• Ұлттану
  • 18 Сәуір, 2014

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді

Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен  Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді деп жазады Қазақпарат агенттігі.

Сессия «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбының аясында өтеді.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа  ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық мәселелерін талқылаған болатын.

Е.Тоғжанов сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баяндады. Сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, діни бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, шет мемлекеттер дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады.

ҚХА-ның ресми сайтында хабарлағандай, сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен құрылған. 820-дан астам этномәдени бірлестіктерді интегралдай отырып, ол азаматтық қоғам мен мемлекет мүмкіндіктерін үйлестіруші қоғамдық келісім қайнар буыны болды. Әлемде теңдесі жоқ бұл азаматтық қоғам әмбебап институты нағыз халықтық дипломатия органына айналды. Өз қызмет жылдары барысында Ассамблея орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының этникааралық даму сұрақтары бойынша жұмыстары үйлестірушісіне айналды. Бұл жұмыс ақпараттық, білім, құқықтық, сонымен қатар этникааралық келісімді қамтамасыз етуші халықаралық аспектілерді қамтиды.

239 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз