• Ұлттану
  • 02 Қыркүйек, 2014

Шымкент қаласында Бекзат Саттархановқа ескерткіш қойылды

Бүгін Шымкентте Сидней олимпиадасының жеңімпазы, атақты былғары қолғап шебері Бекзат Саттархановқа арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды 24.kz сайты.

Жас спортшының жұлдызы 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы олимпиада ойындарында жарқырап жанған еді. Жартылай жеңіл салмақта алтын жүлдені жеңіп алған боксшы Қазақстанның туын көтеріп, рингті айнала жүгірген кезі елдің көз алдында. Бірақ содан 3 ай өткен соң, қазақ елі жол апатындаардақты ұлынан айырылып қалды. Бүгін ескерткіштің ашылу салтанатына еліміздің даңқты спортшылары, олимпиада чемпиондары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Бекзат Саттарханов атымен аталатын спорттық мектеп-интернаттың алдына биіктігі 3 метр мүсінқойылған. Жақсылық Үшкемпіров, спорт ардагері: - Арыстай азаматымыз, қыршындай кеткен жасына қарамай еңбегін бағалап, осы ескерткішті салған азаматтарға рахмет. Бұл келешек ұрпаққа үлгі. Біздің тілегіміз, елдің тілегі осы жастарға айтарым, біздің жолымызды баса берсе екен. Қазақ халқының кім екенін дүниежүзіне танытсындеп тілейміз.

261 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз