• Ұлттану
  • 16 Сәуір, 2014

«Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты ән мен күй кеші өтеді

23 сәуір күні (сағат 19.00-де) Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты ән мен күй кеші өтеді.

Ұлыстың ұлы күнін ежелгі сақтар, ғұндардың ерекше тойлағандығы туралы деректер бар. Сондықтан, Наурыз парсылардың емес, өзіміздің төл мерекеміз. Кеште түркілердің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен көрініс көрсетіледі.

Көк түріктердің бүкіл әлемді бағындыруының басты себебі – ең алғаш болып жаһанда атты ауыздықтап мінуі, олардың аттың құлағында еркін ойнауы. Ал биыл жылқы жылы. Сол себепті де, жылқы тақырыбындағы ән мен күй кешін өткізуді жөн көрдік. Концерт залына кіреберісте қолөнер көрмесі ұйымдастырылады. Онда қыштан, темірден, ағаштан және тағы басқалардан жасалған шеберлердің бұйымдары қойылады. 

Кешке қатысушылар:

Жоламан Құжиманов, Рамазан Стамғазиев, Айгүл Үлкенбаева, Талғат Мұқыш, Еркін Нұрханов, Ерлан Төлеутай, Еркін Шүкіман, Ақан Әбдуәлі, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Ұлжан Байбосынова, Тілеулес Құрманғалиев, Сейіл Аяғанов, Абзал Қуанышев, Талғат Әбуғазы, Саят Нұрғазин, Жақсыкелді Маясаров, Серік Сатыбаев, Жасұлан Қоңыров, Жасұлан Сақаев, Бақтияр Ақымжанов,  Ғалым Қабденов, Сырым Нұрмолдин, «Тұран» тобы, «Алашұлы» тобы.                                   

Ұйымдастырушы: «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі

Билеттер Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры мен «Жас-Ай» шығыс-тибет медициналық орталығында сатылады           

Телефон: 3855636, 87767778786

331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз