• Ұлттану
  • 19 Қыркүйек, 2014

Қарағандыда «Тіл жанашыры» байқауының жеңімпазы жарты миллион теңгеге ие болды

 

ҚазАқпарат - Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында «Тіл жанашыры» байқауының жүлдегерлеріне облыс әкімінің сыйлығын табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков атап өткендей, өңірде осымен үшінші рет өткізіліп отырған байқау мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған. 

Ұйымдастырушылар мәлім еткендей, биыл байқауға қатысуға 50 өтінім түскен, оның 18 конкурсқа қатыстырылған. Қазылар алқасы түрлі аталымдар бойынша 6 жеңімпазды анықтады.

Мемлекеттік тілді дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін «Тіл майталманы» аталымы бойынша 500 мың теңге көлеміндегі сыйақыны Долинка кентіндегі саяси репрессия құрбандарын еске алу музейі директорының орынбасары Ибрагим Ислямов иеленді. Тағы бес адам 400 мың теңге көлеміндегі қаржылай марапаттарға ие болды, олардың ішінде аймақтық БАҚ журналистері де бар.

 

255 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз