• Ұлттану
  • 26 Қазан, 2014

К. Көкірекбаев: Басты байлығымыз, облысымыздың алтын қоры - адамдар

Жамбыл облысы аймақтың 75 жылдығын атап өтті. Тараз қаласында және аудандарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

 «Баласағұн» орталық концерт залында өткен салтанатты жиналысқа  өңірге еңбек сіңірген ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

«1939 жылғы қазанда Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының бірнеше аудандарынан құрылған жаңа облыста небәрі 320 адам болған еді»,- деп бастады өз баяндамасын өңір басшысы Кәрім Көкрекбаев.

  - Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға 120 мың жамбылдық атттанды. Ерлігі мен батырлығы үшін олардың 20-сы Кеңес Одағының  Батыры, жетеуі Даңқ орденінің толық иегері атанды. Бауыржан Момышұлы, Ыбырайым Сүлейменов, Ағаділ Сухамбердиев, Николай Белашов, Владимир Савва,  Саттар  Естемісов, Сәду Шәкіров, Яков Тюлькин, Нұролла Файзуллаевтың есімдері  ҰОС жылнамасына алтын әріптермен жазылды.  Ал тыл еңбеккерлері қажырлы еңбек етіп, жеңісті жақындатты.

Соғыстан кейінгі  кезеңде өнеркәсіп өсті,  құрылыс қарқыны жоғарылады. «Түркістан-Сібір», «Мойынты-Шу»  теміржол желісі іске қосылды.Өзге де өндіріс орындары салынды. Халық шаруашылығындағы жетістіктері үшін облыс Ленин орденімен марапатталды».

Сондай-ақ, әкім өз сөзінде сол жылдары өңірдің  үлкен химияның орталығына айналғанын еске салды.

Ауыл шаруашылығында да қол жеткен жетістіктер аз болған жоқ.

«Облыста 167 адам, соның ішінде 195 ауылдық  Социалистік Еңбек Ері атанды. Біздің басты  байлығымыз, облысымыздың алтын қоры -  адамдар»,-дей келе өңір басшысы аймақтың мерейтойын экономикасының өрлей түсуімен қарсы алып отырғанын айрықша атап өтті.

Өңірдің шетелдік инвесторларды тарта білетін перспективалық облыс екендігін баса айтты ол. Соңғы 3 жыл  және ағымдағы жылдың  9 айында 670 млрд. теңге инвестиция құйылғаны соның жарқын бір көрінісі.

Өнеркәсіп орындары 1,4 есеге көтерілді. 29 жаңа кәсіпорын ашылды, 4,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. Ерекше азаматтық ұйым - Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамлеясының арқасында облыс шын мәнінде халықтар достығының бесігіне айналды. "Бізде 80 ұлт пен ұлыстар бейбітшілік пен келісімде тіршілік кешіп жатыр.  Облыстың барша  тарихы - бұл әрқайсыларыңыздың  қосқан қажырлы еңбектеріңіздің жылнамасы",-деп түйіндеді сөзін К. Көкрекбаев.

ҚазАқпарат.

263 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз