• Ұлттану
  • 15 Қыркүйек, 2014

ҚР ІІМ Отбасы күні мерекесін атап өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында «Тай-төбе» демалыс орнында Отбасы күні мерекесіне байланысты ҚР ІІМ жеке құрамы мен олардың жанұяларына арналған іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.   

Іс-шараның ашылуында министрліктің Кадр жұмысы департаментінің бастығы Алтынғали Әбдіғалиев, сонымен қатар ІІО мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Берік Сүлейменов сөз сөйледі. 

Сол күні демалыс орны аумағында отбасылық спорттық ойындар, жарыстар, ішкі істер органдары қызметкерлері балаларының қатысуымен концерт, балық аулау, сурет салу мен жағажай волейболынан байқаулар өтті.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз