• Ұлттану
  • 25 Желтоқсан, 2014

«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында ақтөбелік кәсіпкерге қолдау көрсетілді

«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында көптеген жандар көмекке қол жеткізіп жатыр. Солардың бірі Әділбек Жиембаев есімді ақтөбелік азамат деп хабарлайды  Businessnews.kz.

«Мен Әділбек Жиембаев бірінші санатты мүгедек болсам да, өз ісімді-аяқ кім жөндеуді қолға алғаныма үш жылдай болып қалды. Ендігі мақсатым, тігін машинасын алып, басқа жұмыстар атқару еді.

Сол күн де ұзақ күттірген жоқ. Мейірімді адамдар әлі де бар деген қағиданы еске алсақ, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлері, «Intel LTD» ЖШС директоры Игорь Легуша «Janome-S24» маркалы тігін машинасын тарту етіп, мені үлкен қуанышқа бөледі. Ол азаматқа менің тілегімді жеткізуге атсалысқан «Даму» қорының қызметкері Әліби Сабыр, кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкері Анар Асанова мен Венера Сайжанова және облыстық кәсіпкерлер палатасының Ембі қаласындағы филиалының директоры Тілек Нақпаев секілді жанашыр жандар.

Енді мен бұрынғыдан да өнімді еңбек етіп, кәсіпкерлікті дамытуға шама-шарқымша үлесімді қоспақшымын», — дейді Мұғалжар ауданының тұрғыны Әділбек Жиембаев.

277 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз