• Ұлттану
  • 07 Қараша, 2014

Н.Назарбаев А.Атамбаевқа «Достық» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз әріптесі Алмазбек Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады

«Қазақстан президенті Қырғыз Республикасының президенті А.Атамбаевқа І дәрежелі «Достық» орденін табыстады», — делінген Ақорданың ресми Twitter аккаунтындағы жұма күнгі жазбада.

Еске сала кетейік, А.Атамбаев бірқатар кездесулерге қатысу үшін мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді. Елбасының төрағалығымен Қырғызстан мен Қазақстанның Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысы өтеді.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

«Достық» ордені – қоғамдағы өзара келісімді сақтау бойынша өнімді жұмысы, халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтудағы еңбегі үшін азаматтарға табысталатын ҚР мемлекеттік сыйлығы.

Businessnews.kz.

233 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз