• Ұлттану
  • 22 Қыркүйек, 2014

ҚР Премьер- Министрінің бірінші орынбасары: Полиция таяғы қолданылмайтын болады

 

Полиция таяғы - бұл билік құралы. Бұл пікірді КТК телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев білдірді.

«Жалпы, осы полиция таяғының қажеті қанша? Меніңше, бұл МАИ кезінен қалған тарихи идея. Тіпті, бір жағынан алып қарағанда, оны билік құралы десек те болады. Сондықтан да біз заң бойынша ысқырық бар екенін айтамыз. Оны пайдалануға болады. Қолмен де көрсетуге болады. Олай болса, таяқтан біртіндеп бас тартайық», - деді бірінші вице-премьер.

Оның сөзіне қарағанда,  2017 жылдың қаңтарына дейін біртіндеп таяқ қолданыстан шығарылатын болады.

«Жолдың ортасында, көшенің қиылысында тұрып, қозғалысты реттейтін болсаң, онда ол үшін таяқтың қажет екендігі түсінікті. Ал жол бойында тұрып, көлікті тоқтату, өз билігіңді көрсету, рөлде отырған адамнан өзіңнің жоғары екендігіңді паш ету үшін таяқ пайдалану - бұл енді теңсіздік», - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда жол полиция қызметкерлерінің азаюы тенденциясы байқалып келе жатқандығын баса айтты.

«Полиция қызметкерлерінің жол бойында тұрып, бақылау жүргізбеуі үшін біз көшелерді барынша видеокамералармен жабдықтауымыз қажет. Яғни, біз барлығын да жедел басқару орталығы арқылы қадағалап отыруымыз керек», - деді бірінші вице-премьер.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

 

293 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз