• Ұлттану
  • 28 Қазан, 2014

Ауылдарға 24 жас дәрігер аттандырылады - Қарағанды облысы

 

Қазанның 27-інде облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға қатысты маңызды мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің әр азаматы, ол ауыл тұрғыны болсын, қала тұрғыны болсын, заманауи және сапалы медициналық көмек алуға тиіс деп үнемі атап көрсететін. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінің негізгі атқару керек жұмыстары бұл», - деді аймақ басшысы жиынның ашылуында.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев өз баяндамасында ауыл тұрғындарына бүгінгі таңда құрамында 8 ауыл ауруханасы бар 9 орталықтандырылған аудандық аурухана, 71 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 51 фельдшерлік-акушерлік нысан және 229 дәрігерлік нысандар мидициналық көмек көрсетіп жатқанын жеткізді.

Ағымдағы жылда ауылды жерлерге 24 санитарлық автокөлік, 57 медициналық құрылғы жіберілген. Санитарлық авиация қызметі шалғайдағы ауылдық елді мекендерге 133 рет аттанып, 14 науқасқа ота жасалып, 52 консилиум жүзеге асқан. Ал облыстық медициналық мекемелердегі 11 телемедициналық орталықтар арқылы соңғы 9 ай ішінде 2270 рет кеңес берілген.

Аурудың алдын алу үшін профилактикалық тексерудің 10 түрі жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылда 140 мың дәрігерлік тексеру жүргізіліп, 67 мың ауыл балалары қаралған. Аймақтағы ауылдық жерлерде барлығы 495 дәрігер және 1931 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Ағымдағы жылда 24 жас дәрігерді ауылды жерге аттанбақ.

Сондай-ақ ауылдарда медициналық мамандардың жетіспеушілігі, медициналық құрылғылардың тапшылығы тәрізді мәселелер де көтерілді. Жиын соңында барлық мәселелер бойынша облыс басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

ҚазАқпарат

 

 

241 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз