• Ұлттану
  • 11 Қазан, 2014

Марат Тасмағанбетов Петропавл әкімі болып тағайындалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат — Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласының әкімі болып Марат Тасмағанбетов тағайындалды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл активіне жаңа басшыны таныстырды.

«ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Петропавл қаласының әкімі болып Марат Иманбайұлы Тасмағанбетов тағайындалды. Марат Иманбайұлы 1971 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданының Андреевка ауылында дүниеге келген. Көкшетау ауыл шаруашылық институты мен Алматы экономика және статистика институтын ғалым агроном, экономист мамандықтары бойынша бітірген. 2006 жылдан бері осы күнге дейін СҚО-дағы  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданды басқарды» , — деп атап өтті СҚО әкімі Ерік Сұлтанов.

Аймақ басшысы Марат Тасмағанбетовтің СҚО-дағы үздік аудан әкімдерінің бірі екенін атап өтті. Оған туған қаласының дамуы жолында жемісті  еңбек етуіне тілек білдірді.

245 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз