Редакция

Дина Имамбаева  

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы Бас редактордың орынбасары

1973 жылдың 6 наурызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған.  1997 жылы Қазақтың қыздар педагогтік институтын бітірген.

2015 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистратурасын бітірді. Әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы қаласындағы №30 балабақшада бастады. А.Чехов атындағы Алматы қалалық ОКЖ-да жұмыс істеді. «Тil-audit.kz» сайтының редакторы болды. 2017 жылы «Ана тілі» ұлт  газетіне бөлім редакторы болып қабылданды.  2018 жылдың мамыр айынан бері «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналында бөлім редакторы болып қызмет атқарады.

 

Серікқали Хасан  

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бөлім редакторы

1960 жылы 8-мамырда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында дүниеге келген. М.Жүнісов атындағы орта мектепті 1977 жылы бітірген. 1979-1980 жылдары Жаңақала аудандық «Жаңарған өңір» газетінде әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1980-1989 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі және Қазақстан Журналистер Одағы басқармасы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды.  1989 жылдан республикалық «Зерде» журналында секция меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, жауапты хатшы, «Жалын» журналында жауапты хатшы, еларалық «Заман-Қазақстан» газеті қазақша беттерінің жауапты хатшысы, Қазақстан телерадиокорпорациясында бас маман, «Ақиқат» журналында бас редактордың орынбасары болып істеген.

«Қасқырлар түнде ұлиды» атты прозалық кітаптың авторы. «Қос ішек» (Астана), «Нарық нақыштары» (Алматы), «Атажұрттан әңгімелер» (Түркия) атты ұжымдық прозалық жинақтарға әңгімелері, бірнеше деректі ұжымдық жинақтарға очерктері, эсселері енген.

Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының құрметті азаматы.