- Ұлттану
- 14 Қазан, 2014
Елбасы Миланда өтетін «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысады
16-17 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Милан қаласына (Италия Республикасы) сапармен барады деп көзделуде, оның аясында «Азия-Еуропа» форумының 10-шы саммитіне қатысу, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жоспарланған.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Басты тақырыбы «Орнықты даму және қауіпсіздікті нығайту жолындағы жауапты серіктестік» деп аталатын форум жұмысына 50-ге жуық елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысады.
Қазақстан Орталық Азиядан осы форумның мүшесі мәртебесіне ие болған бірден-бір ел болып саналады.
198 рет
көрсетілді0
пікір