• Ұлттану
  • 19 Қараша, 2014

Қытай электрұшақтар өндірісін жандандырмақ

Қытай алғашқы электрұшақты құрастырды, енді оны жаппай өндіріске енгізгелі жатыр

RX1E деп аталатын екі орындық бұл ұшақ электр тогының күшімен 1,5 сағат ұша алады. Ұшақтың жылдамдығы 160 шақырым/сағат. 3 мың метр биіктікте қалықтай алатын электрұшақ Шэньян авиағарыш университетінің жанындағы Ляонин ғылыми-зерттеу институтында құрастырылған.

Ұшақты құрастырушылар 2014 жылдың соңына дейін Қытайдың азаматтық авиция әкімшілігінен сертификат алуды және жаңа ұшақты жаппай өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.

Электрұшақтың бағасы аккумуляторымен қоса есептегенде 1 млн. юаньға (163 мың доллар) тең. Ал онымен бір сағат аспанға көтерулу құны 20 юань (3,26 доллар).

Қазіргі таңда жыл сайын 100 ұшақ құрастыратын зауыттың құрылысы басталған. Авторлардың айтуынша сұранысты толық қанағаттандыру үшін жылына 1000 дана ұшақ құрастыру керек көрінеді. Жаңа ұшақтар сонымен бірге АҚШ пен Европаға да сатылады.

Businessnews.kz.

260 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз