• Ұлттану
  • 18 Сәуір, 2014

Елордада Елбасының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы ашылды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы «Қазақстан-2050: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбымен ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның жұмысына ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, саяси партиялар, діни конфессиялар, дипломатиялық миссия басшылары, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және шетелден келген қонақтар қатысуда.

Сессия барысында ҚР Президенті Сочиде өткен 22-ші қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Д.Тенге «Құрмет» орденін және Ассамблеяның бірқатар мүшелеріне «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін» табыс етеді.

Сондай-ақ,  сессия қорытындысында жиынға қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданады деп күтілуде.

274 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз