• Ұлттану
  • 20 Қазан, 2014

Бразилия телеарнасынан Қазақстан туралы репортаж көрсетілді

Қазақстан Республикасының Бразилиядағы Елшілігінің қолдауымен  Бразилияның португал тілінде хабар тарататын ірі телекоммуникация компаниясы - «TV Globo» телеарнасы эфиріне Қазақстан туралы бір сағаттық арнайы репортаж шықты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

Бұл жобаның басты мақсаты - бразилиялық телекөрермендерді Қазақстанмен, оның халқымен, мәдениетімен және салт-дәстүрімен, сондай-ақ Қазақстанның аймақтарымен және табиғатымен таныстыру болып табылады.

Атап айтқанда, репортерлер телекөрермендерді еліміздің Астана, Алматы сияқты ірі қалаларының архитектураларымен, спортымен, табиғи байлықтарымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағымен, Арал теңізінің мәселелерімен және т.б. таныстырды.

«Қазақстанда қазіргі заманғы тұрмыс пен көне шығыстық әдеп-ғұрыптардың үйлесуі қызығушылық тудырады. Қазақстанның табиғаты бай, соның арқасында мұнда  экотуризм, тау шаңғысы, белсенді және жағажайлық демалыс, сондай-ақ сауықтыру сияқты салаларды одан әрі дамытуына үлкен мүмкіншілігі бар», - деп атап өтті «TVGlobo» телеарнасының тілшісі.

Сонымен қатар аталған телеарна көрермендерді Қазақстанның басқа да мәдени мұрасымен және қазақ елінің салт-дәстүрімен таныстырды.

Хабарлайды ҚазАқпарат.

232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз