• Ұлттану
  • 03 Сәуір, 2014

Әділбек Жақсыбеков ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділбек Жақсыбеков ҚР Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалды.

Әділбек Жақсыбеков бұған дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметін атқарды.

1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

Мерзімді әскери қызметін Кеңес армиясының қатарында Қызыл Тулы Сібір әскери округінде өтеген.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалады.

1997 жылғы желтоқсан мен 2003 жылғы маусым аралығында — Астана қаласының әкімі. 2003 жылғы маусым мен 2004 жылғы желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. 2008 жылғы 23 қаңтар мен 13 қазан аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары — ҚР Президентінің кеңесшісі.

2008 жылғы қараша мен 2009 жылғы маусым кезеңінде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

ҚР Футбол Федерациясының Президенті. 2008 жылы Астана қаласындағы «Дөңгелек алаң» архитектуралық кешені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «Князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған. «Елорда жұлдызы жарқырады», «Астана осылай басталған. Елорданың тұңғыш әкімінің жазбалары» кітаптарының авторы.

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз