция,  жасанды интеллектіні пайдалану, фальсификация) қолдамайды және оларға қатаң қарсылық білдіреді. Жарияланымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция авторларға жалған ақпараттан, фальсификацияланған деректерден, плагиаттан және ғылыми этикаға қарсы басқа да бұзушылықтардан сақтануға кеңес береді, бұл ғылыми жетістіктердің объективті мойындалуына кедергі келтіреді.
1.3. Материалдарды қабылдаудан бас тарту негіздері:
  • Ғылыми журналдың профиліне сәйкес келмеуі;
  • Плагиаттың расталуы және авторлық құқық нормаларының бұзылуы;
  • Теріс рецензия;
  • Мемлекетаралық, этника немесе конфессия аралық қақтығыстарды тудыратын мәліметтер мен фактілердің болуы;
  • Жеке тұлғалар, олардың ата-бабалары мен ұрпақтарына қатысты жала жабу, қорлау фактілерінің болуы;
  • Тексерілмеген, бұрмаланған, қате тұжырымдар мен түсіндірмелер, статистикалық мәліметтер, яғни фактілерді фальсификациялау.
1.4. Рәсімдеу бойынша негізгі техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды, соның ішінде аннотация, кілт сөздер, библиографиялық тізім мұқият тексеріледі.
1.5. Мақаланың тұпнұсқалығы антиплагиат жүйесінде тексеріледі, оңтайлы көрсеткіш 75%-дан жоғары болуы тиіс.
1.6. Нақтылық нормасына сәйкес келмеген жағдайда мақала қайта өңдеуге жіберіледі, авторға тексеру туралы есеп жіберіледі. Егер мақала түзетілмесе немесе қайта өңдеуден кейін де нақтылық нормаларына сәйкес келмесе, редакция мүшелері оның жариялануына тыйым салу туралы шешім қабылдайды.
1.7. Жариялаудан бас тартылған жағдайда редакция авторға негізделген бас тартуды жібереді.
1.8. Редакция редакциялық өңдеу құқығына ие. Редакция автордың көзқарасын бөліспей, талқылау негізінде материалдарды жариялауға құқылы.
1.9. Барлық материал редакциялық кеңес мүшелерінің ұжымдық шешімі бойынша ғана жариялауға жіберіледі.
1.10. Редакция мүшелері «AQIQAT» журналының әр санындағы контентті жасауға тең дәрежеде қатысады.
  1. Автордың міндеттері
(толық ақпарат алу үшін журналдың негізгі бетінде орналасқан Авторлар назарына бөлімін қараңыз)
2.1. Авторлар өздерінің ғылыми зерттеулерін сипаттайтын қолжазбаларды бір ғана журналда немесе бастапқы жарияланымда ғана жариялауға тиіс. Бір қолжазбаны бір уақытта бірнеше журналға жіберу этикаға қайшы әрі қабылданбайды.   
2.2. Егер екі немесе одан көп автор болса, мақалаға ең көп интеллектуалдық үлес қосқан автордың аты тізімде бірінші тұрады, яғни бірінші тұрған автор – негізгі автор. Әрбір мақалада   корреспонденция авторы тағайындалуы тиіс, ол мақаланың соңғы нұсқасын әзірлеу, редакциямен байланыс орнату, зерттеу жұмысына үлес қосқан барлық қатысушылардың (авторлар саны бірден көп болған жағдайда) авторлар тізіміне енгізілуін және журналға   ұсынылатын қолжазбаның соңғы нұсқасын барлық авторға мақұлдату міндетін атқаруы қажет.
2.3. Авторлар жұмыстың түпнұсқа болуын қамтамасыз етуі тиіс, егер авторлар басқа авторлардың жұмысын және/немесе сөздерін қолданса, тәртіпке сай дәйексөз келтіруі керек. Журнал авторлары басқа авторлардың сөздерін, статистикасын немесе идеяларын қолданғанда авторлық құқықты көрсетуі тиіс. Барлық дереккөзді қолданылған жерде тікелей дәйексөз келтіру арқылы көрсету керек, ал формулировкалар мейлінше аз қайталап, мәтінде сәйкес дәйексөзбен белгіленуі тиіс.
2.4. Плагиат әртүрлі формада болады: автордың өзге автордың мақаласын өз мақаласы ретінде жариялауынан бастап, басқа автордың мақаласының елеулі бөлігін көшіріп алу немесе қайта құрастыруға (растаусыз) және басқа адамдар жүргізген зерттеулердің нәтижелерін көрсетуге дейін. Плагиаттың барлық формасы этикаға қайшы әрекет болып саналады және қабылданбайды.
2.5. Жұмыстың мазмұнына қолжазбада/мақалада көрсетілген барлық автор жауапты.    
2.6. Басқа авторлардың жарияланған немесе жарияланбаған жұмысынан сілтеме көрсетпей  пайдаланылған материалдары бар қолжазбалар кері қайтарылады, ал олардың авторы санкцияға ілігуі мүмкін.
2.7. Жарияланған мақалаларда плагиат анықталған жағдайда, оларды түзету немесе қайтарып алу талап етілуі мүмкін.
  1. Рецензенттің міндеттері
(толығырақ ақпарат үшін журналдың негізгі бетінде орналасқан Рецензенттерге арналған нұсқаулық бөлімін қараңыз)
3.1. Рецензенттер редакциялық кеңестің мүшелері немесе журналдың «AQIQAT» сайтында тіркелген мамандар болуы мүмкін.
3.2. Рецензиялау құпия түрде жүзеге асырылады. Жауапты хатшы авторлардың деректерін көрсетпей, мақаланы онлайн-жүйе арқылы тәуелсіз рецензенттерге, яғни ғалым-мамандарға  тиісті тақырыбы немесе зерттеу саласы бойынша жібереді.
3.3. Рецензенттер өздеріне ұсынылған қолжазба автордың интеллектуалдық меншігі болып табылатынын және оны жариялауға болмайтынын білуі керек. Құпиялық рецензент   мақаладағы материалдардың сенімсіз және фальсификация екенін мәлімдеген жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.
3.4. Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда, әр рецензент рецензия жазудан бас тартуға хақылы.
3.5. Рецензенттер мақалаларды белгіленген формаға сәйкес,  бірнеше критерий бойынша бағалайды.
3.6. Рецензиялау мерзімін әрбір нақты жағдайға сай редакция тарапы анықтайды. Рецензияның сапалы әрі уақытында жазылуын қадағалау жауапты редакторға міндеттеледі.
  1. Мүдделер қақтығысы жөніндегі саясат
4.1. Жарияланым этикасы жөніндегі комитет (COPE) анықтамасы бойынша, мүдделер қақтығысы дегеніміз –  авторлар, рецензенттер немесе редакциялық кеңес мүшелері ғылыми рецензияға және редакциялық кеңестің жариялау шешіміне әсер етуі мүмкін қаржылық, жеке немесе кәсіби факторларға қатысты туындаған қақтығысты жайттар.
4.2. Журналдың жауапты редакторы барлық жариялау процесінің қатысушыларынан мүдделер қақтығысын бүкпесіз ашық айтуды талап етуі тиіс.
4.3. Ғылыми редактор, редакциялық кеңестің мүшелері және рецензенттер редакциялық кеңестің шешіміне әсер етуі мүмкін мүдделер қақтығысының пайда болғаны туралы хабарлауы керек.
4.4. Редакциялық кеңес мүшелері қолжазба авторларының зерттеу нәтижесі бойынша  бәсекелес болса немесе басқа да көзқараш қайшылығы туындаса, қолжазбаны қараудан бас тартуы керек.
4.5. Журналға қолжазбаны жібергенде, автор(лар) зерттеудің барлық қаржыландыру көзін көрсетеді; сонымен қатар, берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторларды атап көрсетуі тиіс. Автор(лар) мүдделер қақтығысы болған жағдайда, мақалаға қосымша жолданатын хатта оны объективті түрде бағалай алмайтын ғалымдарды атап көрсете алады.
4.6. Рецензенттер мүдделер қақтығысы туындауы мүмкін қолжазбаларды қарамауы керек, бұл бәсекелестік, ынтымақтастық немесе авторлардың біреуіне қатысты басқа да қатынастардан туындауы мүмкін.
4.7. Мүдделер қақтығысы болса, жауапты редактор ғылыми редакторды хабардар етуі тиіс, содан кейін ғылыми редактор қолжазбаны оқуға басқа рецензент  тағайындайды.
4.8. Рецензиялау және қарастыру процесінде қатысушылар арасында мүдделер қақтығысының туындауы, қолжазбаны қабылдауға кедергі емес.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Барлық мүдделі тараптар жариялау кезеңінің барлық сатысында мүдделер қақтығысының туындауынан барынша аулақ болуы керек. Егер мүдделер қақтығысы туындаса, оны анықтаған адам редакция мүшелерін дереу хабардар етуі тиіс. Бұл жариялау және ғылыми этика принциптері, стандарттары мен нормаларын бұзудың кез келген басқа жағдайына да қатысты.