• Ұлттану
  • 31 Наурыз, 2022

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ҺӘМ ҰЛТТЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ

Үмбетқан Сәрсембин,
 философия ғылымдарының 
кандидаты


Кез келген ұлттың мәдениетінің тарихи кеңістігінде, мемлекеттің рухани өмірінде оның дамуының қозғаушы күші саналатын, әсіресе оның тарихында ерекше орынға ие нәрсе – интеллигенция, интеллигенцияның қызметі, әсіресе олардың қызметінің ерекше құбылысқа ие болуы. Әр ұлттың мәдениеті өзінің болашағы үшін интеллектуал адамдарды қоғам алдына шығарып отырғандығы тарихтан белгілі. Мәдениеттің өзі қоғамның рухани деңгейі арқылы дамиды. Атап айтсақ, ұлттың болмысы негізінде, оның өмір сүру жағдайларынан туындап, тәжірибелер арқылы қалыптасып отыратын ұрпақтың рухани шығармашылық қызметтері – қашанда ұлттың мәдениетінің дамуының қозғаушы күші. Ұрпақтың рухани қызметінсіз, соның ішінде интеллектуал адамдардың дәстүрінсіз мәдени игіліктер қалыптасып, ұлттың болмысының бойына тегістей тараған емес. Әл-Фараби бабамыз айтып кеткендей, мемлекеттің жоғарғы мәдениетке қол жеткізуінің негізінде қоғамның (халықтың) игіліктерді тану, оған жетудің жолын дұрыс таңдау жатса, сол қоғамның өркениетке қолын жеткізетін интеллектуалдар, ұрпақтың интеллектуалдық қызметі. Интеллектуалдық қызмет деп рухани қасиеттерден құралған, тарихи және ұлттық сана негіздерінен күш алған адамның кәсіби деңгейдегі шығармашылық қызметін айтамыз. Интеллектуалдық қызметте адамның кісілік қасиеттерімен қатар жасампаздық қасиеттері де ерекше көзге түсіп отырады. Ұлттық интеллигенция болмысына тән қасиеттердің қалыптасуы мен оның жалпыға ортақ игілікке айналып отыруы тарихи уақыттың басталу және даму кезеңдерін айқындайды. Ұлттың тарихы мен мәдениетінің пайда болу кезеңінде қалыптасқан интеллектуалдық тәжірибелер оның қоғамының өміріндегі тұлғалық дәстүрдің  қалыптасу ерекшеліктерін де негіздей түспек. Ұлттың тарихының басталуының айшықты белгісі бұл тарихи сана. 

Осы тарихи сана белгілері, әр аймақта ерекше өзіндік қырларымен мәдени дамудың құбылысына айналып отырған. Белгілі тарихшы Хангелді Әбжановтың пікіріне сүйенсек, «мемлекеттің өміршеңдігі мен мәнді ерекшелігі халқының рухымен, тұлғаларының зиялылығымен, биліктің көрегендігімен суғарылған ішкі үдерістер жиынтығымен анықталады. Мемлекеттің басты байлығы – халқы, тұрғындары. Халқы мен тұрғындарының қуаты һәм қамал-қорғаны – мемлекеті. Әдетте әлеуметтік негізін байырғы, автохонды халық құрайды. Сол себепті де материалдық, материалдық емес, рухани, саяси, тілдік, тіпті антропологиялық болмысы мен келбетіндегі сабақтастықты, жалғастықты байқай аламыз. Бұлар – мемлекет аумағында тарих пен уақыт желісі үзілмегенінің айғақтары» [1, 4-б.]. Қазіргі уақытта ғылым алдында тұрған мәселе, қоғамның даму негіздерін (оған қажетті тәжірибелерді)  қайта қарау принципімен айқындалып отырғандығын ескерсек, интел-лектуалдар феномені, әсіресе ұлттық интеллигенцияның қалыптасу ерекшеліктерінің кез келген мәде-ниетке тән құбылыс екендігін байқаймыз. Яғни ұлт бар жерде, әсіресе оның мүддесі, мемлекеті сақталған жерде интеллектуалдар феномені ерекше көзге түседі. Осы себептен тарихтың қай дәуірінде болмасын мемлекеттің мүддесіне көз тіккен жұрт, алдыменен оның рухани мүмкіндігін жойып жіберуге талпынған. Қоғам, мемлекет үшін рухани мүмкіндік ұлттық құндылықтар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ел мүддесін қорғайтын тұлғалар. 
Ұлттық интеллигенция ұлттың мәдениетінің негізгі өнімі, соның негізгі феномендерінің бірі болса, оның қалыптасу ерекшеліктері де алдыменен ұлттың болмысымен, тарихымен тығыз байланысты. Ұлттың болмысы мен мәдениеті дегенде оған әсер етуші нәрселерді ескеру қажет. Біздің ойымызша ұлттың болмысы, мәдениеті, соның негізінде қалыптасып отыратын тарихқа, мемлекеттің дамуына әсер етуші атамекен, оның климат жағдайы. Бұл жөнінде алаш зиялыларының өздері де жазып кеткен. Алаш зиялылары шығарған «Қазақ» газетінің бірнеше санында жарық көрген «Шаруашылық өзгеріс» атты мақалада, зиялыларымыз кез келген ұлттың мәдениетінің қалыптасуына әсер етуші факторларға ғылыми деңгейде тұжырым жасаған. Бүгінгі уақыт тұрғысында, ұлттың мәдениеті мен оның өкілдері саналатын интеллектуалдар қызметінің қалыптасу ерекшеліктерін зерделейтін болсақ, алаш зиялыларының жасаған ғылыми негіздегі тұжырымдары қазіргі уақытта да өзекті. Қазақ зиялылары әлем ғалымдарының мәдениет пен өркениет ұғымына қатысты айтқан ойларын талдай келіп, «табиғат жағдайы, ел жиілігі, шеберлік атауы, бұлар шаруашылық өзгеріске бірінші дәрежедегі себепкер нәрселер. Бұлардан төменірек екінші дәрежелі себепкер нәрселерге саналатын: бір жұрттың тізгіні екінші жұртқа ауысуы, мәдениет жұғысы, мемлекет қамы, саясат. Бір жұрттың тізгіні екінші жұртқа біріне-бірі бағынғанда ауатыны түсінікті нәрсе. Бір жұрт олай, бір жұрт бұлай түрлі-түрлі хакімшілік етуі ол әлгідей ашық түсінікті нәрсе емес. Бір жұрттағы хакімшілік екінші жұрттағы хакімшілікпен неге бірдей болмайды екен деген мәселе талайдың шекесін қаусатқан мәселе. Күні бүгінге шейін бұл туралы бір жөннен табылып, бір шұқырға құйылған пікір жоқ. Олай болатыны мәселенің қиындығы. Қиын болатыны жұрт тұрмысы түрлі салт дағдысынан, түрлі қалыптан, түрлі адамнан, түрлі амалдан құралады. Оның үстіне дін, ықылас, ақыл һәм көңіл күбі сияқты нәрселер жамалады. Заң, саясат, шаруашылық, дін, ықылас қандай түрлі болса, хакімшілік сондай түрлі-түрлі. Бұлардың қайсысы қандай орында бір-біріне сыр етеді, оны ашу қиын жұмыс» – деп жазып кеткен алаш зиялылары  [2, 252-б.]. Қоғамды реттейтін ұлт зиялылары. Қоғамның реттелуі дегеніміз қоғамдық сана түрлерінің ұлттық мүддеге сай өз деңгейінде қызмет атқаруы. Бұған тікелей әсер ететін тарихи тәжірибе. Тарихи тәжірибелер қаншалықты қоғамның тарихи санасына айналған сайын, оның ішкі жағдайы да тұрақты әрі тұтас күйінде дамиды. 
Алаш зиялыларының тарихқа, адамзат қоғамының тарихи даму ерекшеліктеріне қатысты айтқан тұжырымымен қарайтын болсақ, ұлттың мәдениеті мен оның тұлғаларының қалыптасу ерекшеліктерін, әсіресе оның тұлғалық мәнін айқындап отыратын құндылықтарға бір жақты қарау мүмкін емес. Алдыменен сол аймақтың табиғатын, атамекен бомысына сай ұлттың болмысы мен мәдениетінің қалыптасу негіздерін білу керек. Ол үшін, яғни мәдениеттің табиғатын түсіну (білу) үшін оның тарихын, рухани түп тамырын зерттеу қажет. Себебі ұрпақтың атамекен жағдайына (болмысына) сай өмір сүруі, өмір сүрудегі тәжірибені қажет етіп отыратын табиғи орта. Бұған қатысты алаш зиялылары тағы да былай деп айтып кеткен: «Сондай-ақ бір жұрттың тұрмысы, екінші жұрттың тұрмысымен, бір жұрттағы хакімшілік екінші жұрттағы хакімшілікпен нақ бірдей болмайды. Неліктен бір жұрттың тұрмысы я хакімшілігі екінші жұрттан өзгеше болады деген мәселені шешуден бұрын бір адамның түрі, мінезі, құлқы, жүріс-тұрысы неге екінші адамға ұқсамайды дескен мәселені шешу керек» [2, 252-б.].
Шынымен де, мәдениеттегі интеллектуалдардың ерекшеліктері туралы көзқарастардың түрлі болу себебі, олардың сол ұлттың табиғи өмір сүру  ортасына байланысты болса керек. Жалпы адамзат мәдениетінің басталу кезеңдеріне қарайтын болсақ, әр аймақтың, әр ұлттың мәдениеті мен оны қалыптастырып, дамытушы тұлғалардың қалыптасуына ықпал етуші жаратылыс заңдылықтары ерекше көзге түседі. Неғұрлым ұлттың өмір сүруінде табиғи ортасы кең әрі қуаң дала болған сайын, оның мәдениеті мен тұлғаларының қалып-тасуы да өзгеше. 
Адамзат мәдениетінің дамуына, өркениеттің пайда болуына әсер етуші негізгі күш жылқының қолға үйретілуі болса, бұның осыдан бес мың жылдай уақыт бұрын бүгінгі қазақ жерінде орын алғандығы белгілі. Сондықтан елдік мүдде жолындағы сананың қалыптасу түбірі қайда жатыр деп іздейтін болсақ, оның айшықты белгілісі қазақтың атқа міну мәдениеті болып табылады. Тағы да тарихшы ғалымдарымыздың пікіріне сүйенсек, «Өзін-өзі қорғай алмайтын елдің болашағы бұлыңғыр болып келеді. Қарулы күштер алып империяға да, жаңа шаңырақ көтерген жас мемлекетке де қажет. Өз әскерiн ұстай алмаған ел басқаның әскерiн асырайды деген қағида бар. Бұл қағидаларды байырғы түркі қоғамы қапысыз ұққан. Өйткені, байырғы түркі мемлекетінің дүниеге келуі, аумақтық тұрғыдан ұлғаюы, табғаштармен күресте азаттыққа жетуi, алыс-жақын көршілеріне өзін мойындатуы – бәрі, Қарулы күштер арқасында жеңіспен аяқталған қақтығыстар, соғыстар нәтижесінде жүзеге асқан еді.... Байырғы түркілер адамзат өркениетіне аз олжа салған жоқ. Солардың ішінде бір де болса бірегейі – әскери тактика, стратегия және соғыс өнері жайлы қалдырған мұрасы» [1, 8-б.]. Ұлттық мәдениетіміздің тарихи кеңістігіндегі, интеллектуалдық қызметтің көне тарихтан бастау алатын қырларында ата-бабаларымыздың табиғатпен үйлесетін, сол арқылы ұлттың мәдениетінің, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыратын тәжірибелерді қалыптастыруы жатыр. Соның негізгісі және бірегейі жауынгерлік, батырлық болған. Қазақ тарихында қаған да, хан да, батыр да, би де ұлттық мүддені қорғауда батырлық иесі атанған. Даналық пен батырлық олардың бойында тұлғалық бірегейліктің тұтқасына айналды. 
Барлық ұлттар мен ұлыстардың төл мәдениетінің тұғыры, оның дүние-танымы мен өмір сүру тәжірибелерінде ерекше көзге түседі. Ұлттың мекен еткен территориясы арқылы мәдениетін немесе мәдениеттің рухы арқылы территорияны сақтап қалуда оның дүниетанымдық тәжірибелерімен сабақтас өмір сүру тәжірибелерінің қалыптасып отырғандығы ақиқат. Тарихи уақыт жағдайларында ұлттық болмыстың тұтастығын қатамасыз етіп отыратын дүниелерді қоғамның есіне салып отыратын интеллектуал адамдар. 
Қазақтар сияқты үлкен терри-торияны мекендеген ұлттар көшпелі тұрмысты таңдап алды. Үлкен территорияны иелік етуде ерік-жігер, ақыл-парасат, тарихи сана мәселесі ерекше үлгіде орын алатындығы белгілі. Қай ұлттың болмасын тарихи санасының жүздесетін, бірімен бірі теңесіп отыратын жері ұлттық мүдде. Осы себептен, осы тұста мәдениеттегі интеллигенция феноменін зерде-леуде бірнеше көзқарастың орын алғандығын атап өткен жөн. Бірінші, теологиялық көзқарас. Яғни әр ұлттың тілі, ділі бір-біріне ұқсамайды, қалыптасу себебі мен заңдылықтары жаратылыс ақиқатына тәуелді. Екінші, тарихи тұрғыда эволюцияның заңдылықтарын негіздейтін көзқарас. Бұл бағыттағы тұжырым бойынша, адамның қалыптасу ерекшеліктері, тұлғалану табиғаты көп жағдайда ұлттың атамекен территориясы мен руханиятына тәуелді. Үшінші, философиялық антропологиялық тұжырым. Қазіргі уақытта адамзат әлемінде жаһандану құбылыстарына байланысты мәдениетті, әсіресе оның негізгі өкілі интеллектуалдар феноменін тарихи негізде, кең көлемде зерттеу мәселелерінің жолға қойылып отырғандығы белгілі. Бұның қазіргі ғылымның қарқынды дамуының салдарынан орын алып отырған мәселе екендігін ескерген жөн. Адамзат әлемінде сыр бере бастаған экологиялық мәселелер, интеллектуалдар қызметінің тарихи феноменіне қайта қарау міндетін жүктеп отыр. 
Қай заманда болмасын қоғамның күш-қуатын айқындап отыратын интеллектуалдар зердесі екендігі бәрімізге белгілі. Бір сөзбен айтқанда қоғамның рухани тереңдігі интеллектуалдар зердесінен көрінеді. Сондықтан да кез келген тарихи уақыттың, мәдениеттің әлемде алатын орнын оның материалдық игіліктерімен, ғылыммен ұштастыру жеткіліксіз. Ұлт, әсіресе ұрпақтың ұлт ретінде дербес өмір сүретін ортақ үйі, мемлекет, ұлттық мүдде, оны сақтап, нығайтудағы тәжірибелерді зерттеу өзекті болып отыр. Өзінің дербестігін ойлайтын мемлекет үшін басты құндылық – жер, оны қорғаудан туындаған тарих, тіл, дәстүр, мәдениет, дін және т.б. Осы ұлт игіліктерінің  ұрпақтың тарихи жады мен санасына айналып отыруы, соның ішінде осы бағыттағы тәжірибелер қашан да маңызды. 
Интеллигенттік сананың ояну себебі, үлгісі әр аймақтың мәде-ниетінде түрлі деңгейде орын алуы мүмкін. Мәселен ежелгі дәуірде грек мәдениетінде Сократ сынды ойшылдардың ағартушылық қызметі, қоғамның санасын теріс идеологиядан арашалау мақсатынан туындаған. Ортағасырлық кезеңде Еуропалық мәдениетте де солай болған. Ал түркілердің мәдениетінде, әсіресе арғы мәдениетімізде де интеллектуалдық қызмет көп жағдайда елді, оның мүддесін қорғау дәстүріндегі тәжірибелерді дұрыс іске асырып отыру жолында көрініс тапты. Бұларда да қала болған. Бірақ барлық жағдайда интеллектуалдық қызметтің негізгі бөлігі, әсіресе ел мүддесін қорғаудағы тәжірибелер елдік сана мен елдік істерді дәріптеудің негізінде күш алып отырған. 
Сақтардың, түркілердің әлеуметтік танымында қоғамына бағыт-бағдар беретін адам тарихи өмірдің мектебінен өтуі тиіс. Бұны айтып отырған себебіміз, ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген батыс ғалымдарының тарихи уақыттағы интеллектуалдар феноменіне қатысты жасаған тұжырымы, бүгінгі біздің дәуірімізде қайта қарауды қажет етуде. Мәселен, «Азияның әлдебір жерінде үйінді астында қалған қызықты заттарға толы қала қонысы табылды делік, бірақ оның стилі тура немесе жанама түрде болсын оның тіршілік еткен уақытын меңземейді. Аталған жағдайда өткеннің бұл сарқыншағы көп жағдайда құнды және маңызды болғанымен, тарихи дерек бола алмайды. Ол әзірше нақты бір уақытта емес, жалпы уақытта болғандықтан, тарихи тұрғыдан бос кеңістікте қалады» – деп айтқан жаңа кантшылдық мектептің өкілдерінің бірі Георг Зиммел [3, 56-б.]. Осындай тұжырымдар немесе пайым, тарихи кеңістік пен ұлттың мәдениеті шеңберіндегі, әсіресе оның қозғаушы күші саналатын феномендердің философиялық тұрғыда зеттелуін кешеуілдетіп отырғандығы белгілі. Тарих күрестен тұрады, ақ пен қараны ажырату кейінгі ұрпақтың еншісіне қалатын дүние. Әсіресе көшпелі тұрмыстағы халықтардың тарихын зерттеуде нақты деректерді топшылау ғана емес, тарихи жады, руханият түрлерін мұқият зерделеу қажет. 
Осы көшпелі тұрмыстағы түркі-қазақ мәдениетінің ірі өкілдерінің бірі Әл-Фараби. Ол қазақ топырағында дүниеге келді, осы топырақтағы Отырар қаласынан өркениет биігіне көтерілді. Қала жойылғанымен өз заманындағы оның тұлғасы, қызметі, әлемге шығарған өкілдері жойылмайды. Басқаларын айтпа-ғанның өзінде бір ғана Отырар қаласындағы мәдени орта, жалпы түркілік мәдениет, ислам діні адамзат әлеміне игілік әкелетін ойшылдардың қалыптасуына ықпал еткен. Әл-Фараби өзінің төл мәдениетінің, ислам дінінің арқасында адамзат мәдениетінде жаңа туындыларды әкелді. Атап айтсақ оның барлық еңбектері, музыка туралы жазған еңбегі де осының айғағы. 
Өткен ғасырда өмір сүрген батыс ғалымдарының басым көпшілігі әлемдегі ұлттардың мәдениетіндегі интеллектуалдар қызметін, интеллектуалдардың төл мәдениетімен байланысын назардан тыс қалдырып отырған. Көп жағдайда мәдениеттің тарихи кеңістігіне өз аймақтарының ерекшеліктерімен ғана қараған. Алаш зиялыларының зерттеулерінде тұжырымдалғандай, әр аймақтың қоғамына тән дана-лықтың ерекшеліктері мен оның мәдениетінің қалыптасу негіздеріне бірінші кезекте мән берілуі керек. Осы тұста интеллектуадардың мәдениеттегі феноменін зерттеуде, ортағасырлық түркілік мәдениеттегі ойшыл адамдардың әлемдік мәдениеттегі орны жөнінде айтқан отандық ғалымдарымыздың да пікі-рін келтірген жөн деп есептейміз. Шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыздың тарихымызға қатысты жазған мақалаларында мынадай тың дүниелер ұсынылда: «Эскуриалдан әуелі ислам мәдениеті мен біліміне қатысты қолжазбалар каталогын парақтап шықтым. Нәтижесінде орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азияның кемеңгерлері: Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Йакуб Сирадж ад-дин Йусуф бин Әбу Бакр бин Мухаммед бин Әли әл-Хорезми ас-Саккаки (1160-1299), Сағад ад-дин Масуд бин Умар ат-Тафтазани (1322-1390), Әбу-л Қасым Махмуд бин Умар бин Ахмед аз-Замахшари әл-Хорезми (1075-1144) секілді т.б. ойшылдардың еңбектерін көрдім... Сондай-ақ, Эскуриал кітапханасынан Шымкент қаласының шығысындағы 12 шақырым жердегі ежелгі Исфиджаб әл-Байда-Сайрам қаласында орта ғасырларда туылған ағайынды екі ғалымның [Ала ад-дин ас-Сайрами – XIVғ.] мен [Сайф ад-дин ас-Сайрами әл-Масри әл-Ханафи] трактаттарының табылуын да үлкен оқиғаға балауға болады... Әбу Насыр әл-Фараби әлемге белгілі болса, ал, қазақ жерінің ежелгі шаһарларының бірі Сайрамнан шыққан парасат иелерін жұрт түгілі ғалымдар да әдетте біле бермейді» [4, 18-б.].
Қай халықтың мәдениетінде болмасын, басқа да мәдениетте болсын ойшыл адамдардың қалыптасуына ықпал етуші нәрсе алдыменен дін және мәдениет екендігін ескерген жөн. Интеллектуалдылықтың алып өнімі қашанда даналық пен ойшылдық дәстүр негізінде тарихта қалып отырған. Батыс ғалымдары көп жағдайда (жоғарыда айтып өткеніміздей) мәдениетті, әсіресе өз аймағының мәдениетін христиандықпен ұштастырып отырады. Әл-Фарабилердің адамзат әлеміне сіңірген еңбегі, оларды шығарудағы дін мен түркілердің мәдениеті тарихта көп айтылған жоқ. Осының нәтижесінде түркілердің мәдениеті кейінгі өркениеттен тысқары жатқан аймақ болып көрінгендігі белгілі. Бұның арғы жағында да саясат жатса керек. «Жаңа тарих жүзінде үлкен патшалар я ұсақ патшаларды я ірі болса да мәдениет жүзінде төмен тұрған жұрттарды бағындырумен болды. Мәдениеті кем жұрттар мәдениеті жоғары жұрттардың қожалығына қарағанда я солар мәдениетін алуға жарап, шаруалық тұрмысы ілгері басты я олармен қатар тіршілік етуге қолынан келмей жоғалып бітті» – деп жазып кеткен алаш зиялылары»[2, 523-б.].
Алаш зиялыларының өздері айт-қандай, тарих дегеніміз бұл түзушілік кітабы, ұрпаққа түзу жөнді үйретуші дүние, ұлттың шежіресі. Тарихтың туындауына әсер ететін елдің болмысы мен игіліктеріне қайшы келетін нәрселер, онымен ұрпақтың күресе білуі. Тарихи сананың рухы да халықтың интеллигенттік санасынан көрінеді. Мемлекет өміріндегі интел-лектуалдар қызметінің бағыты мен түрлері әр ғасырдың шеңберінде, сол уақыттың жағдайында оқиғаларға қатысты әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ қоғамды, соның негізінде мәдениетті алға жетелеп, мемлекеттің дербестігін сақтауға атсалысатын және соның негізінде ұлттың тарихындағы дәстүрді жалғастыратын интеллигенцияның ұлттық санасы. Интеллигенцияның ұлттық санасының негізінде қалып-тасатын әлеуметтік таным. 
Ұлттық интеллигенция өкілдері қоғамның жағдайына бей-жай қарамайтын адамдар. Бойындағы ерік-жігерінен бастап, барлық тұлғалық қасиеттердің болуын интеллектуалдылық дейміз. Ал интеллектуалдылық қоғамның рухани өмірінен бастап орын алатын, ұлттың болашағына қауіп төндіретін нәрселерге бей-жай қарамаудан шығады. Мәселен көне дәуірдегі Грецияда, көне қытай және үнді мәдениеттерінде интеллектуалдылық қызметті туғызып отырған сана көп жағдайда қоғамның ішкі қайшылықтарын зерделеп, реттеуден туындап отырған. 
Бұл дәуірде де біздің төл мәде-ниетіміздің аймағында, әлемдік мәдениетте орын алып жатқан интеллектуалдық үдерістермен ұштасатын тұлғалар болған. Өкінішке орай, сақтардың дүниетанымы, өмір сүру ережелері, соның ішінде атамекен талабына бағынған өмірлік ұстанымдар осы уақыттағы алпауыт мәдениеттерге әсер еткенімен, оларда жаңадан пайда болып жатқан жаңа мәдени бастамаларды қабылдай қойған жоқ. Сондықтан да тарихи сана үдерістері жергілікті халықтың мәдени құндылықтарының негізінде жүріп жатты. Сонымен қатар бұның екінші жағы да бар. Яғни скифтердің қоғамында тез арада қоғамды дағдарысқа әкелетін мәселелер болмаса керек. Философ, қазақтанушы ғалым Жахан Молдабеков жазып кеткендей, «Ұлы далада өркениеттің дәстүрлі түрлері сала-салаға бөлінген, әдіс-құралдардың түрлері салаға және өңірге лайықтап жетілдірілген, көбейтілген. Тұран мәдениеті адам, табиғат, ақиқат, билік, тұлға және тағы басқа ұғымдарды өз қажетіне икемдеп түсіндіреді. Өркениеттің бұл типтері бір мезгілде өмір сүреді. Мәдениет әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді тудырушы күш ретінде қоғамның жаңаруында басты рөл атқарды» [5, 127-б.].
Қоғам мықты болу үшін оның мәдениеті терең, болмысы берік  болуы қажет. Мәдениет – ұлттың ортақ санасы, танымы, өнер тәжірибесі, игіліктерінің жиынтығы болып табылады. Осы себептен қоғамның ішкі тұтастығы мәдениетке тәуелді. Тарихқа қарасақ, батыс пен шығыс мәдениетінің бастауында тұрған ұлттардың дербес мәдениетінің ерекшеліктері, олардың ішкі және сыртқы факторларға байланысты орын алып отырған қайшылықтардан үлкен дағдарыстарға кезігіп, соның негізінде интеллектуалдар қатарының қалыптасып отырғандығын көреміз. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, интеллектуалдар – қоғамның сұра-нысының негізінде қалыптасатын институт. Яғни тарихи уақыт кеңістігіндегі тұлғалық сана көп жағдайда қоғамның рухани өмірінде орын алған, ақыр соңында оны рухани дағдарысқа әкеліп тірейтін мәселелердің алдын алудан немесе соған тікелей төтеп беруден шығып отырған.  Бұған мысал ретінде сол кезде пайда болып жатқан ойшылдар ілімін айтуға болады. 
Ерте кезден бастап адамзат мәдениетіндегі тұлғалардың интеллектуалдық қызметі, қоғамның игіліктерді талдау мүмкіндігін қалыптастырып, сақтап отыру болған. Аристотельдің өзі де жазғандай, «Бұл арада адам бойындағы ізгілікті біз дененің емес, жанның ізгілігі деп атаймыз, ал жанның қызметін бақыт деп айтамыз. Егер олай болса, мемлекет қайраткерінің белгілі бір мағынада жанға қатысты нәрсені білуі керек екені анық,.. білікті дәрігерлер адам тәнінің саулығына қатысты дененің көптеген білімдерін жасайды, сол сияқты мемлекет қайраткері де жанмен байланысты  нәрсені білуі керек» [6, 75-б.]. Шынымен де интеллектуалдар халықтың жан дүниесін терең түсінетін, жетік білетін адамдар болуы тиіс. Ол үшін, яғни жеке адам ұлт зиялыларының қатарында, өз ісіне мамандануы қажет. Интеллектуал адамның өз ісіне мамандануы сол қоғамның жағдайын жетік білуі, әлеуметтік өмірдің табиғатын, заңдылықтарын, қайшылықтарды, соның ішінде оны алға жетелейтін құндылықтарды толық танып білуінен шығады. Бұған қатысты Аристотель шығармаларында тағы да былай делінген: «Бақыт дегеніміз – бұл ізгіліктің толықтығындағы жанның іс-әрекеті болғандықтан, ізгіліктерді егжей-тегжейлі қарастыру қажет шығар, сол арқылы біз бақытқа қатысты барлық нәрсені жақсы түсінуіміз мүмкін» [6, 74-б.].
Интеллектуалдылықтың шегі мен өлшемін Аристотель жеке адамның танымы, кісілік талғамының, іс-әрекетінің мемлекет мүддесімен ұштасуы деген. Адамның ішкі дүниесіндегі қасиет, білімі, жинақталған тәжірибе мемлекеттің бейбіт өміріне бағытталуы (қызмет етуі) тиіс. Бойындағы бар мүмкіндігін ел игілігіне жұмсай білген адамның санасында ең жоғарғы игілік мемлекет, оның иесі ұлттың бейбіт өмірі саналады. Яғни мемлекет бар жерде ұлттың да өмірі бар, ұлттың өмірі бар жерде болашаққа сенім, мүмкіндік бар. Осы себептен Аристотельдің тұжырымы бойынша интеллектуал адам, интеллигент бұл мемлекет азаматы: «нағыз мемлекет қайраткері де ізгілікке бар күш-жігерін салады, өйткені ол азаматтарды ізгілікті және заңға бағынышты еткісі келеді» [6, 74-б.]. Қоғам интеллектуал адамдарының берген бағытымен жүру үшін алдыменен олар қайырымды, ізгі ниетті, парасатты, тәжірибесі мол әрі білімді болуы тиіс. Философтар айтқандай, тарихтың белдеулік уақытына айналған тұлғалар болмысында мыңдаған жылдарға жететін адамзаттың ұлттың санасын алға жетелеп отыратын идеялар ұсынылған. Тарихымыздағы сондай идеяларға зер салатын болсақ, әр заманда сол уақыттағы әлеуметтік шындық түрлері арқылы көзге түсетін рухани құндылықтар жатыр. Қай заманда да қоғам тәуелсіздікті, рухани тереңдіктің, ұлттық бірегейліктің, сауаттылық пен жасампаздықтың мәнін толық түсінбейінше, ұрпақтың игілігіне қызмет ететін дүниелерді қалдырмақ түгіл, жасай алмайды. Мәселен ұрпаққа мемлекеті ғана емес, оның өмірін жалғап, тәуелсіздікті сақтап отыратын дүниелерді түсіну өзіндік санадан бастау алады. Ұрпақтың өмір сүріп отырған уақытында, елдің бақытты өмір сүруі қашықтау тұрса да ұлттың болашағы үшін оның мүддесіне қызмет ету парыз. Ұрпақтың өзіндік санасының, тарихтағы ұлттың идеясы негізінде тарихи сана құбылыстарымен ұштасуын парасаттылықтың өрісі дейміз. Әр халықтың тарихында орын алған тәуелсіздік, еркіндік идеясы адамзат әлемінде жаңа сананың, интеллектуалдар танымының қалыпасуына әкелген. Болашаққа, рухани өмірге шынайы санамен қарайтын ұрпақ, мәдениеттің дамуын ілгерілетіп отыратын дәстүрді қалыптастырған. Бұндай дәстүрдің жалпыға ортақ білім көзіне айналғандығы ақиқат. Осы себептен, «Моральдық істің мазмұны мазмұнды немесе тұтас және әмбебап болуы керек» – деп жазады неміс философы Гегель өзінің «Рух феноменологиясы» еңбегінде [7, 238-б.].
Мәдениетті дамытудың негізінде де жанды жетілдіру принципі тұр. Қай мәдениетті алып қарасақ та барлық мәселе жан мен санаға келіп тіреліп отырғандығын түсінесің. Көне дәуір ойшылдары да мәдениетті жетілдіру принципіне осы бағытта келген. Қоғамдық дамудың қозғаушы күші этикалық нормаларды, осы бағытта бақыт, қайырымдылық, әділеттілік категорияларын зерделеуден бастаған. Бұл интеллектуалдар дәстүріндегі басты принцип ретінде күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Сонымен қатар адамзат мәдениетінің тарихи кеңістігіндегі, соның ішінде әр аймақтағы ұлттардың, әр мемлекеттің мәдениетіне қарап, интеллектуалдар қызметінің бірнеше деңгейде көрініс тапқандығын байқаймыз. Біріншісі, қоғамдық сананы жаңа сатыға көтеріп отыру, сол арқылы қоғамның даму өрісін кеңейту. Екінші бір қыры, белгілі бір тарихи уақытта аймақтағы мәдениеттердің бір-бірімен тоғысуы жағдайындағы елдің мүддесін қорғау, сақтап қалу жолындағы әрекет. Бұндай дәстүр кез келген ұлттың тарихында көрініс тапқан. Қай мемлекетте де оның әлеуметтік болмысының рухани тереңдігін қалыптастырып отыратын интеллектуалдар. Интеллектуал адамдар болмаса мемлекеттің рухани өмірінде ғана емес, қоғамдық сананың шеңберінде де жүйе, бір ізділік бола бермейді. Бұдан қоғамға бағыт-бағдар беру үшін алдыменен адам барлық саланы білуі тиіс деген ұғым шығады. Мәселен қазақта қоғамына ақыл-кеңесін беретін би болу үшін, ол адам алдымен ел өмірінің мектебінен өтуі тиіс. Өйткені кез келген қоғамдық іс, ұлт ісі ұсақ түйекті қаламайды, қалаған да емес. Адамнан уақыт шынайы тәжірибені талап етеді. Себебі қоғамның әлеуметтік танымының негізінде ұлттың зердесі, танымдық қасиеттері жатыр. Оны толық болмаса да белгілі бір дәрежеде халық меңгеруі мүмкін. Қоғамға бағыт беретін адам, елді басқаратын адам күшті, тәжірибесі мол болғанымен қоғамның рухани болмысы тайыз болса тағы болмайды. 
Тарихи уақыттарда қоғамның тікелей интеллигенцияның ақыл-кеңесіне жүгінгені анық. Билік жүгінбесе де халық жүгінеді. Интеллигенция өкілдері де өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін терең білген. 
Біздің ойымызша бұлай болу себебі тұрмыс күрделі, өмір талабы күшті болды. Кемшілікті қоғам көтергенімен уақыт көтермейді, адам бәрі бір қалай болса да елдің рухани өмірінің қиыншылығы мол сәттерінен өтеді. Әр адамның дұрыс болуы болашаққа пайда әкелетінін тарихи өмірдің қиыншылығы анық көрсетіп отырды. Сондықтан да мемлекет те, қоғам да айналып келгенде интеллигенция қызметіне мұқтаж. Егер мемлекет бұны ескермесе, уақыт түбінде интеллигенция шындығын қоғам алдына шығарып отырады. Ұрпақ тарихындағы тұлғалардың идеяларына, рухани мұраларына қайтып оралады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Әбжанов Х. Мемлекет – тарихи үдерістер алаңы // Ақиқат №11, 2019. - 4-18 бб.
2. «Қазақ» газеті / Бас редактор Ә.Нысанбаев. -Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. -560 бет.
3. «Әлемдік философиялық мұра». «ХХ ғасырдағы тарих философиясы». Жиырма томдық. 16-том. Алматы: «Жазушы», 2007. – 544 бет.
4. Дербісәлі Ә. Отырар мен Сайрамның саңлақтары // Ақиқат №5, 2019 ж.
5. Молдабеков Ж. ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС: тарихы, мәдениеті, діні және философиясы. Оқу құралы. Алматы: «Қарасай», 2013. – 416 бет.
6. Аристотель. Сочинения: В 4-х т. Т.4/ Пер. с древнегреч.; Общ. ред. А.И. Доватура. – М.: Мысль, 1984. – 830 с.
7. Гегель Г.Ф. Феноменология духа. / Пер. Г.Шпета.-Санкт-Петербург: Наука, 1992.-443 с.
 

2436 рет

көрсетілді

29

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Zpfbmw

05 Мамыр, 2022

viagra ca - <a href="https://bestusasild.com/">viagra 50mg generic</a> canadian viagra

Wilayl

08 Мамыр, 2022

buy prednisolone 10mg online - <a href="https://gabapentinx.store/">cheap neurontin tablets</a> tadalafil order

Mfhlcn

10 Мамыр, 2022

augmentin 375mg usa - <a href="https://tadalcialis.store/">tadalafil 5mg usa</a> cialis 40mg for sale

Akushs

13 Мамыр, 2022

buy bactrim online cheap - <a href="https://bactrimx.store/">bactrim without prescription</a> viagra 100mg for sale

Nsdylm

15 Мамыр, 2022

buy cephalexin 500mg generic - <a href="https://xerythromycin.store/">buy erythromycin 250mg pills</a> generic erythromycin 500mg

Pkngdx

17 Мамыр, 2022

sildenafil price - <a href="https://fildenax.store/">sildenafil usa</a> generic stromectol online

Hfumwa

24 Мамыр, 2022

buy amoxil pill - <a href="https://levitragn.store/">order levitra pill</a> levitra 10mg usa

Neqanw

27 Мамыр, 2022

purchase doxycycline generic - <a href="https://clomidg.store/">clomid over the counter</a> order cialis 5mg online cheap

Isqfvz

28 Мамыр, 2022

real cialis pills - <a href="https://pharmpill.store/">online canadian pharmacy store</a> order provigil 200mg without prescription

Rpcszj

30 Мамыр, 2022

order deltasone generic - <a href="https://accutanpll.com/">isotretinoin 40mg oral</a> isotretinoin pills

Vbrzif

31 Мамыр, 2022

buy amoxil 250mg pill - <a href="https://edssilen.com/">viagra oral</a> buy sildenafil 50mg for sale

Hubhtm

02 Маусым, 2022

prednisolone 5mg over the counter - <a href="https://neurontinx.store/">buy neurontin 100mg online</a> sildenafil 100mg cost

Orsjrv

03 Маусым, 2022

lasix brand - <a href="https://ivermecptin.com/">stromectol virus</a> ivermectin 3mg tablets

Inyjsp

07 Маусым, 2022

generic metformin - <a href="https://amlodipine.store/">oral norvasc 10mg</a> buy generic norvasc

Tzbhnv

08 Маусым, 2022

lisinopril 5mg over the counter - <a href="https://metoprololpx.com/">lopressor 50mg cheap</a> tenormin 100mg oral

Fzgads

10 Маусым, 2022

buy levitra - <a href="https://vardenafilxp.com/">buy vardenafil for sale</a> clomid 50mg sale

Uxbuul

11 Маусым, 2022

order ventolin inhalator generic - <a href="https://casinoandslotx.com/">slots casino</a> order dapoxetine for sale

Oiwwgs

13 Маусым, 2022

cheap synthroid generic - <a href="https://desloratadi.store/">order generic clarinex 5mg</a> order plaquenil generic

Atlgjm

14 Маусым, 2022

buy tadalafil 20mg pill - <a href="https://sildefix.com/">usa pharmacy viagra</a> viagra 150mg sale

Avbrlh

16 Маусым, 2022

buy deltasone 10mg generic - <a href="https://prednisoneix.com/">prednisone 5mg pills</a> amoxil 250mg cost

Norsrd

17 Маусым, 2022

buy diltiazem 180mg generic - <a href="https://xgabapentin.com/">cost neurontin 600mg</a> buy gabapentin 800mg online cheap

Zaeczx

18 Маусым, 2022

furosemide 100mg generic - <a href="https://acyclovirzvx.store/">acyclovir pill</a> order doxycycline 100mg without prescription

Ucvouu

19 Маусым, 2022

generic cenforce 50mg - <a href="https://xdomperidone.com/">order domperidone pills</a> order motilium sale

Tjofji

21 Маусым, 2022

sildenafil 150mg cost - <a href="https://rtadalafil.com/">tadalafil online</a> cialis cheap

Ugtwpq

22 Маусым, 2022

provigil 200mg sale - <a href="https://rpmodafinil.com/">modafinil price</a> rhinocort over the counter

Wlabvv

24 Маусым, 2022

brand isotretinoin - <a href="https://risotretinoin.com/">order isotretinoin generic</a> order tetracycline online

Bspibb

27 Маусым, 2022

cheap clopidogrel 150mg - <a href="https://rclopidogrel.com/">buy plavix 75mg pill</a> order reglan online

Edmueg

29 Маусым, 2022

losartan order - <a href="https://promethazinen.com/">buy promethazine 25mg online</a> purchase phenergan pills

Iefonv

01 Шілде, 2022

levofloxacin 500mg over the counter - <a href="https://dutasterider.com/">dutasteride for sale online</a> cialis without a doctor prescription

AQIQAT №5

31 Мамыр, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы