• Ұлттану
  • 26 Мамыр, 2014

Асығыңыз, ағайын, баспасөзге екінші жартыжылдыққа жазылу жүріп жатыр!

Қазір қолына қалам ұстаған  журналистер қауымы үшін  аса маңызды науқан- 2014 жылдың екінші жартысына баспасөзге жазылу жүріп жатыр. Жылдағы дәстүрімізбен «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдардың шығармашылық ұжымдары республикалық дәрежедегі ірі мекемелерге, министрліктер мен  облыс, аудан басшыларына ресми хат жолдап үлгерді. Жекелеген ұжымдармен әріптестік байланыс орнатып, олардың жетекшілерімен  тікелей  хабарласып, оқырман тарту мақсатында  арнайы іссапарларға шығуда.

Жақында «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары Ж.Сәрсек Талдықорған өңірін аралап  қайтса, «Ана тілі» газетінің тілшісі Б.Балаубаева  Жамбыл облысының Сарысу ауданына барды. Аудан әкімінің қабылдауында болып, жергілікті халықпен жүздесулер өткізді. «Ана тілі» ұлт газетінің тағы бір беделді тілшісі Д.Төлебаев Павлодар облысына барған іссапар кезінде қазақ баспасөзіне жазылу науқанының белсенді жүріп жатқанына куә болды.

Қай кезде де баспасөз ұлт мүддесін жоғары қоятын, лауазымды, ел басқарған азаматтардың қолдау - көмегін күтетіні рас. Журналистерге жолыққан лауазым иелері де өз тараптарынан газеттердің таралымын арттыруға қолдау көрсететіндіктерін  айтуда. Біздің атымызға Ақмола  және Жамбыл облыстық, Астана қалалық ішкі саясат басқармаларынан, Алматы облысының Ұйғыр ауданының әкімінен келіп түскен хаттарда да басылымдарды насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылады.  Мәселен,  «Ел тәуелсіздігінің басты белгісі-ана тілі екені баршамызға белгілі,- деп жазады бізге жолдаған ресми жауап хатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің жауапты хатшысы Е.Нұрғалиев. -  Тіл-халықтың сан ғасырлық тарихы. Осыған орай,  Қазғарыш өз тарапынан қазақ тілі-мемлекеттік тіл ретінде дамуына және оны іс қағаздарға жүргізуде  жұмыс атқаруда. Жыл сайын қазақ тілі бойынша ведомствоның қызметкерлеріне арналған курстар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Қазғарыш жыл сайын бірқатар қазақ тілді басылымдарға жазылуын міндетті түрде ұйымдастырады, оның ішінде «Ана тілі» ұлт газетіне жазылып келеді.»

Баспасөз- ел өмірінің айнасы, олай болса,елімізде болып жатқан оң өзгерістерге жұртпен бірге қуанып, қазақ басылымдарын қолдап отырған көзіқарақты оқырманымыздың қатары толыға түскей деп тілейміз. Ұлт рухының ұраншысына, әрбір алаш баласының жансерігіне айналған баспасөзге жазылуды ұйымдастыру мәртебелі іс деп білейік!

М. Қанағатқызы

284 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз