• Заманхат
  • 28 Қараша, 2011

Тәуелсіздік шежіресі

1991 жыл 16 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңына қол қойды. 17 желтоқсан – Алматыдағы Орталық алаңда ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митингі болып өтті. 20 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Әзірбайжанның, Арменияның, Грузияның, Бело­русьтің, Ресейдің,Тәжікстанның, Түркменстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Украинаның, Эстонияның, Латвияның, Литваның мемлекеттік тәуел­сіздігін тану туралы жарлыққа қол қойды. 21 желтоқсан – Алматыда ҚР Президентінің Резиденциясында бұрынғы КСРО-ның құрамына енген 11 тәуелсіз мемлекет басшылырының келіс­сөздері басталды. Осылайша жаңа саяси құрылым ТМД дүниеге келді. 23 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Полестинаны азат ету ұйымы Атқару комитетінің төрағасы Ясир Арафатты қабылдады. 24 желтоқсан – Республикалық баспасөзде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ТМД басшыларының Алматыдағы кездесуінде сөйлеген сөзі жарияланды. 31 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жаңа жылдық құттықтау сөзін арнады. Мерекелер мен атаулы күндер 1-2          – Жаңа жыл мерекесі. 1     – Бейбітшілік күні. Рим Папасы Павел Үl жариялаған. 1969 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы  аталмыш мерекені ресми жариялады. 7        – Христиандардың Рождество мерекесі. 15    – Діндердің дүниежүзілік  күні БҰҰ-ның бастамасымен 1950 жылдан бастап, қаңтардың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. 21      – Достық құшақтың халықаралық күні. Бұл жаңа мерекенің дәстүрі бойынша танымайтын адамды да достық құшағына алуға болады. Мереке батыс еуропалық студент жастардан бастау алады. 26            – Кеденшілердің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі. 27            – Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні. 1945 жылы қаңтардың 27-де Освенцим концлагері тұтқындары азат етілген бұл күнді бірқатар елдер атап өтеді. 28            – Ядролық қаруға қарсы жұмылудың халықаралық күні. 1985 жылы Дели декларация­сы негізінде атап өтіледі. 01 – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жағда Өгізбаевтың туғанына 100 жыл (1912-1962).      – Қазақтың тұңғыш инженер-шахтері Матен Рахымбектің туғанына 100 жыл (1912-2006).      – КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова 90 жаста (1922-2011).      – КСРО Халық әртісі Шолпан Жандарбекованың туғанына 90 жыл (1922-2005).      – Қахақстанның халық әртісі Байғали Досымжановтың туғанына 90 жыл (1922-1998).      – Химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Гауһар Закунбаева 80 жаста.     – Ақын Марат Ысқақовтың туғанына 80 жыл (1932-2004).     – Техника ғылымының докторы, ҰҒА-ның академигі Әбдіғапар Әшімов 75 жаста. 02 – Жазушы Тұтқабай Иманбековтың туғанына 75 жыл (1937-1995).      – Халық әртісі Сара Тыныштығұлова 70 жаста. 05 – Қазақстан ҰҒА-ның академигі Шауқат Алтаев 85 жаста.      – Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжан 75 жаста. 06 – Химия ғылымының докторы, ҰҒА-ның академигі  Надыр Надыров 80 жаста. 08 – Журналшы, жазушы Мұхамеджан Сералиннің туғанына 140 жыл (1872-1929).      – Халық әртісі, күйші Қали Жантілеуовтің туғанына 110 жыл (1912-1970).      – Жазушы Тілеуғазы Бейсембеков 70 жаста 10 – Белгілі қазақ жазушысы Қосжан Мүсі­реповтың туғанына 80 жыл (1932-1967). 12 – Аса көрнікті саясат және мемлекет қай­раткері. үш мәрте Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 100 жыл (1912-1993).       – Жазушы Саттар Сейітхазиннің туғанына 85 жыл (1927-1999). 14 – Химия ғылымының докторы Лариса Бимендина 70 жаста. 15 – Кеңес Одағының Батыры Төле Кенжебаевтың туғанына 110 жыл      – Астроном ғалым Хасен Әбішевтің туғанына 110 жыл (1902-1981).      – Жазушы Естай Мырзахметов 85 жаста.      – Жазушы Рахмет Өтесінов 85 жаста.      – Ақын, журналист Боранғали Ырзабаев 80 жаста. 17 – Жазушы Энгельс Ғаббасов 75 жаста. 18 – Ақын Тілепалды Жамбыловтың туғанына 70 жыл (1942-2011). 21 – Қазақстан ҰҒА-ның академигі Мая Шығаева 85 жаста.      – Жазушы Зәкір Асабаев 75 жаста. 22 – Кенші, қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов 80 жаста. 24 – Халық әртісі Әтейбек Жолымбетовтың туғанына 100 жыл (1912-1994). Оқиғалар 03 – Бұдан 50 жыл бұрын (1962 ж.) Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты Сарыбай руднигінің екінші кезегі пайдалануға берілді. 05 – Бұдан 70 жыл бұрын (1942 ж.) Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» спектаклі алғаш рет сахнаға шықты. 07 –  Бұдан 105 жыл бұрын /1907/  Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі  екендігі» атты кітаптары басылып шықты. 14 – Бұдан 55 жыл бұрын (1957 ж.) Қазақ КСР-ы Ленин орденімен марапатталды. 16 – Бұдан 75 жыл бұрын (1937 ж.) Е. Г. Брусиловскийдің «Ер Тарғын» операсы алғаш рет сахнаға қойылды. 23 – Бұдан 205 жыл бұрын баспа тәсілімен қазақ тіліндегі тұңғыш кітап – «Сейфіл-Мәлік дастаны басылып шықты. 29 – Бұдан 60 жыл бұрын (1952 ж.) Текелі қала атанды.

132 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

AQIQAT №3

16 Наурыз, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының Бас редакторы