• Ұлттану
  • 20 Мамыр, 2014

«Бауыржан Момышұлы» фильмі халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы атанды

Ұлы Отан соғысындағы ерлікті дәріптеу мақсатында өткізіліп келе жатқан халықаралық кинофестиваль үшін осы жыл ерекше. Алдымен кинофестиваль биыл 10-шы рет шымылдығын ашса, Батыр қала атанған Севастопольдің неміс фашистерінен азат етілгеніне 70 жыл толды. 

Биыл байқауға ТМД және алыс-жақын шет елдерден барлығы 134 тапсырыс түсіпті. Сарапшылар кеңесі соның ішінен 65 фильм мен телебағдарламаны іріктеп алған. Ұлы Жеңістің 70-жылдығы қарсаңында осы тақырыпқа түсірілген кинотуындылардың сайысы 10 аталым бойынша бәсекеге түсті. Бас жүлде Севастополь қорғаушыларына арналған Ресейлік «35-ші жағалау батареясының құпиясы» фильміне бұйырса, белгілі мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған халықаралық қазылар тобы «Бауыржан Момышұлы» фильмін «Мәскеу қорғаушылары» аталымында үздік деп таныды.

Айта кетейік, «Бауыржан Момышұлы» фильмі Александр Бектің «Волоколам тас жолы» туындысы бойынша қазақтың қайсар ұлы, батыр атамыз Бауыржан Момышұлының Ерлігі туралы түсірілген болатын. Белгілі режиссер Ахан Сатаевтің бұл туындысы жуырда ғана Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Алматы мен Астана кинотетарларында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көрсетіліп, көптің ықыласына бөлінді.

BAQ.KZ

371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз