Мақаланы рәсімдеу ережесі
Мақаларды рәсімдеу ережесі
Құрметті авторлар!
«AQIQAT» қазақстандық журналының редакциясы бұрын еш жерде жарияланбаған авторлық қолжазбаларды баспаға қабылдайды.
- Ғылыми мақаланы жариялау үшін қажетті материалдар тізімі:
1.1. Автор (авторлар) төмендегі талаптарға сәйкес қажетті материалдарды рәсімдеуі керек: мақаланың қолжазбасы және оған ілеспе құжаттар.
1.2. Мақаланың қолжазбасы және ілеспе құжаттар электрондық түрде ұсынылады.
1.3. Мақаланың қолжазбасына ілеспе құжаттар мыналарды қамтуы керек: әр авторға авторлық анықтама (аты – әкесінің аты – тегі, дәрежесі, атағы, жұмыс орны, жұмыс орнының мекен-жайы, ORCID сілтемесі, Scopus профиліне сілтеме).
- Ғылыми мақаланың қолжазбасын рәсімдеу ережелері
2.1. Авторлар қолжазбаларды редакцияға 1-қосымшада келтірілген материалдарды міндетті түрде рәсімдеу ережелеріне сәйкес ұсынады. Редактор мен автор жеке хат алмасуға, хабарласуға жол берілмейді, барлық іс-әрекеттер ашық түрде журналдың цифрлық сайты арқылы жүзеге асырылады.
2.2. Ұсынылатын мақалалар 2-қосымшада келтірілген құрылымға сәйкес болуы тиіс (толық аты-жөні, барлық авторлардың жұмыс орны, мақаланың атауы мен аннотациясы, түйінді сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, электрондық мекенжайы).
2.3. Библиографиялық тізім 3-қосымшада берілген библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үлгілеріне сәйкес мақала мәтінінен кейін келтіріледі.
2.4. Сайтқа материалдар түскеннен кейін көптеген материалдардың түсуіне байланысты қолжазба 3 айдан 6 айға дейінгі уақыт аралығы ішінде қаралады. Егер мақала басылымның профиліне сәйкес келсе, талаптарға сәйкес рәсімделсе, онда ол рецензиялауға жіберіледі (қос "соқыр" рецензиялау әдістемесі). Рецензенттер журнал редакциясының сайтына түйіндеменің бір нұсқасымен өз қорытындысын жібереді:" қабылдау";" пысықтауға "немесе - "қабылдамау".
2.5. Оң пікір алғаннан кейін редакция авторларға мақаланың жариялауға қабылданғаны туралы, сондай-ақ рецензенттер мен редакторлардың ескертулері туралы хабарлайды, соған сәйкес мақаланы түзету және толықтыру қажет. Мақаланы жариялаудан бас тартқан жағдайда, редакция авторға дәлелді жауабын жолдайды.
2.6. Авторлар келтірілген фактілерді, дәйексөздерді, статистикалық және әлеуметтанулық деректерді, жалқы есімдерді, географиялық атауларды және басқа да мәліметтерді таңдауға және олардың дұрыстығына жауап береді. Редакция редакторлық түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Редакция материалдарды автордың көзқарасын бөліспей (талқылау ретімен) жариялай алады.
2.7. Журналдың бір санында бір автордың бір ғана мақаласы жариялануы мүмкін. Бірлескен авторлар саны 3 адамнан артық мақалалар мақұлданбайды.
- Редакцияға ғылыми мақала материалдарын ұсыну тәртібі
Мақала қолжазбасының электрондық нұсқасы және оған ілеспе құжаттар (doc форматында) журналдың сайтына ұсынылады https://aqiqat.kazgazeta.kz/
1-Қосымша
МАТЕРИАЛДАРДЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
Материал журнал сайтына https://aqiqat.kazgazeta.kz/ жүктеледі (Мақала беру бойынша журнал сайтының басты бетіндегі нұсқаулықты қараңыз) және төмендегідей рәсімделеді:
- Материалдың толық көлемі (суреттермен): мақала үшін – 0,5 б.т. кем емес, 1,5 б.т. артық емес, рецензия үшін – 0,2–0,5 б.т., А4 форматындағы ережелер бойынша.
- Шеттері: сол жағы 3 см, оң жағы – 1,5 см, төменгі және жоғарғы жағы – 2 см. Мақаланың негізгі мәтіні Word редакторында теріледі.
- Негізгі мәтіннің қаріпі – Times New Roman. Мәтін 12 кг, жоларалық интервал – бір.
- Азат жолдың шегінісі – 1 см.
- Кестелер мен суреттердің, сондай-ақ олардың тақырыпшаларының шрифт көлемі – 11 кг.
- Белгілерді біріздендіру: тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (шыңдаусыз), немесе XV ғ. соны – XVI ғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.
- Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі, мысалы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты (ары қарай – Ш.Ш. Уәлиханов ат. ТЭИ).
- Авторлардың аты мен әкесінің атының бас әріптері және тегінің арасына, «Қозыбаев М.Қ.» және кең таралған қысқарған сөздерде: т. б. (тағы басқалар), т. с. с. (тағы сол сияқтылар), нөмір белгісі мен санының арасына «№ 4» «Үзілмейтін бос орын» Shift+Ctrl+Бос орын функциясын қолданып бос орын қалдыру керек. Сондай-ақ бос орын нүктеден кейін, қос нүктеден кейін қойылады, бірақ қос нүктенің алдына, тырнақшаның және дөңгелек жақшаның ішкі жақтарына қойылмайды.Стильдің біркелкілігі үшін қаріп таңдауларын (курсив, астын сызу және т.б.) пайдаланбаңыз. Мақаланың негізгі мәтінінің ішкі бөлімдерін көрсету үшін қаріптерді бөлектеуді пайдалануға болады.
- Ескертпелер (кез келген терминдердің немесе оқиғалардың түсіндірмесі) нөмірленген түсіндірме сілтемесі түрінде сандармен рәсімделеді (11 п. шрифт өлшемі). Түсіндірме сілтемелерін рәсімдеу үшін Microsoft Word мәтіндік редакторының «Кірістіру, Сілтеме, Сілтеме» мәзірін пайдаланыңыз.
2-Қосымша
МАҚАЛА МӘТІНІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
(Мақала беру бойынша журнал сайтының басты бетіндегі Үлгіні қараңыз.)
Мақала мәтінінің құрылымы мыналардан тұрады:
- ҒТАХР (абзац шегінісінсіз, үш тілде жазылады – ҒТАХР / МРНТИ / IRSTI, соңында нүкте қойылмайды).
- Мақала тақырыбы (тақырыптың мазмұнын, зерттеліп отырған аймақтың жағырапиялық орнын, хронологиялық шеңберін көрсететін 5 сөзден 10-ға дейін (Орталық Азия, Қазақстан, т.б.) (бір интервалдан соң, БАС әріптермен, абзацтық шегініссіз, сол жақ бұрышта, соңына нүкте қойылмай жазылады). Мақаланың атауында жылдар (жыл/жылдар) және ғасырлар (ғасыр/ғасырлар) толығымен жазылуы керек, ал мақаланың мәтінінде қабылданған қысқартулар (ж.; жж.; ғ.; ғғ.) қолданылады.
- Автор(лар)дың толық аты-жөні және араб сандарымен жоғарғы таңба (бір интервалдан соң курсивпен, абзацтық шегініссіз, сол жақ бұрышта, соңына нүкте қойылмай жазылады).
- Араб сандарымен жоғарғы таңба, тұратын елі, аффилиация (жұмыс істейтін мекеменің толық атауы), жұмыс орнының заңды мекен-жайы, пошта индексі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, лауазымы (бір интервалдан соң, абзацтық шегініссіз, сол жақ бұрышқа, үтір арқылы жазылады, соңында нүкте қойылмайды).
- Ссылка на ORCID сілтемесі (міндетті түрде!) мен Scopus, Web of Science профиліне сілтеме (егер болса) (абзацтық шегініссіз, сол жақ бұрышқа, соңында нүкте қойылмайды).
- Бір интервалдан кейін абзацтық шегініссіз, сол жақ бұрышқа авторлық құқық көрсетіледі 10 кг (копирайт), соңында нүкте қойылмайды. Мысал үшін:
- Мақаланың аннотациясы (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан нүкте қойылып, аннотация мәтіні жазылады): Кіріспе; Мақсаты мен міндеттері; Материалдар мен әдістер; Нәтижелер; Қорытынды тараушалары ерекшеленіп (курсивпен) беріледі (200–300 сөзден бастап; интервалдан соң, абзацтық шегініссіз, ені бойынша форматталады, соңына нүкте қойылады). Аннотацияда мақаланың мәтіні мен тақырыбы қайталанбауы тиіс. Онда кесте, графикалық материалдар мен әдебиетке сілтеме болмау керек. Аннотацияда мақалада жоқ материалдар мен тұжырымдар болмауы тиіс.
- Кілт сөздер (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, сөздердің арасына үтір қойылады (5–10 сөзге дейін), соңына нүкте қойылады.
- Алғыс (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады): егер мақала ғылыми ұйымның қаржылық қолдауымен орындалса, гранттық жоба тақырыбының атауы және тіркеу нөмірі көрсетіледі (соңына нүкте қойылады).
- Дәйексөз үшін (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады): мақаланың шығару мәліметтері түгел көрстеіледі (том, нөмірі, беті көрсетілмей, орын қалдырылады, соңына нүкте қойылады).
Мысалы:
Дәйексөз үшін: : Әлімбай Н., Какабаев Б.С., Смагулов Б.К. Қазақтыңежелгі ас-тағам жүйесінің тарихи этнографиясы (XVIII –советтік кезеңніңалғашқы онжылдығы) // Отан тарихы. 2025. Т. …. № … С. …–…. [қазақша]. DOI: ….
- Жоғарыдағы барлық мәліметтер техникалық талаптарға сәйкес қазақ/орыс тілінде (мақаланың қай тілде жазылғанына байланысты) және ағылшын тілінде көшіріліп көрсетіледі.
- Жоларалық интервалдан кейін мақаланың мәтіні жалғасады, ол үш құрылымдық бөлімдерден тұрады (абзац 1 см; құрылымдық бөлімдернің реттік нөмірі, олардың арасына ашық жол қалдырылмайды):
Кіріспе (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, ары қарай мәтін жалғасады): мәселенің өзектілігі, зерттеу тұжырымдарының мазмұны.
Материалдар мен әдістер (материалдар мен әдістер егжей-тегжейлі сипатталған) (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, ары қарай мәтін кетеді).
Талқылау (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, ары қарай мәтін кетеді): тарихнамада авторлардың қайсысы осы тақырыппен айналысты, қандай қорытындылар жасалды, «ақтаңдақтар» бар ма және т.б. көрсетіледі).
Нәтижелер (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, ары қарай мәтін кетеді): мақаланың негізгі бөлімі; мұнда автор(лар) өздерінің ізденістері мен жаңалықтарының барысын баяндайды, талқылауға сәйкес гипотезаларды алға тартады және қорғайды.
Қорытынды (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылады, ары қарай мәтін кетеді): мұнда қысқаша түрде басқа авторларға сілтеме жасамай, негізгі тұжырымдар дербес баяндалады.
- Дереккөздер (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылмайды, ортада орналасады, мәтін 12 кг). Мұнда қысқартылған (мәтіндегі сілтемелердегідей) және олар орналасқан архивтердің толық атаулары келтірілген.
- Әдебиеттер (Литература / Literature) (сөз жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылмайды, ортада орналасады). Библиографиялық тізім (түпнұсқа тілінде, алфавиттік тәртіпте отандық және шетелдік әдебиеттерге, сондай-ақ басылымдардың соңғы жылдарына 15–20-дан кем емес сілтеме ашылуы тиіс) 12 кегльмен реттік саны қойылмай, міндетті түрде алфавит бойынша жазылады, соңына нүкте қойылады (қар. қосымша 3).
- Sources и References (айдар сөзі жуан шрифтпен ерекшеленеді, артынан қос нүкте қойылмайды, ортада орналасады). Сондай-ақ алфавиттік ретпен (ағылшынша алфавит!) жарияланымдар атауы BSI жүйесінде транслитерацияланып (https://service-online.su/text/translit/ қолжетімді сілтемесі бойынша бағдарламаны қолданып; қазақша кириллицаны транслитерациялау https://qazlat.kz сайтында жүзеге асырылады).
Мақаланы графикалық рәсімдеу:
- Иллюстрациялар CorelDraw 11.0 графикалық редакторында немесе MS Office 97, 98, 2000 немесе 2007 графикалық Қосымшаларының кез келгенінде векторлық форматта орындалады.
- Графиктер, суреттер мен фотосуреттер мәтінге авторға ыңғайлы түрде бірінші рет айтылғаннан кейін енгізіледі. Визуалды материалдар реттік нөмірмен беріледі, егер бір дана болмаса, мәтінде оларға сілтеме жақшаға алынады, мысалы, [сур. 1]. Сур. / Фотосурет / Сызба / Диаграмма –визуалды материалдың түрін анықтайтын сөз ортаға орналастырылып, жуан шрифтпен ерекшеленеді (11 кг, қалыпты), ары қарай нүктеден кейін төрт бұрышты жақша ішінде дерек көзі көрсетіледі (архив немесе басылым: беті), соңына нүкте қойылмайды.
Мысалдар:
Сур. 1. Инструменты серебряника у казахов [С.М. Дудин мат., МАЭ]
Фотосурет 1. Сопроводительное письмо к высылке баев Петропавловского округа [ГААО. Ф. 9. Оп.1. Д. 2. Л. 245]
Сызба 1. 1991–2021 жж. Қазақстандағы неке мен ажырасу динамикасы (жалпы коэффициент). Авторлар жасаған. [Казахстан за годы независимости, 2011: 12]
- Кесте атауы – Кесте – абзацтық шегініссіз беріледі, Жуан шрифтпен (11 пт, қалыпты), ені бойымен форматталады, тік жақшада дерек көзі көрсетіледі (архив немесе басылым: бет), атау соңында нүкте қойылады. Егер бірнеше кесте болса, оларға реттік нөмір қойылады, ал мәтінде оларға сілтеме беріледі, мысалы, [кесте 1].
Мысалы:
Кесте 1. КОАК-тің кәмпескелеу туралы декреті негізінде Петропавл, Павлодар және Ақмола округтерінен Ақтөбеге келгендердің тізімі [ГААО. Ф. 9. Оп. 1. І. 2. П. 21].
|
№ |
Көшірілгендердің аты-жөні |
№ аула |
Қай аудан |
Қай округ |
Барлық отбасы мүшесі |
Ақмола ОкрИК-не келген уақыты |
|
1 |
Ташенов Муклай |
3 |
Кокчет. |
Петроп. |
11 |
21/Х |
|
2 |
Байтиков Аббас |
5 |
-«- |
-«- |
9 |
22/Х |
|
3 |
Азибаев Абжан |
1 |
« |
« |
13 |
24/Х |
|
4 |
Кенжегарин Шокум |
5 |
« |
« |
14 |
24/Х |
3-Қосымша
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СІЛТЕМЕЛЕРДІ, ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІН РӘСІМДЕУ МЫСАЛДАРЫ
Мақала немесе рецензия мәтініндегі дереккөздер мен әдебиеттерге сілтемелерді рәсімдеу.
- Мәтіндегі архив деректеріне сілтемелерге жатады: мұрағат атаулары қысқартылған, қор, опись, іс нөмірі және парақ саны [ҚР ПА. Қ. 12. Оп. 31. І. 1154. П. 89] және тік жақшада рәсімделеді. Мұрағат сайттарында орналастырылған мұрағаттық құжаттардан үзінді келтірген кезде плагиатты тексергенде бірегейлік коэффициентін арттыру мақсатында электрондық сілтемені көрсету қажет.
- Әдебиеттерге сілтемелер мәтін ішінде тік жақша қолданылады, онда автордың тегі мен шығарылған жылы, қос нүкте қойып, бос орын қалдырған соң арқылы дәйексөз алынған бет нөмірі көрсетіледі. Әдебиеттерге сілтеме жасау үшін мәтінде тік жақша қойылып, жақшада автордың тегі, шығарылған жылы және қос нүкте мен бос орыннан кейін дәйексөз алынған бет нөмірі көрсетіледі. [Оспанов, 1908: 12]. Мұндай сілтеме сөйлемнің арасында – немесе автордың тегінен, дереккөзден кейін, немесе айтылған тарихи оқиғадан кейін, немесе сөйлемнің соңында қойылады, сондықтан тік жақшаның алдында ешқашан нүкте қойылмайды, жақша жабылған соң нүкте тек сөйлемнің соңында ғана қойылады [Бекмаханов, 2014: 12].
- Бір жылы жарияланған бір автордың бірнеше шығармасына сілтеме жасағанда, басылым жылына латын a, b, с әріптерін қосу арқылы шығармаларды ажырату керек [Капаева, 2006a; Капаева, 2006b]. Егер бір автордың әр жылдары жарияланған бірнеше еңбегі болса, онда жылдары нүктелі үтір арқылы жазылады [Ажигали, 2000; 2001; 2002].
- Екі автордың бірігіп жазған мақалаларына немесе кітаптарына сілтеме жасағанда екі автор да көрсетіледі [Аргынбаев, Халимов, 2012: 61]. Үш немесе одан да көп авторлар бірлесіп жазған мақалаларға немесе кітаптарға сілтеме жасағанда бірінші автордың тегі көрсетіліп, «және т.б.» деп жазылуы керек. [Омаров и др., 2009]; шетелдік басылымдарға – «et al.» [Smith et al., 2001].
- Егер мақалалар құжаттар, материалдар жинағына сілтеме берілсе, онда жинақтың атауы қысқартып көрсетіледі [Прошлое Казахстана…, 1935: 12].
Дереккөздер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу
- Деректер тізімі (архивтердің қысқартылған және толық атаулары) әдебиеттер тізімінің алдында «Деректер» тақырыбының астында көрсетіледі (ағылшын тіліндегі мақалалардан басқа, онда деректер транслитерацияланып және ағылшын тіліне аударылып беріледі).
Мысалдар:
ҚР АП – Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві
КАКА – Кавказ археографиялық комиссиясының актілері
ҚР ОМА – Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві
Дереккөздер
PИССА – Ресей империясының сыртқы саясат архиві
OOТА - Омбы облысының тарихи архиві
OOБМА – Орынбор облысының Біріккен мемлекеттік архиві
Sources
PISSA – Resej imperijasynyn syrtqy sajasat arhivі [Archive of Foreign Policy of the Russian Empire]
OOTA – Omby oblysynyң tarihi arhivі [Historical Archive of the Omsk Region]
OOBMA – Orynbor oblysynyn Bіrіkken memlekettіk arhivі [United State Archive of the Orenburg Region]
Ағылшын тіліндегі мақалаларда
Sources
AVPRI – Arhiv vneshnej politiki Rossijskoj imperii [Archive of Foreign Policy of the Russian Empire]
IAOO – Istoricheskij arkhiv Omskoj oblasti [Historical Archive of the Omsk Region]
OGAOO – Ob"edinennyj gosudarstvennyj arkhiv Orenburgskoj oblasti [United State Archive of the Orenburg Region]
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланы аяқтайды және «Әдебиеттер» (Литература / Literature) айдарымен жарияланады. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен көрсетіледі. Онда тек мақалада келтірілген жұмыстар болуы керек!
- Бірінші автор(лар)дың тег(тер)і немесе басылымның қысқарған атауы, үтірден соң шығарылған жылы, артынан екі жағынан орын қалдырылған сызықша қойылып, артынан автор(лар)дың аты-жөні курсивпен қойылып, еңбектің атауы беріледі. Журналда басылған жағдайда, оның атауы да курсивпен беріледі.
- басылып шыққан орны атау септігінде беріледі: Астана. Басылым екі жерден шыққан болса, екі жағы бос орынсыз орташа сызықша арқылы жазылады, мысалы: Алматы–Астана. Басылым орнының қысқарған атауы тек Москва (М.) мен Санкт-Петербург (СПб.) үшін ғана қолданылады.
- Баспаның атауы атау септікте қысқарған түрде, тырнақшасыз беріледі, тек шаруашылық ұйым түрін көрсету қажет жағдайда ғана тырнақшаға алынады:
М.: Экономика
Казань: Изд-во Казанского ун-та
ТОО «Жетi жарғы»
Егер баспа бірден көп болса, онда олардың арасына үтір қойылады: М.: Главархив, ВНИИДАД.
- Егер мұқабада баспа орны көрсетілмесе, сипаттамада [Б. о.] (яғни: басылым орнысыз) сөзі келтіріледі.
- басылым мерзімі – бұл мұқабада көрсетілген жыл, мысалы: М.: Перспектива, 2024.
Жыл көрсетілмеген кезде тік жақшада жылы жобалап көрсетіледі. Ол мүмкін болмаған жағдайда [Ж. к.] (яғни: жылы көрсетілмеген) деп жазады.
- Жалғасып жатқан нөмірлеу кезінде томның (шығарылымның, нөмірдің) нөмірі де араб сандарымен көрсетіледі. Мысалы: Т. 2. Шығ. 1.
- Библиографиялық сипаттаудан соң басылымның жалпы бет саны келтіріледі: 500 б.; 643 с.; 172 p.
Әдебиеттердің атауларын рәсімдеу үлгілері:
Монографиялар
Омаров, 2010 – Омаров С.М. История заселения Семиречья. Алматы, 2010. 186 с.
Қинаятұлы, 2004 – Қинаятұлы З. Қазақ мемлекеті және Жошы хан. Астана: Елорда, 2004. 66 б.
Kindler, 2014 – Kindler R. Stalins Nomaden. Herrschaft und Hunger in Kasachstan. Hamburg: Hamburger Edition, 2014. 381 р.
Аударма басылымдар
Белнап, Стил, 1981 – Белнап П., Стил Т. Логика вопросов и ответов / Пер. с англ. М.: Прогресс, 1981. 112 с.
Паркер, 2010 – Паркер Э.Г. Татары: история возникновения великого народа / Пер. с англ. Т.Е. Любовской. М.: Центрполиграф, 2010. 222 с.
Жеке авторы жоқ басылымдар
Протоколы, 1935 – Протоколы первой областной киргизской конференции РКП(б) 11–18 июня 1921 г. / Под ред.: У. Исаева, Д. Садвокасова, Н. Тимофеева. Алма-Ата – Москва: Казкрайиздат, 1935. 174 с.
Кітаптан мақала
Архипова и др., 2001 – Архипова Н.И., Кононов Д.А., Кульба В.В. Сценарный анализ региональных социально-экономических систем // Проблемы регионального и муниципального управления: Доклады и сообщения III Международной научной конференции. Москва, 21 мая 2001 г. М.: РГГУ, 2001. С. 57–63.
Конференция материалдарынан
Бейсенов, 2019 – Бейсенов А.З. К. А. Акишев и вопросы изучения памятников казахского времени // Маргулановские чтения – 2019: матер. Междунар. археол. науч.-практ. конф., посвящ. 95-летию со дня рождения выдающегося казахстанского археолога К. А. Акишева (г. Нур-Султан, 19–20 апреля 2019 г.). Нур-Султан: НИИ им. К. А. Акишева при ЕНУ им. Л. Н. Гумилева, 2019. – С. 10–38.
Журналдан
Жакыпов, Едресов, 2012 – Жакыпов О.Н., Едресов В.М. (егер авторлар саны үштен артық болса, онда үш фамилиядан соң «және басқалар» дей жазады) Қазақстан тарихнамасындағы хан Әбілқайырдың бейнесі // Отан тарихы. 2012. № 1 (16). 63–76-бб.
Гундова, 2021 – Гундова О.Е. Институт ханской власти у казахских родов в оценках отечественных ученых и чиновников (XVΙΙΙ-начало XΙX в.) // Известия АлтГУ. Исторические науки и археология. 2021. № 2 (118). – С. 19–23.
Ғылыми еңбектер жинағы, мақалалар
Алаш-Орда, 1992 – Алаш-Орда: сб. документов / Состав. Н. Мартыненко; ответ. за выпуск Г. Мурзахметов. Алматы: Жалын, 1992. 235 с.
Сборник материалов «Великие имена Великой степи» (в рамках реализации проекта «Аналитическое исследование по актуализации, выработке научно-обоснованных критериев отбора и информационному сопровождению проекта «Великие имена Великой степи») / Ред. кол.: Кабульдинов З. Е. (гл.ред.), Абдулина А. Т. (отв.ред.) и др. – Алматы: Литера-М, 2019. 640 с.
Диссертациялар мен авторефераттар
Стеблева, 1973 – Стеблева И.В. Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформация в раннеклассический период: Дисс. ... док. филол. наук. М., 1973. 319 с.
- Токтабаев, 1992 – Тоқтабаев а.у. ХІХ – ХХ ғғ. басында қазақтардың жылқы шаруашылығы (тарихи-этнографиялық зерттеу): Тар. ғыл. канд. дисс. ... автореф. Алматы, 1992. 19 б.
Сөздіктер, анақтамалықтар
Қазақтың этнографиялық, 1-т., 2011 – Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия / Ғылыми редактор және жоба жетекшісі: Н. Әлімбай. 5 томда. 1-т.: А-Д. Алматы: DPS, 2011. 448 б.
Көптомдық басылымдар
Аристотель, 1976–1984 – Аристотель. Соч.: В 4 т. М.: Прогресс, 1976–1984.
Дудин, 1928 – Дудин С.М. Ковровые изделия Средней Азии // Сб. Музея антропологии и этнографии. Т. VII. Л., 1928. С. 71–166.
Газеттен
Рыскулов, 2023 – Рыскулов Т. Наши студенты в Германии // Туркестанская правда. 1923. № 257. 2 декабря.
Электрондық ресурстар
Хафизова, 2016 – Хафизова К.Ш. Абылаевичи в Семиречье. Тезек-торе // Мысль. 2016. 27 июня. URL: http://mysl.kazgazeta.kz/?p=7933
Диссертациялардың авторефераттары мен диссертацияларға, газет мақалаларына, сандық форматқа ауыспаған БАҚ басылымдарына сілтеме жасалмайды! Ондай жарияланымдарға сілтеме жасаған кезде қандай дәйексөз екенін түсіндіру керек. Авторлардың өз жарияланымдарына сілтеме жасауы шектен шықпауы тиіс (1–3).
Транслитерацияны рәсімдеудегі ерекшеліктер:
- Мұрағат (Sources) пен әдебиеттер (References) атаулары транслитерацияланып және ағылшын тіліне аударылуы тиіс (тік жақшада; тек кітаптың немесе мақаланың атауы; авторлардың аты-жөні мен шығу мәліметтері аударылмайды). Бұл ағылшын тіліндегі басылымдарға қатысы жоқ.
- Транслитерацияланған сілтемелер мақаланың түпнұсқа тіліндегі атаулардың бәрін көшіріп алады (авторлардың аты-жөні, түп деректің атауы, шығу мәліметтері). Қисық сызықтарды қолдануға (слеш) ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ, олар атаудан кейінгі қойылған нүктенің орын алмастырады.
|
Орыс тіліндегі қисық сызықпен сипаттау мысалы. |
Осы сипаттаудың References бойынша қисық сызықсыз мысалы |
|
Басин, 1969 – Басин В.Я. Казахстан в системе внешней политики России в первой половине XVIII века // Казахстан в XV–XVIII веках (Вопросы социально-политической истории) / Отв. ред. Б.С. Сулейменов. Алма-Ата: Наука Казахской ССР, 1969. 276 с. С. 50–145.
|
Basin, 1969 – Basin V.Ya. Kazakhstan v sisteme vneshnei politiki Rossii v pervoi polovine XVIII veka [Kazakhstan in the System of Russia’s Foreign Policy in the First Half of the XVIII Century]. Kazakhstan v XV– XVIII vekakh (Voprosy sotsial’no-politicheskoi istorii) [Kazakhstan in the XV–XVIII Centuries (Issues of Socio-Political History)]. Ed. by B.S. Suleimenov. Alma-Ata: Nauka KazSSR. Pp. 50–145. [in Russian]
|
- Автордың аты-жөні, журналдың немесе материалдар жинағының атауы курсивпен беріледі.
- Дереккөздердің атауы транслитерациялануы тиіс, соңында түпнұсқа тілі дөңгелек жақша ішінде көрсетілуі тиіс.
- Журналдағы ғылыми мақалаға сілтемені рәсімдеген кезде нақты беттері көрсетіледі (Pp.).
- Соңында тік жақшада түпнұсқа тілі нүктесіз көрсетіледі [in Kazakh], [in Russian], [in Turkish]. Бұл нақтылау ағылшын тіліндегі басылымдарға қолданылмайды, яғни жақшаға тілді көрсетудің керегі жоқ.
- Автоматты транслитерациядан соң алынған нәтижені тексеріп, қажетті түзетулерді қолмен енгізу керек (беттерді белгілеуді түзету керек, слештерді алып тастау керек, кітаптардың атауларының ағылшынша аудармасын тік жақшаға салу керек және т.б.).
Транслитерация мысалы:
Abuev, 2006 – Abuev K. Khan Abylai i ego vremya [Khan Abylai and His Time]. Astana: Elorda, 2006. 304 p. [in Russian]
Langsdorff, 1952 – Langsdorff Gg. H. von. Eine Reise um die Welt. Hrsg. von H. Damm. Lpz., 1952. 202 р.
Mambetova, Muminov, 2023 – Mambetova G. A., Muminov A. K. Kazakh moldalarinin XX gasyrdagy «aman kalu» strategyasy (Kazakstannin Batys oniri) [Strategy of «survival» of Kazakh mullahs in the XX century (Western region of Kazakhstan)]. History of the Fatherland. 2023. № 4. Рp. 792–807. [in Kazakh]
Mukanova et al., 2022 – Mukanova G.K., Abisheva O.N., Zhumatay S., Batyrkhanova Z.A. Volunteering from Culture, or Education of Charity through Art among Muslim Students in Russian Turkestan. Bylye Gody. 2022. № 17(2). Pр. 824–833. URL: https://bg.cherkasgu.press/journals_n/1654181388.pdf.
Редакторлық түзету жұмыстары көлемінің көптігіне байланысты талаптарға сай рәсімделмеген мақала қолжазбалары қаралмайды және жариялауға қабылданбайды.