• Ұлттану
  • 21 Тамыз, 2014

Елбасы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевты қабылдады

Кездесуде отандық кинематографияның жағдайы мен даму перспективалары, киностудияның қазіргі жұмысы, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бүгінде киностудия қазақстандықтардың мәдени дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Осы саланың нығаюы үшін мемлекет тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Киностудия жоғары дәрежелі жабдықтармен және заманауи түсіру алаңдарымен қамтамасыз етілген.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң ықпалын тигізуі тиіс патриоттық тақырыптағы фильмдер өндірісі қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жас буынын адамгершілік рухта тәрбиелеуге бағытталған анимациялық фильмдер жасаудың маңыздылығын да айтты.

Е.Аманшаев киностудияның жыл соңына дейін прокатқа түрлі тақырыптағы 8 фильм шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қазақстандық кинофильмдер былтыр 1 миллионнан астам көрермен жинағанын атап өтті.

332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз