• Ұлттану
  • 29 Қаңтар, 2014

Дін және дәстүр

Құран Кәрімде: «О, Халық! Не нәрсені  де  талқыла, сонда сен шындыққа жетесің» деп көрсетеді  де, көзқарастар  қайшылығынан ақиқатқа  қолжеткіз\у  болатынын меңзейді. Ендеше, қазіргі кең етек  алған дін мен  дәстүр қарым-қатынасының  қандай  болуы керектігі мәселесі  уақыт  тудырған проблемалардың бірі.

Оған қоса ендігі  бір тұстардағы  айтылып жүрген тәңіршілдік ұстанымын алға  тартсақ,  онда мәселе  тіпті  күрделене  түседі. Тәңіршілдікке келсек, оны теориялық жағынан негіздейтін  кітап та, канон да  жоқ. Ол бар болғаны қазақтың  әдет-ғұрып, салт-дәстүр,  күнделікті  тыныс-тіршілігіндегі  қарым-қатынасқа  сіңісіп, мұсылмандықпен астасып   кеткен  наным-таным, айта берді сенім. Сондықтан, тәңірлік ұлттың «сәбилік»  шағының  белгісі.  Ол халқымыздың өткен  табиғи-тарихи  процессі. Оған еш қайта  орала  алмаймыз. Демек, бүгінгі келелі кеңесте  көтеріп  отырған  мәселеміз дін мен дәстүр қарым-қатынасының  қаншалықты болып, қандай деңгейде  дамуы  керектігі болса, ол ешкімді де таңқалдыра қоймас.  Дейтұрғанмен,  соңғы  уақыттағы  жат ағымдардың  кері  әсерінен  болар,  дәстүріміздің  дінге  қайшы тұстары көп  айтылып  жүр.  Дәстүрлі  дін мен  салт-санамыздың  ара  жігі  неге ажырап  бара  жатыр. Бұл  қоғамның   өзге  ағымдардың  әсерінен  арандауға  ұшырағаны  ма, әлде «дәстүрдің озығы бар,  тозығы  бар» демекші,  салт-дәстүріміз  иманға  қайшы болғаны  ма?   Осы  және  өзге де  дін мен дәстүрге  қатысты  мәселелерді  алға тартып,  келелі  кеңес ұйымдастарған едік.  Кеңеске  «Нұр-Мүбарак» университетінің  проректоры,  профессор  Шәмшәдин Керім,  ҚР Мәдениет  қайраткері,  жазушы  Құдияр Біләл, з.ғ.д., профессор Зайлағи Кенжалиев, философ Әбдірәшит Бәкірұлы, ҚР Білім  беру ісінің  құрметті  қызметкері  Жарылқасын  Боранбай,  ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD доктор, теолог Ершат Оңғаров  қатысып, дін мен  дәстүр  сабақтастығы төңірегінде  ойларын  ортаға  салған еді...

Келелі  кеңесіміздің толқы  нұсқасын 2014 жылдың №2 ақпан айындағы санынан оқи аласыздар... 

[gallery ids="2263,2264,2265,2266,2267,2268"]

444 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз