• Заманхат
  • 12 Желтоқсан, 2012

Инновациялық технология және шетел тілі

Шет тілі – қазіргі  заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер). Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. ХХІ ғасыр оқыту үдерісіне компьютерлік технологияны пайдаланумен қатар елде болып жатқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да заңды үрдістегі өзгерістер  білім жүйесіне сол өзгерістер негізінде дамытуды талап етіп отыр. Атап айтқанда, виртуалды кеңістік, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын интернетке ену аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде жүзеге асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолдаумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше, оқытудың ақпараттық технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына – ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйешелер түрінде қосылады. Шетел тіліне оқытуда интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге тоқталып өтейін. Мысалы: оқушылар интернет талаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтары – конференцияларға қатыса алады. Сонымен бірге, белгілі бір уақытта мәтіндік хабарламалар мен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни кез келген түрін қолдануына толықтай мүмкіндіктері бар. Ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі интерактивтік іздеу жүйелері мен өз бетімен іздеу, сондай-ақ алынған материалдарды түрлі тіл тасушыларға ауыстырып салу сияқты интернеттің артықшылық көздері пайдаланылады. интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қор­ларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады. Біз интернет арқылы көп нәрсе істей аламыз. Мысалы, youtube арқылы көптеген видеоларды сақтауға болады. Шет тілін оқытуда заманына сай көрнекі құралдар, аудио материалдар қолдану, мультимедиялық құралдарды пайдалануға үлкен мән беру керек. Сабақ барысында техникалық құралдарды (бейне магнитофон, теледидар, проектор, компьютер) пайдалану студенттердің өз тілінде сөйлейтін адамдардың тілін тыңдап, оны көзбен көре отыра ақпарат алуына көмегі тиеді. Бұл жағдай студенттердің сөйлеу деңгейін жақсартуына көмектеседі. Тыңдау арқылы олар өздерінің сөйлеудегі қателерін жөндей алады. Бұл «аудирование» терминінің өзі де шет тілін тыңдап, оны түсіну деген мағына. Аудио немесе бейне таспаларды тыңдағанда коммуникативті жаттығулар жасалу керек. Алынып отырған тапсырмалардың жеңіл-қиындығын ескере отыра, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, диалог және монолог құрастыру сияқты жаттығулар жасалуы қажет. Бейне фильмді көріп отырып, жаңа сөз немесе сөз тіркестері кездескенде тоқтап, сол сөздерді қайталап және әрбір көріністен кейін сұрақтар қойып отырған жөн. Сабақтың қорытындысы ретінде тест сұрақтарын беріп, нәтижесін тексеріп, бағалау қажет. Электрондық білім беру пайдалану арқылы  даралып оқытуға Ақпа­­­раттық-коммуникациялық  техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі: 1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу). 2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы  өз  ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық   ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана  оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды. 3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау. Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақ­тарында пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз. 1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін  дербес  ком­пьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу. 2. Ағылшын тіліндегі  сөздерді  сауатты жазу мен  көркемдеп  безендіруді  үйретеді. 3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы   оқу­шылардың өзіндік және  жұмыс жасауды  игеру мен білім  алуды кеңейту. 4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқу­­­шы­лар электрондық пошта арқылы хат-ха­­бар­­лама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу. Қа­зақ­стан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар, оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол  жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі – «әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік алады. Жанетта Ералина, Алматы Энергетика және Байланыс университетінің оқытушысы.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». 2.Қазақстан мектебі. 2006 ж. №4 «Инно­вациялық педагогикалық технологияларды қолдану тетіктері». 3.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары». 4.Қазақстан мектебі. 2009 ж. № 8 «Электрондық оқытудың әдістемелік аспек­тілері».

461 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз