• Ұлттану
  • 08 Тамыз, 2014

М.Бәшімов: Министрліктердің оңтайландырылуы - болашаққа жасалған стратегиялық қадам

Министрліктердің оңтайландырылуы - болашақ қамы үшін жасалған стратегиялық қадам болып отыр. Танымал заңгер, ҚР Заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Бәшімов Елбасының Үкіметтегі реформаларына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президентінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылған шешімдердің мақсаты айқын. Көптеген сарапшылар қалыптасқан геосаяси жағдай ерекше екендігіне тоқталады. Әлемдік дағдарыстың салқыны әлі таралып біткен жоқ. Үкімет жақын болашақта елде орын алуы ықтимал түрлі жағдайларға дайындалып жатыр», - деді М.Бәшімов.

Осы тұста ол, министрліктердің оңтайландырылуы болашақ қамы үшін жасалған стратегиялық қадам болып отырғандығын ерекше атап өтті.

«Үкімет атқаруы тиіс міндеттерді стратегиялық тұрғыда қалыптастыруда. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент министрліктердің қайта құрылуы және оңтайландырылуы аталмыш стратегиялық жоспарға сәйкес жасалып жатқандығын қадап айтты», - деді ол.

«Үкіметке алдағы 2-3 жылға қойылған міндеттер сарапшылардың ойынша жеңіл міндетер емес. Бұл жалпы Еуразиялық экономикалық одақтағы жұмыс. Сонымен қатар ол Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қатысты жұмыстар. Бұл Елбасы әрдайым айтып жүрген бюджеттік қаражаттарды бақылауға да қатысты жұмыстар», - дейді ол.

 
 

262 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз