• Ұлттану
  • 26 Мамыр, 2014

Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай медаль табысталды

Алматыда армия генералы, тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, КСРО Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай ҰОС ардагерлеріне, әскери қызметкерлерге медальдар табыс етілді, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов медальдарды тапсыру барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың өмір жолы жастарға үлгі екендігін атап өтті.
- Сағадат Қожахметұлы кеңестер одағы кезінде алғашқы қазақтың бірі болып генерал шенін алды. Тәуелсіздік алғаннан соң республикамыздың қорғаныс қуатын көздің қарашығындай сақтады. Еңбек демалысына шыққан соң ол армиядан қол үзген жоқ. Өзінің мол тәжірибесімен бөлісіп, еліміздің Қорғаныс Күшінің қуатын одан әрі нығайтуға, әскери сала кадрларын тәрбилеуге мол үлес қосты, - деді Ахметжан Есімов.
Медаль тапсыру барысында Сағадат Нұрмағамбетов барлық жастағы жандар үшін асқан ерліктің үлгісі болатындығы атап өтілді.

548 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз