Рецензиялау үдерісі

Рецензиялау үдерісі
Техникалық рәсімдеу мен антиплагиат тексерісінен өткен соң барлық ғылыми мақала тексеріс қорытындысымен бірге рецензенттерге жіберіледі. Мақалалар міндетті екі жақты жасырын рецензиялаудан өтеді (мақала авторларының есімі рецензенттерге белгісіз, рецензенттердің есімі мақала авторларына белгісіз).
Жауапты хатшы автор туралы мәліметтерді көрсетпей мақаланы журнал сайтының онлайн жүйесі арқылы тәуелсіз рецензенттер – ғалым-мамандарға тиісті тақырып немесе зерттеу тақырыбына жақын сала бойынша жібереді. Редакция алқасының мүшелері немесе журнал сайтындағы рецензенттер базасында тіркелген, сырттан тартылған мамандар рецензент бола алады.  Рецензиялау мерзімін әрбір нақты жағдайға сай редакция тарапы анықтайды.
 Рецензияның сапалы әрі уақытында жазылуын қадағалау жауапты редакторға міндеттеледі.
Рецензенттерге арналған нұсқаулық
Рецензиялау құпия түрде жүзеге асырылады. Жауапты хатшы авторлардың деректерін көрсетпей, мақаланы онлайн-жүйе арқылы тәуелсіз рецензенттерге, яғни ғалым-мамандарға  тиісті тақырыбы немесе зерттеу саласы бойынша жібереді.
Рецензенттер өздеріне ұсынылған қолжазба автордың интеллектуалдық меншігі болып табылатынын және оны жариялауға болмайтынын білуі керек. Құпиялық рецензент   мақаладағы материалдардың сенімсіз және фальсификация екенін мәлімдеген жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.Мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда, әр рецензент рецензия жазудан бас тартуға хақылы.
Рецензент мақалаларды белгіленген талап бойынша бірқатар нысандер негізінде бағалайды, оның ішінде: мақала атауын нақты тұжырымдау, тақырыптың өзектілігі, журнал үшін тақырыптың маңызы, тақырыпқа мамандар мен қалың оқырманның қызығушылығы; мақала мазмұнының журналдың бағыты мен ғылыми талаптарына сәйкестігі; мақаланың сипаты (іргелі, пәнаралық, қолданбалы, шолу, рефераттық); мәселені қоюдың және оны шешудің ғылыми жаңалығы; деректердің, қорытындылардың, ұсыныстардың тиімділігі; беделді дереккөздерге, ғылыми әдебиеттерге сүйену; эмпирикалық зерттеулердің нәтижесін (соның ішінде автордың өзі орындаған) пайдалану; мақаланы рәсімдеу, аннотация мен кілт сөздерді, әдебиеттер тізімін дайындау бойынша журнал талаптарын есепке алу. Рецензенттің ескертулері мен тілектері қолжазбаның ғылыми деңгейін арттыруға бағытталған объективті болуы тиіс. Рецензияның қорытынды бөлімінде мақала туралы дәйектелген тұжырымдар жасалып, жұмысты жариялауға не жарияламау жөнінде нақты, дәлелді ұсыныс жасалуы тиіс.
Егер рецензияда мақаланы түзету және пысықтау бойынша ескертпелер болса, редакция мақаланы авторға рецензенттің аты-жөнін көрсетпей қайта жібереді. Автор рецензент көрсеткен ескертпелерді басшылыққа ала отырып жұмысты қайта өңдейді. Ал егер келіспесе (толық немесе жартылай) фактілер келтіре отырып жоққа шығара алады. Автор пысықтаған (қайта өңдеген) мақала сыни ескертулер жасаған рецензентке қайта рецензиялауға жіберіледі.
Рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қаралмайды. Рецензияда айтылған оң пікір мақаланы жариялауға негіз бола алмайды. Мақаланың журналға жариялануы туралы түпкілікті шешімді редакция қабылдайды.
Жариялауға жіберілмейтін жұмыстар:
  •  талаптарға сәйкес рәсімделмеген және автор аталған кемшіліктерді жөндеуден бас тартқан мақалалар;
  •  рецензенттің орынды ескертулерін басшылыққа алмайтын немесе оларды дәлелді түрде жоққа шығармайтын мақалалар.
Рецензиялардың түпнұсқасы журнал редакциясында бір жыл бойы сақталады.
Рецензиялардың түпнұсқасы журнал редакциясында бір жыл бойы сақталады.
Мақаланың редакцияға келіп түскен уақыты оны жариялау кезегін анықтау бьарысында ескеріледі.
Мақаланы қараудың орташа мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін.
«AQIQAT» журналының рецензиялау тәртібі редакциялық алқа отырысында жаңартылып, қайта бекітілді (25.02.2025 ж. № 1 хаттама).