• Еркін ой мінбері
  • 10 Желтоқсан, 2012

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАҒДЫРЫ – КІТАПТА

Өткен ғасырдың 20 жылдары АҚШ елінің президенті болған Гувер: «Кәсіп еркіндігімен сауда еркіндігі өлген жағдайда сөз еркіндігі өледі» – деген. Бұл айтылған сөзге сүйене отырып еліміз 20 жыл Тәуелсіздігінің ішінде көптеген кәсіптен жекешелендіру жолында айырылып қалғаны анық. Соның ішінде ең маңыздысы, халқымыздың рухани материалдық жағдайын көтеретін ең үлкен кәсіп 1500 кітап дүкендерімізден 1997-1999 жылдар айырылуымыз. Жекешелендіру жолында 1500 кітап дүкендерімізді сақтап қалған болсақ, 16 млн. оқырманымызға жетіп отырған болар еді. Әр оқырман өз саласына қажетті материалдарын тауып, тәжірибесі артылса, аудармашы, автор мен редактор жалақысын табар еді. Осылайша, барлық облыстар бойынша жаңа баспагерлер шығуы мүмкін. Бұған мысал, өткен Кеңес дәуірінде небары 65 басылым орталығы болған, ол бүгінгі күні Мәскеу қаласының өзінде 3000 баспагерлер бар. Питер қаласында 700. Әр кітаптың шығуы, экономика саласында жүрген адамдарға өз септігін тигізеді. Ал, өз еліміздің әртүрлі маман адамдарына, мамандықтары мен салалары бойынша қажетті кітаптар жоқ. Оның себебі неде? Оның себебі, ақпаратты көбейту үшін біз орысша айтқанда «Нужно кормить авторские, редакторские и переводческие школы». Ол үшін жоғарыда айтылған 1500 кітап дүкендерін қайта қалпына келтіруіміз керек. Сонымен қатар, Германиядағыдай қазпоштаның тарифін 3 есе кітап үшін арзандату керек. Үшіншіден, Англиядағыдай НДС (12%) пайыздық мөлшерін алып тастау қажет. Сонда ғана кітап арзандайды да, оқырманның қалтасы көтеретін болады. Ол бір ғана жағы. Ал, екінші жағынан нарық экономикалық жағдайында миллиондаған оқырманнан инвестициялық қаржы түсетін болады. Кітап саудасының арқасында әр сала бойынша Алматы мен Астана ғана емес, басқа қалалардан да жаңа баспагерлер мен іскерлер пайда болуы мүмкін. Осы бағытқа сүйенсек, алдымен тілімізді байытып автор, редактор және аудармашылардың қоржындарын толтырар едік. Тәуелсіздікпен құрдас 20 жастағы інілеріміз жеткілікті білімнің жоқтығынан діни экстремизмнің арбауына түсіп, қыршыннан қиылып жатқандар қаншама. Мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алып, жамандықты болдырмайық десек 1500 кітап дүкендерін қайта қалпына келтіргеніміз абзал. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында еліміздің барлық жерлерінен 3 мың мешіт ашылды. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Ал, 3 мың мешіт салып тұрған жағдайда, еліміздің болашағы үшін неге 1500 кітап дүкендерін қалпына келтірмеске? Білімнің көзі – кітапта! Ал, сол кітапқа балаларымызды қалай тартамыз, егер, қазіргі заман ата-аналарының өздері кітап оқымайтын болса?! Қажетті оқулықтардың жоқтығының кесірінен балаларымыз әртүрлі компьютерлік ойындар ойнап, ұялы телефондармен интернет желісінде отыратындығы да сондықтан. Бәріміз білеміз кітап оқымаған адам рухани байлықтан да, тілінен де кемде-кем болары сөзсіз. Ал, кітап өмірдің шамшырағы. Сондықтан да, ұрпақты кітапқа баулу үшін әртүрлі жасқа арналған, өздерін қызықтыратын оқулықтар шығаруымыз керек. Сонда ғана еліміздің ертеңі деп отырған ұрпағымыз саналы да, тәрбиелі болып өсетіні сөзсіз. Мысалы, Алматыда қазақ отбасылары балаларын орыс мектептеріне беріп жатыр деп шарқ ұрып жүрміз. Оның себебі неде? Өйткені, 1 сыныптан бас­тап, аспирантураға дейін оқитын қажетті оқулықтардың қазақ тілінде аздығының және сапасыздығының кесірі. Егер, әр мамандыққа, әр салаға жеткілікті қазақша оқулықтар болса, мұндай түршігерлік жағдайлар болмас еді де, тіліміз байып және одан әрі дамыр еді. Бүгінгі таңда еліміздің кітап саласы нарықтық экономика жолында жұмыс жасамай тұр. Оның бір себебі, жоғарыда көрсетілгендей 1990 жылдары жекешелендіру жолында 1500 кітап дүкендерінен айырылуымыз. Өйткені, кітап дүкендерінде жоқ оқулықтарды ата-ана баласы үшін базарлардан жоғары бағаға сатып алып жатыр. Бұған айқын дәлел салық саясаты, соның ішінде «Налог на добавленную стоемость» (НДС). Кітап шығару үшін автордың қолынан, оқырманның қолына жетем дегенше үкіметтің салық саясаты қағаз сататын фирмадан 12, баспаханадан 12, баспагерлерден 12, кітап дүкенінен 12 пайыз ұстап, Үкіметтің өзі автор мен оқырманның арасын үзіп отыр. Қымбатшылық, жоқшылық, жетіспеушілік жаңа баспагерлердің жоқтығы, жалпы кітап саласында инвестициялық қарым-қатынастың нашарлығы осыдан туындайды. Кітап бүгінгі таңда қажетті құрал болып қала береді. Ол жеке тұлғаның дамуына, мақсаты мен жетістігіне және мәдени қоғамның қалыптасуына септігін тигізеді. Мәдени қоғам қалыптасқан кезде экономикамыз да, саясатымыз да, сонымен қатар, тіліміз де жақсы дамитын болады. Осыған сүйене отырып, адамдарды әдеби кітапқа қызықтыру арқылы еліміздегі бұқара халықтың кітап оқуын дәстүрге айналдыра аламыз. Сонда ғана кітаптың өмірлік маңызы болады. Сөзіміздің соңын Валерина Майкованың сөзімен аятайық: «Жеке тұлға өзін тану мақсатында кітап оқу керек». Ал, қазақ тілінде қажетті оқулықтардың аздығынан және сапасыздығынан қаншама мәселелер өз шешімін таппай келеді... С.Шүкешев.

433 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз