• Ұлттану
  • 12 Тамыз, 2014

Малайзия - Қазақстанның бүкіл мұсылман әлеміндегі сенімді саяси және сауда серіктесі - Мемлекет басшысы

Малайзия - Қазақстанның  Оңтүстік Шығыс Азияда ғана емес бүкіл мұсылман әлеміндегі сенімді саяси және сауда серіктесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақордада Малайзияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Хидайат Бин Абдул Хамидтен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Қазақстан мен Малайзияның өзара қатынастары қарқынды дамып келеді. Бұл ел Оңтүстік Шығыс Азияда ғана емес бүкіл мұсылман әлеміндегі сенімді саяси және сауда серіктесіміз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы сонымен бірге өз сөзінде Малайзия Премьер-Министрі Наджиб Разактың таяудағы Қазақстанға ресми сапары экономикикалық ынтымақтастықты кеңейтуге серпінін тигізген баса айтты.  Осы сапардың нәтижесінде құны  1 млрд. доллардан асатьн келісімшартқа қол қойылғанын еске салды.

«Біз ислам қаржы құралдарын жүйелі енгізу мен дамыту ісіндегі Малайзияның тәжірибесі мен көмегіне жүгінеміз», - деді Н.Назарбаев.

324 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз