• Келелі кеңес
  • 06 Қаңтар, 2014

ЕУРАЗИЯДА қазаққа ОРЫН БАР МА?..

Аманхан ӘлімұлыАманхан ӘЛІМҰЛЫ,
«Ақиқат»

Евразийство не удалось. Вместо пути проложен тупик.
Он никуда не ведет. Нужно вернуться к исходной точке.
И оттуда, быть может, откроются новые кругозоры,
протянутся новые и верные пути.
Георгий Флоровский.
«Современные записки».
Париж, 1928 г.

Сонымен, белгілі орыс дін зерттеушісі, философ және тарихшы Г.Флоровскийдің жоғарыдағы біз келтірген сөздегі болжамы дұрыс келіп, «Еуразия» және «еур­азияшылдық» бағыт-бағ­дар­да­ғы ой-тұжырымдар іске аспады. Оның қоғамдық-саяси өмір­де аз ғана уақыт болса да айналысқа түсіп, аяқсыз қалуына әр­түр­лі тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани жағдайлармен қатар, со кезеңдегі социалистік құрылыстың шетелдегі орыс эмигранттарына аса «сақтықпен» қарауларынан да еді.


Бүгінде сол идея мен идеология қайта көтеріліп, «еуразия» және «еуразияшылдық» деген түсініктердің кеңінен тал­қы­ла­нып жатуы ТМД елдеріндегі өзін патриот санайтын сая­сат­кер­лер­дің ешқайсысын бей-жай қалдырып отырған жоқ. Өйт­ке­ні, қа­шанда орыстың да, қазақтың да өзін ұлтынан тыс қой­май­тын, өзі­нің Отанына жаны ашитын интеллигенциясы қо­ғам­дық-сая­си өмірдегі қандайда бір өзгеріске не құбылысқа болмасын нем­құ­рай­лы қарамаған. Қиындықты, әртүрлі бағыт-бағ­дар­да­ғы тарихи-мәдени, қоғамдық-саяси құбылыстарды олар өз­де­рі­нің ішкі интуициялық құдіретімен сезініп, ол туралы өз ұлтына құ­лақ­қа­ғыс етіп отырған... дабыл қаққан. Соған қарамай, оларды ел, сондай-ақ, мемлекет басындағы шенеуніктер тың­да­ған десек қат­ты қателесеміз.
Мұны айтып отырған себебіміз, аталған мәселе көтерілген кезден-ақ, орыстың белгілі философ сыншысы Ксения Мяло өз кезінде «Наш современник» журналында «Уже сама настойчивая тенденция к отождествлению понятий «россия» и «евразия», их взаимозаменяемость и прогрессирующее превращение «россии» в «Евразию» говорят о многом» деген еді. Егер біз осынау «еуразия» мен «еуразияшылдық» тү­сі­ні­гі­не эко­­но­­ми­­ка­­лық жағынан келсек, жақтап, қолдап-қор­ғау­ға болар. Ал, енді, оған саяси-қоғамдық, мәдени-рухани, ұлт­тық түсінік-түй­сік­пен қарасақ, онда ксения Мя­ло­ның шыр­қы­ра­уы­ның да мәні бар. Бір кездегі кеңес хал­қы деген сияқты Еуразия хал­қы десек, өзіне тәуелсіздік жа­­рия­­ла­­ған ұлт­тар­дың егемендігі қай­да қалады. патриоттар мә­­се­­ле­­ге осы тұр­ғы­дан келеді. Яғни, еуразияда орысқа да, қа­зақ­қа да орын бар ма деген сұрақтың кө­те­рі­луі де негізсіз емес екен. Егер, ормандай орыс­тың кейбір философтары одан бас тартып, сақ­тық көр­сет­се, онда біз олардан үш-төрт есе қы­ра­ғы­лық танытуымыз керек. Өзін ерекше өр­ке­ниет пен мә­де­ниет­ке ие бө­лек­ше әлем санап, өзін Еуропаға да, Азияға да жат­қыз­бай­тын, әрі ұқ­сат­пай­тын Ресей әлемдік тарихтан өзін­дік орын алу үшін, тағы қай­та­лап айтамыз, өзін «үшін­ші әлем» санаса, неге ерсі кө­ре­міз? Өзі­міз­ге келсек, біз, қа­зақ­тар дала әрі көш­пен­ді­лер, сосын оты­рық­шы­лар (отырар, Сы­ға­нақ, т.б. қа­ла­лар) өр­­ке­­ние­­ті мен мәдениетін, сондай-ақ, әр түрлі тарихи-саяси, тарихи-қо­ғам­дық, тарихи-әлеуметтік-тұр­мыс­тық жағ­дай­лар­мен елі­­міз бен жерімізді паналап, не зорлық-зом­бы­лық кө­­ріп келген ұлт­­тар мен ұлыстар өкілдерін сіңірген қа­дір-қа­сие­ті, яки өзін­дік тарихи-мәдени өркениеті бар алып ке­ңіс­тік­ке ие «төр­тін­ші әлем­біз». ресей-еуразия біз арқылы, сонау, I Петр­­дің ке­зі­нен-ақ Шы­ғыс қақ­па­сын ашпақшы болған. Ашты да. Ал, ен­ді­гі мәселе, тә­уел­сіз­дік алған кезде өзімізді ұлт ретінде қа­­лай сақ­тап қалуымыз керек. Міне, гәп сонда.
Ал, енді, бір кезде жаңағы тарихшы Г.Флоровский айт­пақ­шы, «тұйыққа тірелген» бағыт-бағдар, идея мен идеологияны қай­та көтеріп жүрген философ А.Дугин болса «Еу­разия­шыл­дық бүгінгідей басты да өзекті мәселе болмаған. Бұл өт­кен ша­ғы­мыз емес. Бұл – болашақтың жобасы, әрі мүддесі. Бұл бұй­рық райы. Бұл біздің ортақ міндетіміз. Еуразия біздің ой-жү­йе­міз­де­гі, дініміз бен экономикамыздағы, философия мен сая­са­ты­мыз­да­ғы негізгі межеміз. Сондай-ақ, мәдениет пен ғы­­лы­мы­мыз­да­ғы жалғыз жолымыз, бірден-бір тәсіліміз» дей­ді. Сөй­тіп, аталған мәселеде іргелі ел орыстың өзі екі жай бө­лі­ніп, қа­ра­ма-қай­шы пікірталасында тұрғанда, ұлттық егемендікке қатары сиреп қолы жеткен қазақ – бізге не жорық? Өйт­ке­ні, тәуелсіздік алған мемлекеттерді қайтадан баяғы КСРО үл­гі­сін­де­гі біртұтас «Еуразия ұлты» деп қарағаннан кім ұтып, кім ұты­­ла­­ды? Тіпті болмағанда, оның дұрысы Еуразия халқы емес пе? Осы тұста айтпай кетпеуге болмайтын бір жай, күні кеше ғана «31 каналда» Олжас Сүлейменов «Қазақстан ұлты» деген тіркесті пайдаланды. Дұрысы «Қазақстан халқы» ғой. Міне, бұл со «Еуразия ұлты» деген ұғымның жаңғырығы, жалғасы.
А.Дугин бастаған мүдделес еуразияшылдар жақында «еуразия» қозғалысының құрылтай съезін Мәскеуде өткізді. жал­пыресейлік саяси-қоғамдық қозғалыс жиынына Еуразия саналатын континенттерден делегаттар қатысты. Тіпті, Ресей президенті Путиннің өзі Ресейді «Еуразиялық мемлекет» дейді. Оның ұраны «Барлық елдердің дәстүршілдері, бірігіңдер!». Бұл перде ғана. Әйтпесе, оның «Барлық елдің пролетарлары, бі­рі­гің­дер!» деген коммунистік партия ұранынан несі артық-кем. Оның үстіне Лужковтың Мәскеу «Еуразияның орталығы» дегенін қоссақ, мәселе тіпті күрделене түседі.
Сонымен, орыс үкіметінің өз жаңа идеологиясын еуразия­дан іздеуінің сыры неде? Әлде, баяғы кеңестік кездегідей ке­ңіс­тік­те­гі бір тіл, бір мүддедегідей ұлтты жұтып қоятын, не сі­ңі­ріп кететін, тіпті, ассимиляцияға ұрындыратын жалпыхалықтық интернационализм бе? Сондықтан, қазақ үшін ойланатын жағ­дай көп. Ендеше, Еуразияда қазаққа орын бар ма дей­ті­ні­міз­дің де сыры сонда. Бір түскен ұйыққа қайта түсуіміз – күнә да кінә. Біздіңше, бұл тағы да кезекті бір саяси қитұрқылық. Яғни, батыстан басталған бір кездегі социалистік революцияны қай­та еу­р­азия­лық ұғымда қайталау ғана.
Қашан да өзін Батысқа қарсы қойып отыратын патриот орыс саясаткерлері мен қоғам қайраткерлері, жалпы ин­тел­ли­ген­ция­сы­ның пікірі бір мәселеде тоғысқан. Ол – ұлт және мемлекет мә­се­ле­сі. Сол Дугин қаншама ұлтшылдық пен шовинизм еур­азия­шыл­дық­қа жат дегенімен, оның арғы жағында орыс идеясы мен идеологиясының, арысы христиандық-православиялық ба­ғыт-бағ­дар­дың көзге көрінбейтін, исі білінбейтін қақпанды «бат­пан құй­рық­тың» қитұрқы саясаты сезілмей қалмайды емес. Қа­зір­гі еуразия идеясын көтеріп отырғандар да кезіндегі еур­азия­шыл­дар­дың ой-пікірлерін қайталайды. Өткен жиырмасыншы ға­­сыр­­дың бірінші жартысындағы Еуразия идеясын насихаттау­шылар Ресейді Еуразияның тұтас бір мәдени негізі санап, оны еуропа-американдық мәдениет қалыптастырған Герман-роман жұрт­шы­лы­ғы әлеміне қарсы қойған. Олардың есептеуінше, ресей – Еуразия. Ол – Еуропа да, Азия да емес, «үшінші әлем». Сон­дық­тан, Ресей Византияның мұрагері ретінде өзгелер үшін пра­во­сла­вия­лық Шығыс та, ал, христиандық Батыспен ішкі мә­де­ни-тарихи кеңістікте бір мақсат-мүддедегі континент болып қа­ла­ды. Міне, осындай жағдайлардан кейін Еуразияда өзін мұ­сыл­ман әлемі санайтын Қазақстан, оның ішінде қазақ ұлты үшін орын бар ма? Біз мәселеге осы тұрғыдан келуіміз керек.
Еуразия ешбір мемлекеттің аты мен затына, идеясы мен идеологиясына, тәуелсіздігі мен территориясына, ұлт­тың діні мен тіліне, сондай-ақ, діліне нұқсан да зиян келтірмейтін құрылым ретінде қалыптасуы керек. Ал, князь Тру­бец­кой­дың айтып, жазғанына жүгінсек: «Эту нацию мы называем евразийской, ее территорию – Евразией, ее национализм – евразийством» болып шығады екен. Ендеше, өзінен-өзі туатын сұ­­рақ­­тың бірі, келтірілген түсінік-пікірдің кезіндегі Кеңес Ода­­ғы­­нан айыр­ма­шы­лы­ғы неде? Сосын қазақ ұлтының мән-ма­ғы­на­сы мен аты қайда қалады? Сонда, біз қай тілде сөйлейтін боламыз. Ал, ресейліктердің Шығыс пен Батыс, Батыс пен Азия кон­ти­нен­ті­нің аралығын алып жатқан кең байтақ географиялық, тарихи-мәдени жағдайында өздерінен басқа ешкімге бой­ұсын­бай, «үшінші әлем» болып қалғысы келетіндіктері де сон­дық­тан. Ал, біз сол «үшінші әлеммен» «төртінші әлем» болып тереземіз тең тұр­ған­да ғана оларға есемізді жібермей, өзі­міз­дің гео­­гра­­фия­­лық, тарихи-мәдени, әлеуметтік-тұрмыстық, салт-дәс­түр­лік үр­діс-мүд­де­ле­рі­міз­ді сақтап қала аламыз. Сонда ғана «еуразия ұлты» емес, қазақ ұлты атанамыз.
Жалпы, Еуразия қозғалысының қайда қалыптасып, неге негізделгеніне келсек, оның қатарында эмиграцияның алғашқы тол­қы­ны, орыстың белгілі де талантты географы П.Н. савицкий, философы Л.П. Карсавин, лингвист, филолог және мә­де­ниет­та­ну­шы­сы Н.С. Трубецкой, тарихшы Г.В. Вернадский, музыка және өнертанушы П.Л. Сувчинский, тарихшы, публицист Г.В. флоровский, экономист Я.Д. Садовский, жазушы В.Н. иванов тұр­­ған. Оның орталығы Софияда, Прагада, берлинде, бел­градта, харбинде және Парижде болды. Оның алғашқы кө­рі­ні­сі 1920 жылы Софияда (Болгария) жарық көрген н.с. Тру­­бец­­кой­­дың «европа и человечество» деген кітапшасында кө­рі­ніс тапты. Олар­дың қозғалыс ретінде алғашқы шығарған жи­нақ­та­ры «исход к Восходу» еді. Тіпті, жүйелей айтып, нақтылай жаз­­ған­­да ал­ғаш­қы еуразияшылдық ағым Софияда да, Берлинде де емес, ал­ғаш революцияға дейінгі патшалық Ресейде негізін қа­ла­ған болатын. Л.Гумилев еуразияшылдығы да со еуразия идея­сынан өреді. Өздерін екінші санаттағы ел қатарына қос­қы­сы келмеген орыстың алдыңғы қатарлы интеллигенциясы, сол еуразия арқылы өздерін еуроцентризмге қарсы қой­ған еді. Олар­дың идеясының орындалуына патшалық Ресейдегі батыстан бастау алған революция кедергі болса, ал, одан кейінгі тарихи-қоғамдық қозғалыстарына большевизм идеялары бөгет бол­ған. О бастағы еуразиялықтар большевизмді күйретуші күш десе, ал, еуразияшылдықты орыс, православиялық негіздегі жи­­нақ­­тау­­шы жасампаз құрылым ретінде қабылдаған. сондай-ақ, большевизм олар үшін Құдайға қарсы атеизмді насихаттайтын қуат­ты құрал болса, еуразияшылдық қозғалыс діни, Құ­­дай ұғы­­мын ас­қақ­та­ту­шы қозғалыс ретінде қалыптасқан. еуразия кон­­цеп­­ция­­сы­­ның басты бағыты мәдени-тарихи «еуропоцентризмнен» өзін арашалап қалу болатын. Кейін, ол келе-келе жал­пы­орыс­тық еуразияшылдыққа ұласып, өзінің пра­во­сла­вия­лық діни ба­ғы­ты­мен өзге ұлт өкілдерін екінші сатыға қоятын қоз­ға­лыс­қа айналды.
Еуроцентризм (Америка, Батыс Еуропа) мен Еуразия (ресей түсінігінде) еңсе көтеріп, етек алған сайын ұлттық мемлекеттер егемендігі мен өзін-өзі билеу аясы тарыла түседі. Бұл – әлеуметтік ең қатерлі құбылыс. АҚШ-тың еуропамен араласуы, Еуропа елдерінің американизациялануы арқылы, батыс еуропа елдерінің бірлестігі құрылып, олардың кейбір ішкі-сыртқы саясатында әрі экономикасында тұтастырылудың жү­­ріп жатуы, НАТО-ның Батысқа кеңейтілуінің де сыры сонда. Ал, еуразия қозғалысы болса, соған бірден-бір қарсы тұратын күш ретінде қа­лып­та­сып келе жатқан қозғалыс. Ондағы қауіп, бұ­­рын­­ғы Шы­­ғыс­­та­­ғы ТМД елдері мен Еуропадағы бұзылмаған христиан, оның ішінде православие елдерін қосып Ресей-еуразия бірлестігі идеясының Ресей тарапынан көтерілуінің де сыры сонда. Оның үстіне Италияның саясаттанушысы Ф.Виель­ми­ни­дің АҚШ-тың сыртқы саясаты Еуразия континентіне келгендегі ұстанғаны, соңғы он жылда біріншіден, Еуропаны шай­қап, оның әлемдегі рөлін кеміту болса, екіншіден, Ресейді әл­сі­ре­ту арқылы Орталық Азияда өз мәртебесін орнықтыру дегенге сая­тын пікірі тағы бар. Міне, осының өзінен-ақ бізге қан­ша­лық­ты жан-жақты, әртүрлі қитұрқы әрекет жасалып жат­қан­ды­ғы байқалса керек. Сондықтан, қазақтың ұлт, Қа­зақ­стан­ның егеменді ел ретінде өзін-өзі сақтап қалуы үшін үл­кен күш­пен бір­ге, дүниежүзінде кең етек алып келе жатқан әлем­дік ға­лам­дас­тық­қа бірлесе, әр саладағы тұтастығымызды сақ­тай отырып, әрі ұлт­­тық мемлекет мүддесінде қарсы тұрмаса болмайды. Яғни, біз қа­зақ ұлты үш үлкен алып күшті біріктірген (саяси-эко­но­ми­ка­лық, әлеуметтік-тұрмыстық, мемлекеттік-қоғамдық) мүд­де­де­гі ағыс­тар­дың бірін-бірі аңдыған, кейде ашық, кейде жасырын жүріп жатқан идеялар мен идеология­лары өтінде тұрмыз. ендеше, қазір бізге бір-бірімен тарихи-та­би­ғи процестің эво­лю­ция­лық жолымен байланысып, да­мы­ған, бір-бірімен кіріге сі­ңі­сіп кеткен Тәңірлік кейбір наным мен мұ­сыл­ман­дық ұс­та­ным-сенім арасына сына қағушылардың ша­ла­ға­лым­дық, ша­ла­та­рих­шы­лық, шаламәдениеттанушылық, ша­ла­із­де­ну­ші­лік­пен аран­дат­қан әрекеттеріне жол бермей, ұлт ретінде дініміз бен ді­лі­міз­ді тұтастықта ұстауымыз керек. болмаса, Тәңір – Алла, Жан – Рух, Әруақ – Әулие деген қасиетті ұғым­дар­дың бірін-бірі алмастыра-то­лық­ты­рып, бірі-бірімен астасып, үн­де­сіп кеткеніне қан­ша­ма заманалар өтті. Сосын, кітап пен каноны бар, әрі әлем­дік айналымдағы қасиетті дінді, арысы алланы, Құранды жоқ­қа шығару Құдайдан қорықпағандардың ғана қо­лы­нан келеді емес пе? Сондықтан, ұлт интеллигенциясы ұлт­қа жөн-жо­сық көр­се­тіп, жол бастаушы болмаса болмайды. Тағы да қай­та­лап айтамыз, біздің «кіші ғаламдастық» ресей-Еуразия идеясында қа­зақ­қа орын бар ма деуіміздің сыры да сонда. Біз үшін қауіптісі де сол. Әйтпесе, біз ешқандай да эко­но­ми­ка­лық, адам­дық, мәдени байланысқа қарсы емеспіз. Ол әр ұлт­тың өзін­дік ерекшелігі арқылы табиғи да тарихи-дәстүрлі процесте жү­руі тиіс. Осы жерде тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің «мемлекет ұлт­ты қалыптастырмайды, керісінше, ұлт мемлекетті қа­лып­тас­ты­ра­ды» деген пікірі орынды.
Еуразия қозғалысының ішкі құрылы­мымен сла­вя­но­фильм­дер­дің дәстүршілдігі үндесіп, негізгі бағыт-бағдарларын пра­во­славияға түзейді. Сосын, Ресейдің геогра­фиялық ерекшелігі де олар­дың назары­нан тыс қалмай, оның этникалық құрамы да ескеріледі. Сондықтан, оқиға өтіп жатқан кеңістік пен уақытта қа­зақ ұлтының саны мен сапасына, қазақстандықтардың құ­­ра­­мы­­на келгенде біздің еуразияшылдық идеяға өте сақ қа­ра­ға­ны­мыз жөн. Тағы бір ескеретін жайт, орыс философтары мен тарихшылары IX ғасырдан бастап бар табиғатымен өздерін Еур­азия­лық­тар­мыз деп есептеп, еуропалық скандинавтар мен азия­лық хазарлармен тығыз байланыста болып, X ғасырдан еур­азия­лық Византияның мұрагерлері санайды. Сондықтан, «на­ғыз еуразияшылдық» кімге бұйырады дегенге ойлана қа­ра­ған дұ­рыс. Еуразиядағы кіндік ұлт рөліне таласқан ормандай орыс тұр­ған­да, біз – қазаққа Еуразияда орын бар ма деп ой­ла­нуы­мыз­дың да сыры сонда.
P.S. Біз осы бір материалды газет бетіне дайындап жүрген кезімізде «Литератур­ная Россия» газетінің 2001 жылғы №20 са­нындағы «Дискуссия» айдарымен жа­­рия­ланған белгілі орыс сыншысы Ва­дим Деменьтевтің: «ЧТО ПЕРВИЧНО: евразия или РОССИЯ?» деген мақаласы қолымызға тиді. Міне, осының өзінен-ақ Еуразия идеясының Ресейде қан­дай талас-тартысқа түсіп жатқаны белгілі емес пе? автор ма­қа­ла­сын­да: «...абс­трактная Евразия включает в себя всех и вся, а напоследок, как довесок – Россию. Есть, дескать, географическая, геополитическая и этническая евразия. А я хочу спросить: «А где же Россия?». Отвечают: «россия – это часть Евразии». «Пусть будет часть, но я хочу жить в россии, а не в Евразии», – дейді. Сөйтіп, Ресей зия­лы­ла­ры­ның еуразия жайлы ой-пікірлері екіге бөлінген. Мұны айтып, кел­ті­ріп отыр­ға­ны­мыз, біз өзін «үшінші әлем» санайтын ресей саясаткерлері мен мемлекет-қоғам қай­рат­кер­ле­рі­нің пі­кір­ле­рін сарапқа сала, електен өткізіп, одан өзімізше қо­ры­тын­ды шығармасақ болмайды. Бізге ұлт ретінде, өзі әл­сі­ре­ген кезде қашан да жалпыхалықтық ұжым, яки ымырашыл-тұ­тас­тық арқылы түбі үстемшіл-жетекшілікке қол жеткізетін қи­тұр­қы саясат құрығына түсіп қалмау басты мақ­сат болуы керек.
«Қазақ әдебиеті».
15 маусым, 2001 жыл

363 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз