• Заманхат
  • 23 Желтоқсан, 2013

ИСЛАМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ

Бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлем халықта­рының күн тәртібінде тұрған негізгі мәселесі «халықаралық терроризм» болып отыр. Сондықтан да, терроризм әлемдік проб­лема болғандықтан, онымен күресу үшін оны үнемі бақылау мен зерттеулерді қажет етеді. Аталған мәселе біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Өткен жылдары халық қабырғасын қайыстырып кеткен бірнеше террорлық актілер тіркелді. Яғни, соңғы бір жарым жыл (2011 жыл 17 мамыр - 2012 жыл 21 қыркүйек) шамасында Қазақстан аумағында болған, «терроризмге қатысы бар» деп аталған оқиғалар кезінде 74 адам (оның 12-сі - полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары) қаза тапты.
Бұл тек Қазақстан аумағында ғана, ал, әлемде осы террорлық әрекеттер салдарынан қанша адам, қанша бейбіт тұрғын зардап шекті десеңізші?


Әлемдегі террорлық әрекеттердің қысқаша даму тарихы:
Терроризмнің алғашқы толқыны Ұлы Француз революциясы кезінде пайда болды. Алғашқы «террор» термині 1798 жылы пайда болып карбондарда 1820 жылдары өшіп тынды. Екінші толқын ХІХ ғасырда пайда болып радикальды-ұлтшылдық сипатқа ие болды және Ирландия, Македония, Сербия жерлерінде жүрді. Мақсаттары біртұтас Ұлттық мемлекет құру. Және Франция, Италия, Испания жерлерінде революциялық-демократиялық сипатта жүрді. Мақсаты мемлекетті құлдырату, Ресей жерінде жүргізілген террорлық әрекеттер революцияны тездету мақсатында болды. 1910 жылы екінші толқын бәсеңдеп сөнді. 1960-1970 жылдары саяси терроризмнің жаңа толқыны пайда болды және ол соғыстан жеңіліс тапқан, Германия, Жапония жерлерінде жүрді [1]. Ал, қазіргі әлемдік мәселеге айналған террористік қозғалыстардың жаңа толқыны Исламдық діни экстремистік терроризм. Исламды білмейтін не исламға күйе жағып, мұсылман әлемінің ұйтқысын кетіруді мақсат еткен батыс елдерінің түрлі БАҚ бір-бірімен жарыса Ислам діні жайында жалған айыптаулар жариялау үстінде. Ал, шын мәнісінде осы ислам экстремистерінің ұстанатын жолы, мәсхабы Уахабилік жол көптеген мұсылман ғұламалары арқылы адасқандар, деп танылғандығы, олардың ілімінің жалған екендігі, Құран мен Сүннетке сүйенбейтіндіктерін біреу білсе біреу біле бермейді.
Жаңа толқын ислам экстремистік терроризм толқыны ресми түрде 1979 жылғы ислам революциясы негізінде пайда болды делінеді. Ал, шын мәніндегі исламдағы экстремизмнің бастауларына келсек, олардың негізгі идеологиялық жолы әлем елдерінің көпшілігінде тыйым салынған мазхабб Уахабшілер ағымы. Бұл ағым халық арасына бахабизм деген атаумен кең таралып кеткен. Бұл ағым өз бастауын Осман империясы кезінде бастаған және онда діни мүдделіктен көрі жеке дара билікке ұмтылған Араб шофинизмі кең орын алады. Уахабизмді Арабияның Недж облысында тұрған Мухаммет Ибн Абдул Уахаб деген адам қалаған. Ал, оның ізбасарлары қатал радикалды бағыт ұстанып ислам қағидаларын бір жақты түсінікпен қарайды және Уахабиттер деген атауға ие болған. Уахабқа ұқсас адамдар ислам тарихының ерте кездерінде де пайда болған, бірақ, ол тәрізді қолдауға ие болып өздерінің жікшілдік ойларын тарата алмады. Ал, Уахабтың кезеңі Осман империясының патшасы Силимхан ІІІ сұлтан билігі кезінде Османияның әлсіреуі мен Англияның шығыс елдерін отарлау саясаты күшейген тұсқа тұспа-тұс келді. Яғни, бұл тұс ХVIII ғасырға келеді, осы кезеңде мұсылман елдерінің бірлігін кетіріп ішкі саясатын әлсірету мақсатында Англияда Құранды зерттеген, Араб, Парсы тілдерін еркін меңгерген 5000 астам агенттер дайындалып шығады. Бірақ, бұл жоспардың тек бастамасы еді. Жікке бөліну идеологиясын тарататын көш басшы керек болды, ал, бұл екі қасиет Уахабтың бойынан табылды, ол өзі әкесінің тілін алмайтын, оқытушыларды сыйламайтындығымен ерекше көзге түскен және дінді өзі қалай ұқса солай түсіндіре беретін, тіпті, ғұламалар пәтуа беріп түсіндіре алмаған қыйын астарлы аяттарды тура мағынада түсіндіре берген жан болған. Әрі асқан шешендігі арқасында өз ойлары білімсіз мұсылмандарды сендіре білген. Ал, оның әкесі мен ағасы сол заман ғұламалары, оның осы әрекеттері үшін оған үнемі сын айтып отырады, бірақ, Уахаб өз ой өрісі бойынша шынайы дін жойылған, сондықтан, оны қайтару керек деген ойдан алшақ кетпейді. 1730 жылдан бастап Уахабистік ағым қатты дами бастайды, уахабб Ад-Дария жерінің зиялы қауымы мен дінді білмейтін көшпелі Бәдәуи тайпаларының арасында беделге ие болады. Оған бұл орайды Англия үкіметі де қолдау беріп отырған. Уахабтың соңына ермегендер өлтіріліп, олардың мүлкі уахабшыларға беріліп отырады. Күшейген және ағылшын қаруы мен қаруланған әрі ағылшын кеңесшілері бақылауы мен дайындалған Уахабб жақтастарының армиясы Хижра жыл санауының 1160 жылы (1747ж) Ад-Дария басшысы Мухаммада ибн Сауд басшылығымен Недж облысы аумағында әскери іс-қыймылдарын бастайды. Жарты ғасырдан соң оның немересі Сауд уахабб іліміне сүйене отырып, бес парыздың бірі Қажылық жасауға тыйым салды. 1801 жылы Иракка басып кіріп Карабелла қаласындағы пайғамбардың немересінің зиратын бұзады, 1802 жылы зулхиджа айында Меккеден 80 шақырым жердегі Тайф қаласын алып өзгелерді қорқыту үшін адамдары асқан қаталдықпен өлтіріледі, емшектегі балалар мен намаз оқып жатқан адамдарға дейін бірін қалдырмай қырып салады. Бұл дәл қазіргі Сирия жеріндегі оппазиция өкілдерінің іс-әрекеттерімен бірдей. Сол заманда, осы қырғынға Батыс елдері қалай қолдау берсе, қазірде Сирияның екі қабат әйелдерді шімірікпей атып тастап не қарнын жарып кете беретін қанішер қарақшы көтерілісшілеріне дәл сол деңгейде қолдау беріп, Сирия президенті Ассадттың биліктен кетуін талап етіп отыр емес пе және Ливия жерінде де осындай көтерілісші экстремистерге қолдау беріп Каддафийді биліктен тайдыруы, Батыс елдерінің ХVIII ғасырдан бері келе жатқан ислам әлемін бөлшектеу саясатынан бас тартпағандығын көрсетеді. Шынайы дінді қаралап, өз агенттері құрған жалған ағымды дұрыс етіп көрсетуге тырыспақ. Және исламдағы ең көркем амал, ол пайғамбар жасаған істерді қайталау болып табылады, яғни, сүннет амалдар. Ал, пайғамбарымыз, соғыс кезінде храмдар мен шіркеулерге қашып тығылған өзге дін иелерін өлтіруге, тонауға қатты тыйым салғандығы белгілі. Ал, бұл содырлар өзге тәңірге емес, Аллаһқа жалбарынған жандарды өлтіріп намазына кедергі келтіргендіктен және шариғат заңдарын белшеден басып жүргендігі үшін оларды мұсылмандар деп атауға болмайтын сияқты. Сонымен, Тайф қаласын қанды қырғынға ұшыратқан соң, бұл қасіретті көшпелі бәдәуи тайпалары қаланы толықтай тонау арқылы нүкте қояды. Осыдан соң Сауд әскері Мек­кеге аттанады, бірақ, бұл кез қажылық кезіне тұспа-тұс келгендіктен қажылыққа келушілердің қала билеушілерімен бірігіп кетуінен қауіптеніп шабуылды қажылық біткенше шегере тұрады. Мухарам айының 8 күні Меккеге шабуыл басталды. Күштер тең болмағандықтан, қала әміршісі Шариф Галип Джида қаласына шегініп кетеді, ал, уахабшыл вандалдар қасиетті қаланы тонап, Мулайдың бейітіндегі зираттар бұзылды. Сонымен бірге, пайғамбарымыздың бірінші әйелі мұсылмандар анасы саналған Хадишаның зираты талқандалды. Және пайғамбардың сүйікті сахабалары Абу Бакір мен Али Асхаб тұрған үйлер бұзылды, Зәм-зәм бұлағының күмбезі құлатылды. Меккедегі барлық саха­балар мен әулиелер зираты толықтай жермен жексен етіліп бұзылды. 1805 жылы Араб жері толықтай Уахабилер қолында болды және қажылық парызын атқаруға тек Уахабизмдегілерге ғана рұқсат етілді, шынайы діндегі мұсылмандарға джихат жарияланды (джихат тек кафирлерге қарсы дін тарату үшін не дінді қорғау үшін жүргізілетін қасиетті соғыс). Уахабистердің вандалдық әрекеттеріне 1817 жылы Мысыр сұлтаны Мұхамет Алибаша тосқауыл қойып, қарсы соғыс бастайды. 1818 жылы уахабилердің қанды ордасы Ад-Дария қаласы құлатылып үш жылдан кейін уахабизмнің барлық басшылары халық алдында дарға асылды. Бірақ, Недж облысы Англия көмегіне сүйене отырып, өз дербестігін сақтап қанды қырғындарын жалғастыра береді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталуы мен Осман империясының толықтай күйреуі және Батыс елдерінің мұсылман жеріне тиесілі мұнайға қызығушылығының артуы олардың Англия үкіметінен көмек алып Араб жеріне билік орнатуға мүмкіндік берді. Және қандай жағдайлар болмасын Сауд және оның мұрагерлері Англия үкіметіне көмек беруі және қарсы шықпауы туралы шарт жасасты [2].
Исламға осынша қастық етіп, пайғамбар мен оның сахабаларында сыйламаған уахабшылар ағымын мұсылмандар деуге болар ма екен? Олар көптеген ислам ғұламаларының өзі пәтуа беруге қорыққан, түсіндіре алмаған, астарлы аяттарды тура мағынасында ұғып және халыққа да сол мағынасында жеткізеді, осының арқасында адасуға ұшырайды. Енді олардың қасиетті деп санаған әрекеттері мен тыйымдарын, көптеген ғұламалар ұсынған сүннет пен құранға негізделген патуалары арқылы салыстырып көрсек:
1.Олар мемлекеттік билікке қарсы әрекеттер жасайды.
2.Қоғамдық орындарда жарылыстар жасап көптеген бейбіт тұрғындар өмірін қиды. Адамдарды (сәбилер мен әйелдерді де) кепілге алып құн талап етті.
3. Өз ағымдарына сай келмейтін ағымдағыларды (Абу Ханафи, Шариф, Мәлік) кәпірлер деп санайды.
4. Әйелдердің білім алуына қарсы.
Енді, хадистер мен шариғат заңына сүйене отырып бұларға шынайы ислам тұрғысында қарсы пікір келтірсек:
1. «Аллаға сыйынып иман кел­тірің­дер, пайғамбарды сыйлап айтқанын орындаңдар, патшаларыңа бағыныңдар» және «Намазды ашық оқуға мүмкіндік болса және дініңе қайшы әрекеттер жа­сауға мәжбүрлемесе, әділетсіздіктер мен озбырлықтар ашықтай жасалмаса патшаға қарсы шықпаңыздар» деген хадистерді негізге ала отырып, экс­тремистердің әрекеттерін дін қолда­майтындықтарын көруге болады.
2. Қоғамдық орында жарылыс жасау салдарынан ол жерде бейбіт ха­лық зардап ше­геді, ал, олардың ішінде мұсылмандарда бо­луы мүмкін, мұсыл­манды жазықсыз өлтіру үлкен күнә. Және адамды тұтқынға алып, ол үшін құн сұрау қасиетті борыш емес қарақшылық.
3. Кәпір ең ауыр айып. Көз жеткізбей тұрып ешкімді кәпір деп айыптауға болмайды. Осы негізді пайғамбар (с.ғ.с) сахаббасы хазіретті Омар (р.а.ғ) өзіне қарсы шығып қаншама мұсылманның қанын төккен бүлікшіліктерді өлім жазасына кескен кезінде халықтың:
– О хазіретті бұлар кафирлер ме? – деген сауалына:
– Жоқ, олар да өзіміз тәрізді мұсылмандар, тек адасып кеткен – деп жауап береді.
Сонда, қан төгіп ислам мемлекетінің болашағына қауіп төндіргендерді де кәпір деп атамағанда, аузынан алласы түспей, бес уақыт намазын оқып, сүннет пен құранды құрмет тұтқан жандарды, өз масхаббтарына сай әрекет етпегендері үшін кәпір деп айыптау әділеттілікке жата ма?
4. Әйел адамдар мен қыз балаларға аса қатал шектеу қояды. Иә, рас, шариғат бұл жыныс өкілдері үшін көптеген шектеулер қояды, бірақ, бұл оларды кемсіту үшін емес қорғау үшін. Оның себебін, сол замандағы Араб елдерінің салт-дәстүрлерін қарасақ өздігінен-ақ түсінікті болады. Және пайғамбар (с.ғ.с) «Бір әріп үйренген 40 түйеге жүк боларлық сауаб алады» дейді сонда әйел баласын осынша сауабтан айыру әділдік пе әрі «Адам шыр етіп өмірге келгеннен әйел болсын, ер адам болсын өмірден озғанынша білім іздеуге міндетті» делінеді. Демек, бұдан байқайтынымыз жыныстық ерекшеліктеріне сай ешкімді білім алуға кедергі келтіруге болмайды. Бұл айтылғандар шынайы ислам мен экстремистердің арасындағы тек кейбір ерекшеліктер ғана ал, оларды саралай берсе айтып тауысу мүмкін емес.
Террорлық іс-әрекеттер саяси, экономи­калық және психикалық сипатқа ие болған­дықтан және мемлекеттің құлдырауы мен қарапайым халықтардың зиян шегуіне алып келетін әрекет жасайтындықтан. Елдің дамуына кедергі келтіреді және өз іс- әрекеттері арқылы кафирлер арасында исламға деген жек көрушілік сезімін қалыптастырып, діннің де дамуына кесір жасап жатыр [3]. Бұдан шығатын қорытынды, ол Уахабб ағымы көркем дін ислам атын жамылған, исламға қарама-қарсы бағыттағы жат ағым екендігі. Ал, батыс елдерінің таратқан ақпараттары олардың исламға неғұрлым көп күйе жағып, бұл дін туралы білмейтін қарапайым халықтардың осы дінге деген жек көрушілік сезімін туғызу мақсатындағы саясат.
Нұрмахан Қалқаман,
Қарағанды мемлекеттік
индустриялық университеті
жанындағы гуманитарлық-
техникалық колледжінің
студенті


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. М.И.Лазарев. «Международный терроризм: критерии преступности. Новый мировой порядок и политическая общность». М.1983ж.
2. «Уахабизмнің қанды ізі» Қарқаралы ауданы бас имамы Амиржан қажы баяндамасы.
3. Гүлбахрам Жебесін. Ақыл ойдың азғын­дауы. Алматы. Шапағат нұр. 2003ж. 71 б.

517 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз