• Ұлттану
  • 07 Мамыр, 2014

Н.Назарбаев: Елдің әрбір азаматының парызы — халқымыздың бірлігін сақтау, қорғау

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елдің әрбір азаматының парызы — халқымыздың бірлігін сақтау, қорғау. Бүгін Астанадағы «Қазақ Елі» монументі алдындағы алаңда Отан қорғаушылар күніне арналған

әскери шеруде ҚР Президенті -  ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Біздің еліміз қабылданған «Стратегия-2050» бойынша қарқынды дамуда. Бізде тұрақты экономика, берекелі қоғам, дайындалған қуатты армия бар. Біз жаңа Қазақстан рухына, прогресс, болашақ құру рухына адалмыз», — деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, бұл — еліміздің дамыған 30 елдің қатарынан көруді армандайтын барша қазақстандықтың мақсаты.

«Бізде барлық өңірлер, қалалар, аудандар және ауылдар бірыңғай ырғақпен дамуда. Біздің басты байлығымыз — бейбітшілік пен келісім. Елдің әрбір азаматының парызы — біздің халқымыздың бірлігін сақтау, қорғау», — деді Елбасы.

ҚР Президенті өз сөзінде Қазақстан армиясы заманауи қару-жарақпен жабдықталып, тұрақты оқу-жаттығулар өткізіліп тұратындығын, жауынгерлер мен офицерлері әлеуметтік қолдау қамтамасыз етілгендігін баса айтты. «Бұл — елдің біздің армиямызға қамқорлығы», — деді Елбасы.

264 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз