• Келелі кеңес
  • 12 Ақпан, 2014

Сықақшы Толымбек ӘЛІМБЕК-ҰЛЫНЫҢ әзіл-оспақ беті

ттӘЙЕЛ МЕН МАШИНА

Еркек үшін әйел мен машина
Ыстық және жақын,
Екеуі де өмір.
Бірақ әйел – қатын,
Ал, машина – темір.


Ұқсайтыны – еркек
Екеуін де аялайды,
Екеуін де бағалайды.
Машинасынан 
Ақшасын аямайды. 
Өйткені оны айдайды, 
Уақтылы күтіп,
Уақтылы майлайды.
Оның бір жақсы жері
Қайта-қайта ақша сұрап,
Алақанын жаймайды.
Ал, әйел алған бетінен таймайды,
жүйкеңе ойнайды.
Берген сайын тоймайды.
Машина күн демейді,
Түн демейді,
Ақша бермесең үндемейді,
Кей кезде сілейіп
Кідіріп, тұрып қалады.
Ондай кезде еркек ашуланып,
Теуіп қалады, ұрып қалады – 
Жауап жоқ, 
бар айыбы сынып қалады.
Ал, әйелді соқпай-ақ қой,
Жәй әшейін түртіп қал.
Жолыққандай күртік қар
Қар бораған бұзық қабағы,
Өткен-кеткенді тізіп, табады,
Сенің қан қысымың 
250-ге жеткенде ғана
Тыныш табады,
«Жедел жәрдем» әкеткен соң
Амалсыз аузын жабады.

Музыкасын ысқыртып, 
Асабасын пыстыртып, 
Тағы да бір Талтаңбай,
Ұлын жатыр піштіртіп...
Ханбибі Есенғараева, 
«Әдебиет айдыны», 
№49, 04.12.08
«ПІШТІРУ» МЕН 
«»ПЫСТЫРУ»
Ажыратар ән, биді, 
Ақын еді Ханбибі.
Мына сөзін оқып ап,
Қарап тұрып жан күйді.
Ауылданбыз, елденбіз,
Мал өсіріп көргенбіз.
Бұқа менен қошқарды, 
«Піштіргенін» көргенбіз.
Оқыған соң «...айдынды», 
Көңіл сәл-пәл қайғырды: 
Тамашалап тұрушы ек –
«Піштіргенде» айғырды.
Айтар болсақ шын бетке –
Дәстүрді біл – кұрметте! 
«Піштірмейді» баланы 
Отырғызap сүндетке!
Оны еркектер білеміз, 
Мәңгі ұмытпай жүреміз.
 «Піштіру» мен «пыстыру» – 
«Қандай сөз?» деп күлеміз.
Бөле-жармай бүтінді, 
Сөз айтқан жөн ұтымды. 
Білген дұрыс – «піштіру»,
Алып тастау тұқымды.
Қылмыс бар да – жаза бар, 
Осы ой бізді мазалар. 
«Піштіргенді» естіп aп, 
Өкпелеп жүр Қожалар!
Жазғанымыз жала емес, 
Жапқанымыз бәле емес. 
«Піштіретін» Ханбибі 
Еркек біткен мал емес!

ГИПЕРМАРКЕТ
«Тарлан» сыйлығыныңиегері 
ақын, драматург, сазгер Исраил САПАРБАЙҒА

Сұлулыққа бас иіп, 
құлдық ұрған,
Көңілдегі күдікті мұңды қуған.
Жүрген жері сезімнің айдын көлі – 
Ойын-сауық,
Кездесу,
Жырлы думан.
Өлең де бар,
ән де бар, драмасы:
Жиынтығы өнердің – құрамасы.
Поэзия дейтұғын ну орманның
Эротика – өзгеше бір ағашы.
Ғашық болып үйренген бала жаста-ақ,
Сұлу көрсе қиырға ала қашпақ.
Ну орманда өзгеше сол ағашты
Өлеңімен келеді жалаңаштап.
Әдебиетке бергені, алғаны бар,
Қанжығада сыйлығы – «Тарланы» бар.
Қол босында кетеді шар қуалап,
Бильярдтан да бәйге алу – арманы бар.
Қажымайды,
талмайды, 
шаршамайды.
Өмірді ол отты өлең, ән санайды.
Басы ауырар жыл сайын 
концерт қойып,
Әнге бөлеп тұрмаса Кең сарайды.
Оңға басып келетін ісі дәйім,
Жалықпайтын жазудан – күші дайын.
Бар дүние ішінен табылатын
Гипермаркет сияқты Исраил

ӘЙЕЛДЕР-АЙ, ӘЙЕЛДЕР
Халықты әкім билейді,
Әкімді қатын билейді.
***
Еркекті ақылы билемеген кезде қатыны билей­ді.
***
Көрікті әйел еркектің көр­кін ғана сыйламайды, бөркін сыйлайды.
***
Әйелдің ақылы мен ажары бір қазанға сыймайтын екі қошқардың басы сияқты.
***
Қатында қанағат болмайды,
Қарақшыда шапағат болмайды.
***
Сиырдың тілі – нәрлі,
Әйелдің тілі – зәрлі.
***
Ата-бабаларымыз ертеректе: «Әйелдің шашы – ұзын, ақылы – қысқа» деп қысқа тұжырым жасапты. Қазір шаш қысқарып – жота, етек қысқарып – сұм­дық, көйлек қысқарып – кіндік көрініп жүр. Бұны әйелдердің ақылының «ұзар­ғаны», еркектердің ұят­тан беті қызарғаны деп түсіну керек.
***
Әдетте әйелдерімізді жар­­­ты­мыз дейміз. Жарты­мыз болған соң ол – жар­тым­­сыз, егер бүтініміз де­сек, түтініміз ылғи да тү­зу ұшар ма еді?...
***
Жеуге болмzzzzzаса да – 
май жақсы
Үйге қонбаса да – 
бай жақсы.
«Есектің жүгі жеңілдеген сайын жатаған болады» – қатынның жүгі жеңілдеген сайын «атаман» болады.

 

 

1857 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз