• Еркін ой мінбері
  • 09 Сәуір, 2014

ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ,
«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының бас редакторы 

ҚАЗАҚСТАН – Еуразия кеңістігі, әрі ТМД елдері ішіндегі дәс­түр-салты, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпымен бірге, ай­мақ­тық-ау­мақ­тық орналасуы да ерекше мемлекет. Бұлай дей­ті­ні­міз, оны кім жаулап алып, қандай жұрт аяқасты еткісі келмеді дей­сіз. Со­ған қарамастан, ол елдік қадір-қасиетін толық жоғалта қой­ған жоқ. Қа­зақ­станды айта берді ежелгі Египет ми­фо­ло­гия­сын­да­ғы ажал төніп келе жатқанда жанып кетіп, сосын, қайта күл­ден өне жаңарып, жаңа туғандай күй кешетін Феникс құспен те­ңе­се де болғандай.

Ендеше, оның иесі қазақ та сол Феникс құс­қа ұқсас. Сондықтан, ұлттық идеяны алыстан іздеп, тон піш­пей, сол қазақтың өзінен іздеуіміз керек. Оның негізі – ұлттың тағ­дыр-талайы аумалы-төкпелі өмірбаянында. Сонымен бірге, ұлт­тық иммунитетінде. Ал, иммунитет дегеніміз – адам бо­йын­да­ғы белгілі бір қоздырмалы ауруды улы әсері болғанына қа­ра­мас­тан бойына толық сіңірмей, оған қарсы көрсететін әре­ке­ті то­лық­қан­ды жетілген қасиет. Қазақтың пәлен ғасырлық жоң­ғар-қал­мақ, орыс, тағы да басқа сырт жаугершілігінен аман қа­луы­ның сыры сонда. Сондықтан, мына алып Қазақстанның иесі алдымен қазақ, ал, ондағы диаспора саналатын ұлттар мен ұлыс­тар соған ортақ, яғни, қазандас халық.

Ендеше, аз ұлттарды жұтып қоятын жайынқұлық ға­лам­дас­ты­ру мен оның негізгі тетіктері және басты-басты құн­ды­лық­та­рын ұс­тан­ған саны да, сапасы да артық ұлттар қанатын кеңге жа­йып келе жатқанда ұлттық интеллигенция мен ұлттық идея туралы әң­гі­ме қозғау еш артық емес. Өйткені, мемлекет тән де, ал ұлт жан кезде оны сыртқы және ішкі қарсыласынан қор­ғай­тын са­­уыт-сайман ұлттық идея да, оның бастауы – ұлт­тық интеллигенция. Сондықтан, қазақ мемлекеттілігі мен ұлт­ты­лы­ғын қа­лып­тас­­ты­­ра­­тын интеллигенция рөлінің қоғамдағы алатын ор­­ны­­ның қан­­дай екендігін анықтап алу – бүгінгі күннің басты міндеті.

Жалпы, әлемдік айналымдағы құндылық ұлттық интеллигенция мен ұлттық идея туралы пікірімізді шама-шарқ, хал-қа­ді­рі­міз­ше білдіруден бұрын, алдымен өзіміздің төл зиялы деген ұғым-түсінікке иек арта отырып, ендігі қозғар мәселемізді қа­зақ этносының қалыптасуының өзегінде тұрған Жәнібек, керейден, ол кездегі таптық түсінікті айналымға түсірмей кешегі ресей мен ұлы Қытай ортасында отарлаудың құйтырқы сая­са­ты­ның айла-шарғысында қалған хан Абылай кезеңінен қоз­ға­сақ, қазақ зиялылары қашанда да ұлт тұтастығы жағында бол­ған. Сон­дық­тан, содан кейінгі және қазіргі күнге дейін айналымнан түс­пей, қазақтың ұлттық интеллигенциясы мен ұлттық идея­сы­ның жасарып-жаңаруына барынша зиянын тигізіп келе жат­қан ру­шыл­дық пен жүзшілдік келе-келе пайда болған дерт сы­ңай­лы. Айта берді ұлы Үш би ұғымының өзі жүздік тұрғыда ай­­мақ­­тық-аумақтық контексте пайдаланылған әкімшілік-би­лік са­­на­­тын­­да­ғы лауазым-дәреже. Ендеше, ол кез-кезеңдегі ұлт­тық зиялылар Асанқайғыдан бастап, Жиренше шешенге де­йін­гі ара­­лық­­пен үндесе, дәстүр жалғастығын үзбей Ұлттық идея не­гі­зін қа­­ла­­ған­­дар. Ендеше, ұлт тұтастығы бөлінбесін десек, қа­зақ алдымен өз тарихындағы Үш би орнын нақты әрі дәл анық­тап алуы керек. Олардың есімдерін атағанда көз ал­ды­мыз­ға Үш би билігіндегі әртүрлі ел-жұрт емес, тарихи-та­би­ғи эволюциялық жолмен дамыған, біртұтас мо­но­эт­ни­ка­лық және унитарлық мемлекет келмесе болмайды. Ал, Үш би болса, сол қазақ халқы құр­­мет­­те­­ген әрі сыйын асыр­ған азаматтар ретінде тарихи оқу­лық­тар­дың беттерінде ерекше аталуы тиіс. Әйтпесе, Үш биді елді мекендерде пай­ғам­бар санаса, ал, бір ел-жұрт ел билеушісі деп көр­се­тіп, жарнамалап жүр. Ендеше, бар бәле қай тұстан басталып, қазақ тұтастығы қай кез-кезеңде бұзылып, о баста негізі бар ұлттық идея мен ұлттық зиялыға (интеллигенцияға) қашан нұқсан келді. Біздіңше, ол патшалы Ресей мен ұлы Қытайдың ішкі-сыртқы саясатының кү­ше­йіп, ортасындағы алып далаға ие Қазақ хандығы атанатын құ­ры­лым-мемлекеттілігіне, сонымен бірге, аймақтық-ау­мақ­тық тұтастығына ши жүгіртіп, әртүрлі саяси құйтырқы іс-әре­кет­тер­ге баруынан басталды. Мысалы, атақты граф М.Сперанский (Сі­бір генерал-губернаторы болған) патша ағзамға жазған қыз­мет­тік хаттамасында қырғыз-қайсақ даласында сексеуіл деген өсім­дік өсетінін айта келіп, оны бір-біріне ұрып жаратынын тілге тиек етеді де, қырғыз-қайсақтың үш жүз, руға бөлінетіндігін мә­лім­дей келе, оларды басқарудың оңай жолы бір-біріне айдап салып, әлгі сексеуілдей сындырып, тұтастығын бұзуға бо­ла­тын­ды­ғын жазады. Міне, сол кезден бастап патшалық ресей мен ұлы Қытайдың қазақты бір-біріне айдап салу прин­ципін ұс­та­нуы бұрынғыдан да күшейе түсті. Сөйтіп, қазақ сонау бірінші петрден бастап бүгінгі Петр Свойкке дейінгі ара­лық­та «бі­рін-біріне ұрып жару» ұстанымының құрбаны болып, ол келе-келе қазақтың өз арасындағы дертке айналды. сонымен, әлгі дерт бүгінде асқынып біз қазақстандықпыз, қа­зақ­стан­дық ұлт­пыз деген жағымсыз түсінік қалыптастырып, қа­зақ да­­ла­­сы­­ның және қазақ ұлтының өткені және болашағы жоқ, біз­дер­ді бүгінгі күн ғана топтастырып, байланыстырып тұр деген ұғым­­ға дейін жетті. Мұндай ойды қоздатып отырған – «столичная жизнь» газетінің журналисі Елена Брусиловская. Ол ханым ана бір жылы Мұ­­рат Әуе­зов­пен көшелі де келелі сұхбат алуға тырысқан. Мұ­рат аға­мыз да журналистің сұрақтарына барынша нақты әрі тұ­жы­рым­ды жауап беруге барын салыпты. Сонымен бірге, оның жалпы тарих және «Көшпенділер» кинофильмі жайлы ой-пі­кір­ле­рі маз­мұн­ды да мәнді. О кісі мәдениет және саясат туралы тү­йін­ді тұ­жы­рым­да­рын жан-жақты жеткізуге ден қойған. Сұх­бат­та белгілі қоғам қайраткерінің өмірі де тыс қалмайды. Атал­ған пі­кір­ал­ма­су­да­ғы бір әттеген-ай дегізетін жағдай, ол Мұ­рат Әуе­зов­ке Елена ханым ұлттық идея қоғамды тұтастық тө­ңі­ре­гін­де ұйы­та ала ма дегенге саятын ой қозғай келе «Как вы думаете, могла бы быть идея, которая консолидировала бы не только казахскую нацию, но все наше многонациональное общество?» деп сауал қояды да, кейіпкерінен «В конце 19-го века в японии, когда была проведена великая революция мэйдзи в 1865 году, там провозгласили замечательную нацио­нальную идею – император, японцы и японские острова» деген жауап алады. Әдемі әрі нақты жауап. Әрине, оның арасында Мұ­қаң­ның жеке адамды құрметтеу жөніндегі гуманистік принциптер мен заңдарға сүйену керек деген ойлары бар. Осы тұс­та мен Мұ­­қа­­ңа «Алдымен Сіз қазақпын, сосын ғана гуманиспін» деген принципті ұстануыңыз керек еді дегім келеді. Өйт­ке­ні, құр­мет­ті ағам Бру­си­лов­ская­ның «У нас есть отличие (ке­йіп­ке­рі­нің жо­ға­ры­да­ғы жапония туралы ойына байланысты айтып отыр-ау, сірә. – А.Ә.) В этом плане мы, наверное, ближе к штатам, мы – многоязычные, мы многоликие, мы – не мононациональное государство. Такое наверное, сложнее объединить?» деген сауалына сиырқұйымшақтандыра нақ­ты жауап бермейді. Мұ­қаң журналист сауалына орай Л.Толс­той­дың «казаки» повесіндегі брошка өмірінен бір ғана детальді кел­ті­ріп, жауапты жалпыландырып жіберген. Мұндағы басты кем­ші­лік – оның нақты жауаптан тай­сақ­тап, жалтақтық танытуы. Әйт­пе­се, ол кісі Қа­зақ­стан Ата Заң бойынша біртұтас уни­тар­лық мемлекет екенін білмей ме? Ал, біз журналист сұрағына былай деп жауап берер едік. Сіз кешіріңіз, Брусиловская ханым, бүгінгі Қазақстанда 60 па­йыз­дан астам қазақ тұрып, қалғандарын диаспора саналатын әр­түр­лі ұлттар мен ұлыстар құрайды. Сосын, оған Қа­зақ­стан­нан тыста жүрген қазақ қандастарымызды қосыңыз. Сонда, Сіз қазақтың қанша, қаншалықты дәрежеде екенін білесіз. Сон­дық­тан, Қазақстан – бүкіләлемдік қалып (стандарт) бойынша мо­но­ұлт­тық ел. Ал, Сіз болсаңыз, бізді «мы – не мононациональное государство» дейсіз. Сосын, қазақтар Қазақстанда Фран­ция­да­ғы француздарға, Испаниядағы испандарға, Ан­глия­да­ғы ағыл­шын­дар­ға қарағанда артық болмаса, кем емес. ендеше, неге олар өз­де­рін біртұтас унитарлық, ұлттық мемлекет санайды да, ал, біз өзі­міз­ді көпұлтты мемлекет деп есептеуге тиіспіз. Тіпті, ір­ге­міз­де­гі украиндар, латыштар, эстондар, грузиндер, тағы да бас­­қа­­лар өздерін ұлттық және уни­тар­лық мемлекетпіз деп жариялайды да, біз болсақ неге оны ашық және жа­рия­лы­лық­пен айтудан жасқанамыз? Бұ да болса біздің жал­пақ­ше­шей­лі­гі­міз бен кө­­ңіл­­шек­­ті­­гі­­міз­­ден. Одан да қат­ты­рақ айтсақ, на­мыс­сыз­ды­ғы­мыз­дан. Аталған жай ұлт ин­тел­ли­ген­ция­сы­ның әлсіздігінің кө­­рі­­ні­­сі. Егер, біз өзіміздің ұлттық және уни­тар­лық мемлекет екенімізді БАҚ және телеарналар арқылы ашық айтсақ, Елена ханым, Сіз секілді тұтас ұлт пен мемлекетті күй­ре­ту­ші күшке ие журналистік принципті негізге ала отырып, отарлау сая­са­ты­ның идеясы мен идеологиясын насихаттаушылар болмаған болар еді. Сіз бәрін білесіз, бірақ, қазақ халқына, оның ұлттық идеясы мен ау­мақ­тық тұтастығына нұқсан келтіру үшін жо­ға­ры­да­ғы­дай сұ­рақ­ты қасақана қойып, оны Мұрат Әуезовтей дуалы ауызбен жуып-шай­ғы­ңыз келеді. Мұндай журналистік құй­тыр­қы­­лық­­ты біз Сіз­ден артық білмесек, кем білмейміз. Оқы­ған­ды­ғы­мыз да жетеді. Соған қарамастан, біздің өзгелерді кеміту ар­қы­лы ұпай жинауға әуестігіміз жоқ. Солай болады да, Қазақ ұлт­шыл­ды­ғы тек өзін-өзі қорғаумен келе жатқан ұлтшылдық де­уі­міз­дің сыры да сонда. Бұл – біз үшін трагедия. немесе ұлт интеллигенциясы алдымен қазақ болып, содан соң ғана интернационалист не гуманист болуға тиіс. Өкінішке орай, біз олай ете алмай жүрміз. Бәрі керісінше.
Жалпы, қазақта интеллигенция бар ма? Әрине, бар. Бірақ, ол қандай? Міне, гәп сонда. Сосын, біз толыққанды интеллигенттік тек-тамырымызды қай кез-кезеңнен тартуымыз керек. Мұ­ха­мед­са­лық Бабажанов пен Ш.Уәлиханов заманынан ба? Әлде одан да әрі немесе берігіректегі М.Шоқай, А.Байтұрсынов, Ә.Бө­кей­ха­нов, жалпы алаштықтардан өрбітуге тиіспіз бе? Мұны айтып отырғанымыз, қазақ интеллигенциясының жаны, сана-сезімі қа­зақ­тың ұлттық тарихи-табиғи тағдырындай қайшылыққа толы жағ­дай­да қалыптасты. Айта берді ол Кеңес Одағы кезіндегі 20–30 жылдардағы ұлттық кескін-келбет және сана-сезімдегі мем­ле­кет­шіл­ді­гі, діни ұстанымы, ұлтшылдығынан келе-келе айырылып та қалды. Сонымен, Мұстафа Шоқайға жүгінсек, белгілі бір мұрат-мақ­сат­тар­дың соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақ­сат­тар төңірегінде жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп ай­ту­ға болады екен. Сонымен бірге, ұлттық зиялылар қатарына тек өз хал­қы­ның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалт­қы­сыз қызмет ететін адамдар ғана кіреді. Өйткені, ха­лық – объек­ті, ұлт – субъекті екен. Сонымен бірге, біз оған ха­лық­ты – жалпы есім, ұлтты – жалқы есім дер едік. Сол кездің өзін­де-ақ, Мұс­та­фа Шо­қай батыс пен орысқа еліктеушілерді «шы­­ғыс зердесінен айрылған» десе, мен қазіргі өз тілін білмей, өзге ел­­дер­­дің салт-дәстүріне еліктеп өскендер мен ділін тәрк еткендерді қа­зақ зердесінен айрылғандар дер едім. Өйткені, олар совет Ода­­ғы­­ның «таптық тәрбиесінде» өскен. Яғни, сол кездегі ке­­ңес­­тік идеология мен идеяға бейімделе типтенген интеллигенция.
Қазақ интеллигенциясының мінез-құлық, сана-сезімі мен түй­сі­гі әртүрлі ішкі және сыртқы факторлар әсерінен қа­лып­тас­қан. Әсіресе, Кеңес Одағы кезінде сыртқы фактордың рөлі ерекше болды да, ішкі фактор бірте-бірте түнгі жанған балауыз шамдай өше берді. Сондықтан да, қазіргі қазақ ин­тел­ли­ген­ция­сы­ның табиғи-тарихи түйсігі және де сана-сезімі, сосын, жады әл­сіз. Өйткені, ол қазақтың басынан өткен толқын-толқын тарихи-әлеуметтік, саяси-қоғамдық кезең-кезді бар болмысымен қорыта алмай, солардың астында қалып, қиын-қыстау кезең­нен көз аша алмай келеді. Қазіргі халықаралық және әлем­дік жағдайдағы келеңсіз құндылықтардың елімізге етенелей енуі – соның айғағы. Ендеше, бұл қазақ интеллигенциясы өткеннен еш сабақ алмаған деген сөз. Мұнымен айтып отырғанымыз, біз­дің интеллигенция дәстүрлі сана-сезімді реформа деген бетпер­де­ні жамылып, халықты күйзелтетін революциялық жолмен шешуге жол беруде. Яғни, ұлттық тарихи құндылықтарымызды нақ­­ты жағдайларға лайықтап немесе үндестіре дамытуға өз үлес­те­рін бар мүмкіндігінше қоса алмай келеді.
Жалпы, Кеңес Одағы кезінде бей­мемлекетшіл, бейдінді, космополиттік бағыт-бағдардағы нигилист-интелли­генцияның буын-бұғанасы қатып, ол күні бүгінге дейін өзінің өлермендігін көр­се­тіп келеді. Кеңес идеологиясы мен идеясы қазақ интеллигенциясын үш жағ­дайда күйретті немесе дағдарысқа ұшыратты. Бі­рін­ші, іштей рухани мүгедек етіп қалыптастырса, екінші, сырттан интеллигенцияны өз ұлтынан қол үздірді. Осыдан келді  де ұлт­­тық интеллигенция билік алдында құрдай жор­ға­лай­тын жас­қан­шақ болып қалыптасты. Сондықтан да, интеллигенция қазір клас­си­ка­лық «кім кінәлі?» емес, «не істеу керек?» деген сұрақтар тө­ңі­ре­гін­де іс-әрекетке көшетін ой қозғауға тиіс. Ұлт­тық идея­ны да осы тұстан іздеуіміз керек. Жалпы, Ұлттық идея тек эт­но­гра­фия­лық және табиғи-тарихи негізге ғана иек артып қой­май­ды. Ол, сонымен бірге, қазақ жағдайында тәңірліктен өріп, мұ­сыл­ман­дық­қа ұласқан иманға негізделеді. Оның қоз­ғау­шы күші – сол дәстүрді бойына сіңірген интеллигенция. Егер, біз қа­зір­гі­дей, әлгі, әлде бір Брусиловская ханым секілді мемлекетімізді бір­тұ­тас унитарлық, ұлттық  мемлекет демей, «мы – не мононациональное государство» және көп ұлтты республика деп айдарлай үкілеп, әспеттеп жатсақ, ұлттық идея кімге керек? Және о ха­ным­ның ұлттық идеяға күдікпен қарайтынын қай­тер­сің? Біз­де­гі Ресейдің Қазақстандағы қандастары Ұлттық интеллигенция мен ұлттық идеяны қолдап, қосыла ма деуіміздің сыры да сонда. Мысалы, Ресейдің әлемдегі орнын саралай отырып, мар­­құм орыс сыншысы, әрі тарихшы-философы Вадим кожинов: «ресей ұлттық мемлекет емес, континент», – десе, оның қан­да­сы А.Дугин православиеге негізделген орыс шовинизмін насихаттайтын Евразия идеясын ұсынады. Ал, олардың бірде-біреуі бізді айналып өтпесі тағы анық. Ендеше, бізге қан­дай ұлттық идея керек? Біздіңше, ол абстракция, сосын, сана-сезімге симайтын қиялдан өрілген идея болмауы тиіс.
Мен Қазақстанды қазақсыз көз алдыма елестете алмаймын. Сол ұлт қазір ақпараттық және этнодемографиялық май­дан­ның өтінде тұр. Ұлттық идея бізге сол майданда өзгені қор­лап, аяқасты етпей, өзіміздің ұлттық мүддемізді қорғап қалуға ерек­ше көмектесер еді. Мемлекетіміз бүгінде ауыр-жеңіліне қа­ра­май белгілі бір нарықтық кезеңінен өтті. Ендеше, қазір бізге сол на­рық­қа лайық ұлттық интеллигенция мен ұлттық идея керек. интеллигенция, алдымен мемлекетіміздің демографиялық және ақ­па­рат­тық-саяси технологиясын қазіргі заманға сай ұлттық негізде өргізу арқылы ұлттық идея қалыптастырып, ұлттың тәні мен рухын тең дәрежеде дамытуға атсалысуы тиіс. Ал, бү­гін­гі күн­ге дейін аман келген дәстүрлі, әрі қайта қалыпқа ке­луін күт­кен ұлттық рухани құндылықтарымыз жаңа мағына-мән­де­гі, сонан соң, әртүрдегі қайта құрылған материалдық-практикалық қыз­мет пен экономикалық реформаларға бастама болмаса болмайды. Ол үшін шығармашылық-интеллектуалдық күш-жігерді жи­нақ­тау­ға тиіспіз. Оны жинақтау үшін әртүрлі ұстанымдағы, табан тірері жоқ люмпендерге жол бермеуіміз керек. Ал, люмпендер – туған мә­де­ние­ті­нен қол үзген адамдар, бірақ, оларда интеллект жоқ деуге болмайды. Бар. Бірақ, олар ұлтына жат жұрттай қарайды.
Ұлттық идеяның негізі – тіл, дәстүр, дін. Сондай-ақ, діл, әри­не, одан әрі мемлекет, ұлт, үкімет болып кете береді. кейбіреулердей ұлтты діннен қалай бөліп қарауға болмаса, ұлттық идея­ны да соншалықты діннен бөліп қарауға болмайды. Өйткені, дін – ұлт­тың негізгі, тұрмыс-тіршілігіндегі иманға негізделген өмір­лік құн­ды­лы­ғы. Сонымен бірге, ұлттық идеяның негізгі көзінің бірі – экономика мен материя. Әрине, рухсыз еш материя мәң­гі­лік бола алмайды. Ұлттық идея мемлекет пен ұлт­тың қо­ғам­да­ғы дамуына бастау болса, оның көзі құқықтық-заң­ды­лық негізде. Сон­дық­тан, ұлттық  идеяны тарихи тұлғалар қа­лып­тас­ты­ра­ды. Ал, тарихи тұлғалар болса тарихи идеялар болған тұс­та өсіп өнеді. Жалпы идеяның орындалуы ұзақ процесс. Ке­ңес­тік ке­зең­де­гі идея солай болған. Қазір де сондай идеяның орнын ұлттық идея алмастыруы ауадай қажет. Жалпы, ұлттық идея мен идеологияны ұлттық интеллигенция қалыптастырады. Ал, Қа­зақ­стан­да интеллигенцияның төрт тобы бар. Олардың біріншісі – таза қазақ тілінде сөйлеп, өзге тілдерді жақсы мең­гер­ген­дер; екіншісі, – басқа тілдерді жақсы біліп, өз тілін шала-шарпы игеріп, немесе одан тіпті мақұрым қалғандар, үшіншісі – орыс интеллигенциясы, төртіншісі – өзге ұлыстар мен ұлттардан құ­рыл­ған интеллигенция өкілдері. Міне, солардың соңғы үшеуі – ұлт­тық идея мен идеологияның қалыптасып, мемлекеттік-елдік, қо­ғам­дық-саяси өмірге қоян-қолтық араласуына барынша кедергі келтіретіндер. Өйткені, олар Қазақстанда ұлттық идея мен идеология етек алып кетсе, біз екінші сортты интеллигенция өкіл­де­рі болып қаламыз деп қорқады. Сондықтан, ұлттық идея мен идеологияны қалыптастырып, оны одан әрі дамыту жолында бар салмақ біріншілерге түседі. Әйтпесе, аталған құн­ды­лық­тар­ды қалыптастыру соншалықты қиын мәселе емес. Өйт­ке­ні, оған негіз болатын ел-жердің иесі қазақ ұлты, сосын, сол ұлт­ты тарихи-табиғи қалпынан өрген жан-жақты құн­ды­лықта­ры тағы бар.
Бір кезде Астана телеарнасындағы «Глобальные встречи» хабарында саясаткер Е.Ертісбаев мырза да ұлттық идея туралы нақ­ты жауап бере алмай, жалпы идея атауынан қор­қа­ты­нын тілге тиек еткен болатын. Яғни, ол үшін ұлттық идея қауіпті көрінсе керек. Міне, Ерекең сондай! Біздің өзін саяси интеллигенция өкі­лі са­най­тын­дар­дың тұжырым-пікірі ұлттық мәселеге келгенде солай сиырқұйымшақтанып, дәрменсіздік танытады. Бұ­дан шы­ға­рар қорытындымыз – ұлттың кейбір сая­си элитасы ұлттық кү­­рес­­ке дайын емес. Ертісбаев мырза тіп­ті жүр­гі­зу­ші сауалына орай еуразия идеясы туралы да жарытып жауап бере алмады. Оның қателігі – әлемді індеттей жайлап келе жат­қан ға­лам­дас­ты­ру секілді православиеге негізделген, орыс отар­ла­уы­ның бастауы ретінде қалыптасқан Еуразия идея­­сы­­ның ша­ғын орыс ға­лам­дас­ты­руы екендігін елеп-екшеп айтып бере алмауы. Сон­дықтан, «кіші ғаламдастыру» саналатын ресей-еуразия идея­сында қа­зақ­қа орын жоқ. Ендеше, тарихшы М.Қой­гел­диев айт­қан­дай, «мемлекет ұлтты қалыптастырмайды, ке­рі­сін­ше, ұлт мемлекетті қалыптастырады». Ал, ұлттық идея болса соған қыз­мет етеді. Оны айтасыз, құрметті Ерекең олжас Сү­лей­ме­нов­тің совет идеясы мен идеологиясынан өрген бү­кіл­әлем­дік коммунизмді насихаттайтын «Нет Востока, запада нет» деген жолын қай өлеңінен екенін таба алмай біраз шатасты да. ер­тіс­баев­ты о жолдың Олжекеңнің таза советтік «Адамға табын, жер енді» поэмасынан екенін білмеуі ұят-ақ. Тағы да менің түсінбейтінім, Брусиловская ханым бізді америка Құрама Штаттарына ұқсатады. Құдай-ау, осыған да бі­лім, содан соң ақыл керек пе? Әйтпесе, Америка мемлекетінің атынан-ақ оның ойдан-қырдан жиналған құрама екендігі көрініп тұр­ған жоқ па? Ол жер американдықтардың қолына жергілікті ұлт­ты қанжоса етіп, жойып жіберу арқылы тигендігі де тарихтан белгілі. Ал, біз болсақ, әлімсақтан осы ұлы далаға ие қа­зақ ұлтымыз. Ендеше бізді, біздің жерімізді Америкамен салыстыру немесе ұқсату – қиянаттың қиянаты. Тіпті, білімсіздік пен біліксіздік. Иә, бізде диаспора ретінде көп ұлттар мен ұлыстар тұрады, біздің көпқырлылығымыз да сонда. Сон­дық­тан, егер өзге ұлттар мен ұлыстар кіндік ұлт – қазақтың тө­ңі­ре­гін­де тұтасса, міне, сонда ұлттық идея мен ұлттық интеллигенция шын мәніндегі бас біріктіруші күшке айналады. Оның еш­қан­дай қиындығы жоқ. Тек Брусиловская сияқты жур­на­лис­тер­дің қазаққа, қазақ жеріне деген ниет-құлығы түзу болуы керек. Сосын, М.Әуезов секілді дуалы ауыздарымыз Ұлт пен мемлекет мәселесіне келгенде жалаң, жалған гуманизм мен интернационализмге ден алдырмауы тиіс. Олар біле-білсе ұлт­ты тұ­қырт­қан­нан ештеңе ұта алмайды. Керісінше, жергілікті кін­дік ұлт – қазақтың тілін шығарып, жағымсыз жа­рия­лы­лық ар­қы­лы келеңсіз жайларға ұрындырады. Сондықтан да, оларда бір-ақ журналистік принцип болуы керек. Ол – Қа­зақ­стан­ның қа­зақ жері, қазақ елі екенін мойындау арқылы өзге ұлт­тар мен ұлыс­тар­ды соның төңірегіндегі тұтастыққа шақыру. Бас­қа жол жоқ.

473 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз