• Ұлттану
  • 18 Қазан, 2014

Елбасы «АСЕМ» бейресми саммитінде бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді

Eлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының 10-саммитінің бейресми сессиясына қатысты.

Мемлекет басшысы «Еуропа мен Азия арасындағы диалог пен ынтымақтастықты нығайту және АСЕМ болашағы» тақырыбындағы сессияға қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Азия-Еуропа» форумының 10-саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен әңгіме барысында инвестиция, технология және сауда-экономика салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қозғалды, сондай-ақ Пак Кын Хенің Қазақстанға сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесуде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Сонымен қатар тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға да тоқталды.

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңес Премьері Ли Кэцянмен әңгімеге екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға сапары кезінде жасалған уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері арқау болды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз