• Заманхат
  • 06 Қаңтар, 2014

Қазақстан – 2050 стратегиясының саяси мәні

Егеменді еліміз жиырма жылдық тарихын­да көптеген қиындықтар мен кедергілерді ең­серіп, зор жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ елі әлемге ұлтаралық келісіммен дінаралық татулықтың озық үлгісін көрсеткен бірегей ел екен­дігін дәлелдеді. Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тар­мақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып ма­ңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңдағы әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуел­сіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған бас­ты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елі­нің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақ­стандық үлгісі – жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.


Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсе­тілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбек­тің негізінде берекелі қоғам құру болып табылады. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс –деп айтуға болады .Қазақ елі өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептенде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ЭКСП0-2017 Халықаралық көрме­сін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық еткен, осы Ұйымның Саммитін өткізген және ғаламдық іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесін өт­кізетін алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстан алдыменен экономика, содан соң, саясат деген айқын принциппен дамып өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейіменен ұштасады, сондықтанда, елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның стратегиялық бағ­дар­­ламасында әлеуметтік өркендеудің жаңа ме­жесі ретінде 2050 жылға дейінгі уа­қыт ара­лығын қамтуы бекерден-бекер емес. Өрке­ниет­ті елдердің даму үлгісінде мұндай ұзақ мер­зімді даму бағдарламасын қабылдау бар. Дәл осын­дай бағдарламаны ғаламдық саяси инс­ти­тут БҰҰ қабылдаған. «2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының әлемдік даму тенденциясы» – деп аталады. Сондай-ақ, «Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы 2050 жылға дейінгі даму бағ­дарламасын» жариялаған. Қазақстан Республикасы 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді межелеп отыр. Бұл ғылыми негізделген қаржылық және кадрлық ресурстармен тия­нақталған қол жеткізуге мүмкіндіктеріміз бар мақсаттар. Стратегиялық бағдарламаны жү­зеге асыруда әрбір қазақстандық азаматтың еншілес үлесі бар.
Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген. Екінші, салық саясаты. Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу обьектілері үшін қолайлы салық режімін енгізу. Алдағы 5 жылда еліміз онлайн-электрондық есептілік режиміне көшуі тиіс. Жаңа салық саясаты – әлеуметтік бағыт алуы тиіс; Үшінші, ақша-кредит саясаты. Ұлттық Банк пен Президент Әкімшілігінің зкономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-кредит саясатының жаңа жүйе­сін әзірлейді-деп көрсетілген. Төртінші, әлеу­меттік саясаттың жаңа принциптерінің бірі- әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік. Бұл қоғамдағы тұрақтылықтың ең басты кепілі.
Қазақстан 2050 стратегиясындағы алды­мызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, билік басындағылардан бастап қатардағы аза­маттарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділет­ті­лік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен бе­делі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғам­ды дамыту істерінің маңызы зор. Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл-шаруа­шылығының өркендеуіне қолдау көр­сету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік дең­гейдегі мал­шаруашылығы қалыптарына (стан­дарт­тарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, эко­логиялық таза өндіріс саласын дамыту мә­селелерін де орынды көтерген. Сонымен қатар, жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұра­нысына лайықты агроөнеркәсіп кеше­нін да­мыту сияқты жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары шынымен ел шырайын келтіріп ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар. Сондай-ақ, Қазақстан шет елдік инвес­тициялар көлемі жағынан ТМД да көшбасшы мемлекет. Соңғы жылдардағы статистикалық мәліметерге жүгінсек, мұнай өндіру 3 есе, таби­ғи газ өндіру 5 есе ұлғайған. Индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясында 2010 жылдан бастап жалпы құны 1797 млд. теңге болатын 397 инвестициялық жоба іске асырылады, 44 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылмақ. 2050 стратегиясы ауқымында ауыл шаруашылығына қатысты нақты жоспарлар бекітіліп, Үкіметке тапсырмалар беріліп отыр. Қазіргі кезеңдегі басты экономикалық бағыттарымыздың бірі-азық-түлік. Ал, оны орындау үшін алдыменен ауылдық жерге жаңа технологиялар жеткізіліп, ауыл шаруашылығы саласындағы шағын және орта бизнеске көп жағдай жасалуы тиіс,
Қазақстан 2050 даму стратегиясында ерекше атап көрсеткендей әлеуметтік-экономикалық дамуда еңбек өнімділігіне күш салу қажет. Ол ең алдыменен азық-түлік қауіпсіздігін қамта­масыз ету болса, екіншіден экономиканы көте­рудің басты мүмкіндіктерінің бірі. Қазақ елінің 2050 жылға дейін әлемдегі 30 мемлекеттің қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясына негіз ете отырып, осы уақыт ішінде жүзеге асыруға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Ол жаңа бағыттың экономикалық саясаты кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау, әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны дамыту, көпвекторлы сыртқы саясат, жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту. Бұл бағыттар Қазақстанның 2050 жылға сеніммен аяқ басуының негізгі алғышарттары болып табылады. Мемлекет басшысының жүргізіп отыр­ған саясаты болашақтың нүктелерін дәл басып, елімізге қажетті ресурстарды нақты көрсетіп берді.
Қазақстан халқының әлеуметтік топта­суының оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасудың негізі болып табылады. Қазақстан 2050 стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі, ең алдыменен ең­бек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу – мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ, демократиялық даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Мұның өзі ең алдыменен Елбасының сындарлы саясатының нәтижелері екендігі бар­шамызға аян. Әлеуметтік-экономикалық даму­дың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндеттер алға қойылып отыр. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша несие саясатын реформалау макроэкономикалық саясатты жаңғырту көз­делінді.
Өндірісті жаңғырту мен жоғары технологияны енгізу, елдің табиғи капиталына жүктемені азайту және оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға өз септігін тигізеді. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бірінші болып жекеменшікке, еркін бәсекелестікке және демократиялық принциптерге негізделген нарық­тық экономиканың заманауи үлгісін қа­лып­тастырған мемлекет. Саяси-әлеуметтік-эконо­микалық дамудың қазақстандық үлгісі шет елдік инвестицияларды тартудағы мемле­кеттің белсенді рөліне негізделген. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ елімізге 160 млд. доллардан астам шетел инвестициясы тартылған. Қазақстан әлемдік қауымдастық таныған ел. Әлемдік саясатта біздің еліміз халықаралық беделге ие жауаптыда сенімді серіктес. Жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды рөл атқа­рады, әсіресе ядролық қаруды таратпадағы қазақ елінің рөлі ерекше. Ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіппен қауіпсіздікке қазақ елінің қосқан сөзсіз үлесі. Алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып жетекші ядро­лық державалардан АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алған елміз. Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда Қазақстан негізгі рөл атқарды және жер шарының басқада аймақтарында әсіресе Таяу Шығыста осындай аймақ құруға белсенді қолдау көрсетіп келе жатқан ел.
2050 жылы жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, қазақстандықтардың барлығы да түгелдей дерлік ашық, еркін экономикасы дамыған қоғамда өмір сүруі тиіс, оған қол жеткізуге еліміздің мүмкіндіктері мол. Еліміздегі билік тармақтары әділ қызмет етіп, қоғамда заң үстемдік ететін заманда өмір сүреміз деген ізгі ниеттегі елміз. 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасында ерекше мән берілген саланың бірі – инновациялық зерттеулерді дамыту саясаты. Елімізде жаңа технологиялық дамудың нақты механизмдері айқындалып оны жүзеге асырудың негізгі көздері қалыптасып келеді. Қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқытудың әдістері мен тәсілдері жүзеге асырылып жатыр. ЭКСПО-2017 бұл процеске серпін беріп, бізге болашақтың энергиясын дамыту үшін жаңа технологияларды таңдап алуға көмектеседі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұсынған 2050 стратегиялық бағдарламасы әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт ара­лығын­да ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып қарыштап келеді, адам құ­қықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы ха­лықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгі­ле­нуі тарихи сипатқа ие болып отыр.
Қазақстан 2050 стратегиясы еліміздің эконо­микалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана өзекті емес әлемге, планетаға ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ, бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табу­дың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзек­ті болып отырған энергия, су тапшылығы табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. Елбасымыз осы саладағы жобалар жөнінде ғана емес қоғамымыздың ой-санасын түбегейлі өзгерту туралы да қоз­ғаған ойларының орны ерекше. Болашақта даму­дың қазақстандық үлгісін қалыптастыра оты­рып, қуатты мемлекет құру. Қазақстан 2050 стратегиялық саяси мәні зор бағдарлама – қазақ­стандықтарды жаңа белестерді бағындыру үшін, ортақ мақсатқа топтастырады.

Б. Иманбекова,
Қазақ Мемлекеттік Қыздар
Педагогикалық Университетінің
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер
кафедрасының меңгерушісі

621 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз