• Ұлттану
  • 12 Тамыз, 2014

Елбасы: Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы

Қазақстан Канадамен атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Ақордада Канаданың Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайлден сенім грамотасын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.  

«Қазақстан үшін Канадамен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытудың мәні зор. Бізді жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, экономика, энергетика, сауда және инвестиция саласындағы өзара үндестік жақындастырады», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының айтуынша, Канада Қазақстанның Америка құрлығындағы, Ал Қазақстан - Канаданың ТМД елдері арсындағы маңызды сауда серіктесі.

«Біздің елде канадалық капиталдық қатысуымен 170 компания, 40-қа жуық компанияның өкілдігі жұмыс істеуде. Олар тау-кен өндіру өнеркісібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыс және білім саласында жұмыс істейді. Біз, әсіресе, атом өнеркәсібі саласында бірлескен жобаларды іске асыруға ынталымыз», - деді Н.Назарбаев.

196 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз