• Ұлттану
  • 27 Қазан, 2014

Елбасы Х Дүниежүзiлiк Ислам экономикалық форумына қатысады

 

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Әсет Мұқажанов дәстүрлі брифинг басталар алдында осы аптаның айтулы оқиғалары жөнінде қысқаша баяндап өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

- Ертең Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда өтетiн Х Дүниежүзiлiк Ислам экономикалық форумына қатысады деп күтілуде. Президенттiң баспасөз қызметi тартақан ақпараты бойынша, 28-қазанда Елбасының Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне жұмыс сапары жоспарланған. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Дубайда Х Дүниежүзiлiк Ислам экономикалық форумына қатысады, - дедi ол.

- Ал 29-31 қазан аралығында Қазақстанға Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани іссапармен келмек. Сонымен қатар, 28-29 қазан аралығында елімізге Хорватия Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары, Сыртқы iстер министрi, Еуропалық интеграция министрi Весна Пусич ханым да келмек. Енді Үкімет бағыты бойынша. 29 қазан күні Қызылорда қаласында «Байқоңыр» инвестицилық форумы өз жұмысын бастамақ. Ал 30 қазанда осы тақылеттес шара Павлодарда «Ертіс инвест - 2014» бірінші инвестициялық форумы өтеді деп күтілуде. Оған Инвестициялық даму жөніндегі министр Әсет Исекешев қатысады жоспарланған. Сондай-ақ, қазақстандық және шет елдік ірі компания өкілдері шара аясында басқосады деп күтілуде, - деді ресми өкіл.

 Нұрлыбек ДОСЫБАЙ

 

 

212 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз